Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы



бет10/13
Дата03.01.2022
өлшемі263.5 Kb.
#450863
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
М.Мағауин

Екі тізесін астына бүгіп отырған. Ай-Шешек орнынан жеңіл тұрып төрге қарай басты.

Былқ-сылқ еткен екі батырды екі жағынан екі адам қолтықтай көтеріп апарып, екі атқа әрең мінгізді.

Қадір – құрметтеріңе мың да бір алғыс, төрлетіңдер,- деді сұлтан. Міне! – деді сосын Ораз-Мұхамедке бұрыла бере, төрге қарай тәжім ете қол созып.

Төр – қазақ салтында аса құрметті проксемикалық лакуна. Бұл – ең сыйлы орын. Де

мек, “төрдің” әлеуметтік, ұлттық, саяси мәні бар. Қазақ дәстүрінде қонақты, сыйлы адамды төрге отырғызу салты атадан балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүрлеріміздің бірі. Қазақ қоғамында төрге байланысты белгілі бір этикеттік нормалар қалыптасқан. Халық салтында қақ төрге бас қонақ отырады. Дәрежесі мен атағына, жасына қарай қалған қонақтар бас қонақтың оңы мен солынан орын алады. Қонақ үстіне қонақ келсе жасы кіші қонақ жасы үлкеніне ығысып орын береді. “Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі” сонан қалған дәстүр. Отағасы қонақтан төмен отырады. Қазақ халқында “төр” ұғымымен қатар “босаға” ұғымы да бар. Босаға – есіктің кіре беріс жері. Төрдің төрінен оң жақ қол жақты – оң босаға десе, сол жақты – сол босаға деп атаған. Төрге жасы үлкен, құрметті адам отыратын болса, босағаға жасы, жолы кіші немесе сол үйдің балалары мен келіндері отырады.

Үй иесі әйел келген қонаққа сусынды немесе шайды қос қолдап немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың білегіне тигізіп, еңкейіп ұсынады. Бұл қонаққа деген ыстық ықыластың бір түрі. Қазақ халқында сусын мен шайға тойған кезде кесенің бетін алақанымен жабуы немесе кесені төңкеріп қоюуы да жиі ұшырасады. Осы бейвербалды амалдармен синонимдес кинеманың бірі – дастарханның шетін қайырып қою. Бұл кинема да шайың мен сусыныңа тойдым деген мағынаны бере отырып, жергілікті ерекшеліктерге байлынысты қолдынылып отырады. Жазушы өз шығармаларында “кесені төңкеріп қою” кинемасын жиі пайдаланған. Бұл кинема туралы М.Мұқанов былай дейді: “Кесені төңкеріп қою – это сигнал тому, кто наливает чай, что данный человек кончил пить” [15,112]

Көлденең ешкім жоқ, бектердің ішіндегі жасы кішісі сыптай сүйік ожаумен соза сапырып, күміс кеселерге толтыра-толтыра құйды.

Кедейдің қымызы – деді Бесоба, бөгелместен басына төңкеріп алған кесені қайырып беріп жатты.

Тас табақта, қабара қызарған шоқ үстінде тұрған күміс құшанды алып, жасыл өрнекті кішкене кесеге толтырып құйды.

Қонақты аттандырарда үй иесі әйел есік ашады. Отағасы қонақты сол қолтығынан демеп өзі аттандырады. Міне, осындай кинемалардың барлығы – ізет пен құрметтің белгісі.

- Тәңірі берекет берсін!- деді қолбасы да тағзым етіп. Осыдан соң, Ораз-Мұхамедті ағайын адамдай қолтықтап, алға бастаған.

Қонақты күле қарсы алу, аттан түсіру, төрге отырғызып, шынтағына жастық төсеу, сусынды қос қолдап ұсыну, кетерде қолтығынан демеп аттандыру – барлығы сый-құрмет бейвербалды амалдары болып табылады. Міне, осындай бейвербалды амалдар арқылы О.Бөкеев “қонақ десе ішер асын жерге қояр” қазақтың жайдары да қонақжай мінезін даралай түседі.

Қазақ халқы ертеден-ақ адам арқауы – асты ерекше қастерлеген. Қазақ үйінде қонақасылық еті бола тұса да, құрметті қонағына арнап мал сойған. Қазақ салтында қойдың басын көбіне, қадірлі қонаққа, беделді ақсақалдарға тартады. Қазақ дәстүрінде табақ тартылардан бұрын “бастың жолын ашу” деп, кеңсірік үстінен ұзыннан және көлденеңнен сара тіліп қою шарт. “Бастың жолын ашу” қонаққа – ұзынынан түскені сіздің жол, көлденеңінен түскені біздің жол” деген мағынаны білдіреді. Бас тартылған қонақ оның тұмсығын өзіне қарата ұстап алдымен “Меккенің қасиетті топырағын иіскеген” деп тұмсығының ұшынан бармақтай етіп кесіп алып, отқа тастауы керек. Басты басқа мүшелерімен бірге немесе бөлек ыдысқа салып, тұмсығы тартылатын адамға қаратылып қойылады. Бұдан кейін бастың оң жақ езуінен бастап кесіп, бірінші өзі жеп, содан кейін басқа қонақтарға бір-бір кесек ауыз тигізген соң, құлағын кесіп алып сол үйдің кенже ұлына немесе балаларының біріне береді. Одан әрі бір көзін алып өзі жесе, екінші көзін үй иесіне ұсынған. Оның мағынасы “әрқашанда бір-бірімізді көріп жүрейік, көзінің нұры солмасын” дегенді меңзейді. Енді қойдың таңдайын алып, үйдегі қыз бала мен келіннің алақанына үш рет ұрып береді. Мұның мағынасы “сөздің құдіретін білетін шешен бол, елдің қамын ойлар, елдің сөзін айтар ділмар бол!” дегенді білдіреді. Қазақтың ырымында әкесі тірі балаға бас жесең “әкең өледі” деп бас бермейді. Белгілі ғалым, психолог М.Мұқанов өзінің еңбегінде қазақ халқында бас тарту – үлкен құрмет, ілтипат белгісін беретін амал болып табылатынын айтып кетеді. Ғалымның өз сөзімен келтірсек: “Бас беру – способ почитания во время еды самого старшего из присутствующих людей путем вручения ему головы барана. Подача головы барана кому-то во время еды считается у казахов знаком большого почетания [15,111]. Қонаққа қойдың басын тісін қақпай ұсыну қазақ этномәдени ұжымының өзінде екі түрлі қабылданады. Қойдың басын тісімен ұсыну тұтастық пен берекенің белгісі болып табылса, енді бірде оған қарама-қарсы мағынадағы үй иесінің қонаққа деген көңілінде назы, өкпесі бар екенінің белгісі ретінде түсіндіріледі.


Қазақ халқының мәдени өмір салтында әлі де сақталып келе жатқан дәстүр – арыздасу немесе бақұлдасу. Адам өлім халіне жеткен кезде туған-туыс, ағайын-жекжат жанына келіп, қоштасып, соңғы айтар сөзін тыңдайды. Бір-бірінен кешірім сұрайды. Сонымен қатар қарым-қатынастың вербалды түрімен бірге бейвербалды амалдар кеңінен қолданылады. Мысалы, қолынан ұстау, бетінен сүю, құшақтасу, маңдайынан иіскеу т.б.

Теңселіп аз тұрды да, әп-сәтте созыла ұзарып, он жасар баладай ересек тартқан өңінде бақиға арқалай кеткен азап таңбасы ғана бар, тыныш ұйқтап жатқан сүйініштің аяғын құшып, еңіреп жылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет