Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Самолет екі-үш айналып ұшты да, парашют жіпте- рін тексеріп самолеттің есігін ашып жіберді. Сол кезде



бет128/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   395
Jau tilinda 2

Самолет екі-үш айналып ұшты да, парашют жіпте-
рін тексеріп самолеттің есігін ашып жіберді. Сол кезде

6—780




самолеттің ішіне дымқыл жел келіп, парашютистер бі- рінен соң бірі самолет экипажымен қоштасып, «Үлкен жерге бізден сәлем!)- дегендей белгі беріп, самолеттен секіре бастады. Ең соңында мен секірдім. Парашютім ашылып желге ту сыртымды беріп отырғанымда ешбір дыбыссыз бір жерде асылып тұрған сияқты болдым. Әр жерде ағарған парашют көрінеді. Бірі төмен, бірі жоғары, бірі оң жақта, бірі сол жақта асылып тұрған сияқты. Солардың ішінде жорамалдағаным: ең төмен- гісі Милентенков болуы керек, өйткені ол денелі жігіт еді, ал менің дәл төбемдегі ағараңдаған екі парашют- тің бірі — құрама командирі, екіншісі — радистка Зи- на деген қыз ғой деп жорамалдадым, өйткені екеуі де кішкене, шағын денелі, жүктері жеңіл еді. Ол екеуін сол сәтте-ақ жел ығыстырып менен алыстата бас- тады.
Өзімді-өзім тексеріп қарасам, басымдағы фураж- кам, белімдегі гранаттарым жоқ болып шықты. Сөйт- кенше болмады аспан тыныштығы бұзылып, орманның зуылы сияқты дыбыс пайда болды. Әйтеуір түсетін же- рім жер ғой деп төмен қарай бердім. Бір кезде қарай- ған қалың орманға түсіп келе жатқанымды сездім де, тіземді бүгіңкіреп, аяғымның ұшын бірдей ұстап да- йындала бердім.
Көзді ашып-жұмғанша зу етіп жерге түстім. Түскен жерім кішкентай алаң екен. Тез парашютімді жина- дым да, жан-жағыма табысу белгісін бере бастадым. Ешбір жауап ала алмадым. Тек бір жерден шала-жан- сар ғана белгі береді. Парашютімді тез тығып, сол бел- гі берілген жаққа автоматымды әзір ұстап жүріп кеттім.
Келсем, Митя деген партизан екен. Оң аяғын аздап жаралап алып, тұра алмай отыр екен.
Түн көзге тұртсе көргісіз қараңғы. Екеуміз таулы орманға түскенімізді білген соң, таңның атуын күттік. Бірақ оң жағымыздан Тканконың ракеті атыла баста- ган соң шыдап отыра алмай, солай қарай жүрдік. Таң ата небары жеті-ақ адам жиналдық. Міне, сегізінші адам — радистка Зина: зәулім, жуан, бұтақсыз сары қарағайға асылып тұр. Асылғанына төрт-бес сағат бол- ған Зина төменгі лямкелерін қиып жіберіп түспек бол- ған, бірақ жоғарғы лямкесіне асылып қалыпты, даусы қырылдап шығады, халі нашар сияқты. Төңірекке




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет