Лкция №1 1 Химия пәні


F. +F:=:F:F: немесе F+F=F2



бет10/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Лекция об хим

:F. +F:=:F:F: немесе F+F=F2
Сонымен фтор молекуласының әрбір атомының сыртқы деңгейінде аяқталған 8 электроны бар қабат түзіледі, оның екі электроны екі атомға да ортақ болады. Молекуладағы атомдар бір жұп электрон арқылы байланысса оны дара байланыс дейді. Фтор молекуласы дара байланыс арқылы түзілген. Оттек молекуласын түзуге оның әр атомы екі дара электроннан жұмсайды. Сондықтан оттек молекуласындағы атомдардың арасында екі қос электрондық химиялық байланыс түзіледі
Ö. =Ö: :Ö немесе O+О=O2
Мұндай екі жұп электроннан тұратын химиялық байланысты қос байланыс деп атайды. Азот молекуласы түзілу үшін оның әрбір атомы үш дара электроннан жұмсайды. Сөйтіп азот молекуласындағы атомдардың арасында үш жұп электроннан тұратын химиялық байланыс түзіледі. Үш жұп электроннан тұратын байланысты үш байланыс дейді.
:N +N: =:N :: N: немесе N+N=N2
Молекулалардағы байланыстардың саны артқан сайын олардың беріктігі де артады. Фтор мен оттек молекулаларына қарағанда азот молекуласының беріктігі артық болуға тиіс. Екі атомнан бірдей қашықтықта орналасқан қос электрондар арқылы түзілген химиялық байланысты ковалентті немесе атомдық байланыс дейді, ал осындай байланыс арқылы түзілген молекулаларды ковалентті немесе атомдық (полюссіз) молекулалар дейді.Сутек (H2), оттек (O2), азот (N2), хлор (Cl2) молекулаларындағы атомдар арасындағы байланыс ковалентті немесе атомдық байланысқа, ал осы молекулалар ковалентті немесе атомдық молекулаларға жатады.
Ковалентті молекулалардың қайнау және балқу температуралары төмен болады және суда еріткенде иондарға ыдырамайды. Полюсті ковалентті байланыс. Әр түрлі элементтердің атомдары өзара әрекеттескенде олардың арасында да қос электрондық байланыс түзіледі. Бірақ бұл жағдайда қос электрон екі атомнан бірдей қашықтықта орналаспайды. Молекуладағы қай атомның электртерістігі басым болса, қос электрон сол атомға жақын орналасады. Мысал ретінде фторсутек молекуласының түзілу реакциясын келтіруге болады. Молекула түзу үшін сутек пен фтор атомдары бір-бір дара электрондарын жұмсап, олардың арасында қос электрондық байланыс түзіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет