Лкция №1 1 Химия пәні


Тотығу-тотыксыздану реакцияларынын тендеулерiн куру жөнiндегi жалпы түсініктер



бет22/24
Дата25.01.2023
өлшемі1.12 Mb.
#468762
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Лекция об хим

Тотығу-тотыксыздану реакцияларынын тендеулерiн куру жөнiндегi жалпы түсініктер
Тотығу-тотықсыздану реакциясынығ тендеуiн кұру үшiн тотықсыздандырғыш пен тотықтырғышты және олардың беретін және қосып алатын электрондарының сандарын аныктау керек. Тотықсыздандырғыштың беретiн және тотықтырғыштың КО- сып алатын электрондарының саны олардың реакцияға дейiнгi және реакциядан кейiнгi тотығу дәрежелерiнiң өзгеруi арқылы анықталады. Тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштын коэффициенттерін табу үшін мына ереже колданылады: тотыксыздандырғыштың беретін электрондарының жалпы саны тотықтырғыштың қосып алатын электрондарының жалпы санына тең. Басқаша айтканда, тотықсыздандырғыштың атомдары немесе иондары канша электрон берсе тотықтырғыштың атомдары немесе иондары да сонша электрон қосып алуы керек.Т отығу-тотықсыздану реакцияларының тендеулерiн кұруда реакция жүретін ортаның (кышкылдық, негiздiк немесе нейтрал) процестiн бағытына, жылдамдығына және тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыштың тотығу дəрежелерiнiң өзгеруiне әсер ететiнін есте сақтау керек. қышкылдық орта жасау үшiн көбiнесе сұйытылған күкiрт қышқылын, ал негiздiк орта жасау үшiн калий немесе натрий гидроксидтерiн қолданады.Тотығу-тотыксыздану реакциясы кезiнде қатысқан заттардан оттек ионы (O2-) бөлінсе, ол қышқылдық ортада сутекпен әрекеттесiп су түзедi, ал сiлтiлiк және нейтрал орталарда гидроксид иондарын түзедi.
O2-+2H+ =H₂O
O2-+HOH=2OH-
Егер реакция нәтижесінде шыққан заттарға қарағанда реакцияға қатысатын заттардың құрамындағы оттек саны аз болса, онда жетпейтiн оттек қышкылдық және нейтрал ортада судың, ал сілтілік ортада гидроксид иондарының есебiнен алынады. Реакция нәтижесінде қышқылдық немесе нейтрал ортада түзілген металл иондары қышқыл қалдықтарымен қосылып тұздар түзеді. Реакция нәтижесінде ерімейтін негiздер түзетiн металл иондары пайда болса, олар сiлтiлiк ортада гидроксид иондарымен әрекеттесіп сәйкес негіздер түзеді.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының аякталғанын тұнба түсуден, газ бөлінуінен немесе ерітіндінің түсі өзгеруінен білуге болады, мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет