Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар


Оқушыларға халық педагогикасы негізінде этноэкологиялық тәрбие беру бағдарламасы



бет4/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#133927
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оқушыларға халық педагогикасы негізінде этноэкологиялық тәрбие беру бағдарламасы
Оқушыларға халық педагогикасы негізінде этноэкологиялық тәрбие беру барысында, алдымен жалпы іс-әрекеттердің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын ғылыми-әдістемелік Тұжырымдаманың қажет екенін, осы мәселе бойынша зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері дәлелдейді. Жас ұрпаққа этноэкологиялық тәрбие беруде зиялы қауым өкілдерінің педагогикалық мұраларын пайдалану аса қажет.

Біз қарастырып отырған аталмыш мәселелерге арналған еңбектерінде этноэкологиялық тәлім-тәрбиеге қатысы бар көптеген тақырыптар мен тәлімдік ұстанымдар бар екендігіне көз жеткіздік. Аталмыш мұраларды және кейінгі жылдары мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына ендіріліп жатқан экологиялық тәлім-тәрбиелік үлгілер мен тәжірибелерді - бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде одан ары дамыта отырып қолдану қажет деп санаймыз.



Негізгі міндеттер мен мақсаттар:

- Оқушыларға этноэкология ұғымы туралы толық мағлұматтар беру:

- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде жинақталған озық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер қағидаларына негізделу:

- Қазақ ойшылдары мен зиялы қауым өкілдерінің шығармалары негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәлім-тәрбие беру;



  • Оқушыларға кешенді тұрғыда этноэкологиялық тәлім-тәрбие берудің оңтайлы әдістемелік-педагогикалық жолын іздестіру;

  • Мектептегі оқушылар ұжымында этноэкологиялық тәрбие мәселесіне байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;

  • Мектеп оқушыларының “Заман-ай” экологиялық клубын құру;

Негізгі дерек көздері:

- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ Конвенциялары, халықаралық заң құжаттары мен ҚР Заңдары;

- Ғылыми экология жөніндегі іргелі зерттеулер;

- Экологиялық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының құжаттары мен әдістемелік нұсқаулары;

- Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру жөніндегі жинақталған озық тәжірибелер;

- Экологиялық мониторинг, кадастр және статистикалық мәліметтер жинағы;

Экология тақырыбына байланысты өткен ғылыми-практикалық конференция материалдары;

Этноэкология туралы түсінік

Этноэкология - әр халықтың, этностың, ұлыс пен тайпаның қоршаған ортаның табиғатын, жер қойнауы мен бедерін, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесін, гидросферасын, ауа қабаты мен

биосферасын тану мен зерделеудегі мынғасырлық тәжірибелерінің жиынтығы.

Этноэкологиялық білім мен тәрбие - халықтың табиғатты қорғау жөніндегі тәлім-тәрбиелік дәстүрлері болмақ. Этноэкология - ғылыми һәм қолданбалы экология саласының бір бөлігі ретінде, өзінің негізгі қағидаларын аталмыш сала негіздеріне сүйене отырып айқындайды.

Этноэкологияның негізгі қарастыратын мәселелері:

- әлемдегі глобальдік экологиялық проблемаларды этностар тұрғысынан тану мәдениетінің жаңа әрекеттерін айқындау болмақ;

- Экология ғылымы атап көрсеткен қағидаларға сүйене отырып, әр ұлттың табиғи болмыстарының ерекшеліктері негізінде этноэкологиялық білім мен тәрбие концепциясын жасау;

- Болашақта этноэкология курсы негізінде оқушыларға дәріс беру , білім беру, ғылыми конференциялар өткізу және зерттеулер жүргізу, мектеп оқушыларының ғылыми сайыстарына қатысу;



Этноэкология тарихы

- Жұмыр жер жаратылысы. 15 млрд. жыл бұрынғы Ғарыш әлемі мен кеңістігіндегі Ұлы Жарылыс. Аса ірі беймәлім химиялық - астрофизикалық қоспа заттардың жиынтықталуы. Әлемдік экологиялық геохронология. Күн системасының қалыптасуы және Жер планетасында атмосфералық қабаттың пайда болуы туралы геоболжамнама. Ұлы мұхит және кішкентай құрлық тарихы.

- Жертану негіздері. Жердің геохронологиялық таблицасы: Архей, Протерозой, Докембрий тау жыныстары. Палеозой эрасындағы девон, карбон, силур, ордовик, кембрий дәуірлеріндегі экологиялық жағдайлар.

- Мезозой эрасындағы бор, триас һәм юра дәуірлеріндегі табиғат көріністері. Кайназой эрасындағы палеоген, неоген, һәм антропоген дәуірлеріндегі қоршаған ортадағы құбылыстар.



  • Магмалар атқылаулары мен жер плиталарының қақтығысы, жер бедерінің өзгеруі. Жаңа табиғат флорасы мен фаунасының қалыптасуы, жануарлар дүниесі жане басқа табиғат пен ғарыш әсерлерінен болған экологиялық факторлар.

-Антропоген дәуірінің көне тарихы мен әлеуметтік- географиялық жағдайлары. Жер ландшафтысындағы өзгерістер.

- Әлемдік мұздық катастрофа және климаттық өзгерістер. Зооморфтық, териоморфтық һәм фитоморфтық экологиялық проблемалар.

Палеоантропоген, мезоантропоген һәм неоантропоген дәуірлеріндегі экологиялық факторлар.

- Этноэкология негіздері. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңдеріндегі этноэкологиялық көріністер. Экологиялық сананың мифологиядағы, дінтану фәлсафасындағы және табиғат пен тұрмыстағы көріністері.

- Ұлы дала этностарындағы этноэкологиялық көріністер.


  • Діни-мифилогиялық, тотемдік һәм табиғи күштерге сену мен таңданудан туындаған экологиялық таным һәм дәстүрлер .

- Евразия даласындағы номадтар цивилизациясының өкілдері: көнеарий тайпалары, сақ-скифтер мен ғұн ұлыстары дәуірлеріндегі адам мен табиғат байланыстары. Шығыстан батысқа қарай Ұлы қоныс аудару кезеңдеріндегі-Ұлы даладағы климаттық, тектоникалық һәм саяси-географиялық жағдай.

Ауа райының өзгеруі, жер сілкіну салдарынан жер асты суларының тартылып қалуы, өзендердің құрғауы және жануарлар дүниесінің тұрақсыздануынан пайда болған экологиялық факторлар.

Тайпалар арасындағы соғыстардың саяси-географиялық мәселелері.

- Әлемдік діндердің Евразия даласындағы таралуы және діни ұғымдардағы табиғат пен жертану мәселелеріне арналған теофилософиялық әфсаналар.

- Ұлы Түркі Қағанаты империясы дәуірлеріндегі саяси-географиялық жағдайлар. Климаттық-тектоникалық және гидросфералық өзгерістер. Ұлы Жібек Жолының дамуы және оның географиялық маршрутының картасы мен шартты белгілері.

- Араб Халифаты мен Түркі Қағанаты мемлекеттерінің территориясы. Ұлы араб-түркі ғүламаларының: Әл Фараби, Бируни, Хорезми, Әл Идриси, ибн Халдун, Ат-Табари, ибн Рузбихан, Ал Казвини және басқа ғұламалардың жер һәм табиғаттану заңдылықтарына арналған ғылыми еңбектері.

Дешті Қыпшақ, Хорезмшаһ, Түркеш, Қарахан, Үйсін, Қаңлы, Найман, Ұйғыр, Адай, Меркіт, Таңғұт, Табғаш, Қарлұқ - Қағанаттары дәуірлеріндегі тарихи-географиялық ахуалдар.

Шағатай жазба мәдениетіндегі экологиялық тақырыптар. “Чор Китаб” “Қабус-нама” әдеби мұралары. Тұран картасы және шартты белгілер. М.Қашқари мен Әл Идриси карталары.

- Шыңғыс Хан, Алтын Орда, Ақсақ Темір империясы кезеңдеріндегі саяси-географиялық жағдайлар. Әлемнің саяси картасының өзгеруі қарсаңындағы тарихи-экологиялық мағлұматтар. “Шыңғыс-нама”, Ясса”, “Бабыр-нама” “Жәмиғат тауарих” Кітаптарындағы географиялық деректер.

- Ұлы Қазақ Хандығы дәуіріндегі саяси-географиялық жағдайлар. Қазақ Хандығы мемлекетінің географиялық орны, халқы, саяси картасы. Жер бедеріндегі тектоникалық - климаттық және гидросфералық табиғат көріністері.

- Ұлттық мұралар: мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, жыраулар поэзиясы, нақылдар, өсиеттер, аңыз-жырлар, тарихи-әдеби жазба ескерткіштердегі этноэкологиялық мағлұматтар.

Қазақ халқының қоршаған орта мен табиғатты тану, зерттеу мен зерделеудегі ғасырлық тәжірибелері мен ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлері.

“Жеті Жарғы” Заңындағы жер және оны қорғау мәселесі. Ұлы данышпандар: Асанқайғы, Қазтуған, Кетбұға, Бұхар, Төле, Қазыбек, Әйтеке, әз Тәуке, салқам Жәнгір, Абылай және басқа ғұламалар мұралары.

Ресей империясының отаршылдық саясаты кезеңдеріндегі қазақ халқының этноэкологиялық танымдық-тәлімдік мұралары. Абай шығармаларындағы табиғат лирикасы.

Ш.Уәлихановтың ғылыми-географиялық еңбектері мен сурет деректері. Шоқан картасы.

Ы. Алтынсариннің этнопедагогикалық мұрасы. Құрманғазы күйлеріндегі табиғат пен адам болмыстарының үйлесімділігі.

Батыс һәм орыс ғалымдарының қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін және жер бедерін, қазба байлықтарын, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесін зерттеген көлемді еңбектері. Патшалы Ресей тұсындағы Ремезов картасы.

“Алаш Орда” үкіметтің Ұлттық Декретіндегі: жер мен ұлт мәселесі.

СССР империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-географиялық жағдайы және экологиялық мәдениеті.

Қазақ зиялары және олардың күресі. Ұлттық мәдениет, сана һәм ғылым мен білім мәселелері. Қазақстанның территориясы мен экономикалық географиясы. Экономикалық даму кезеңдеріндегі қоғамдық құрылыс мәселелері.

Ірі кәсіпорындарының салынуы. Тың игеру саясаты және экология. Гидрологиялық құрылыс және оның антропогендік һәм техногендік факторлары. Атмосфера және гидросфера қабаттарын ластайтын құрылыс объектілерінің салынуы.

Байқоңыр Ғарыш айлағындағы экологиялық ахуал. Семей ядролық атом қаруын сынау полигонының салынуы және оның қоршаған ортаға тигізген қасіреттері.

Семей-Невада қозғаласы. Арал, Балхаш қасіреті. Батыс Қазақстандағы ядролық полигон айлақтары. Экологиялық қауіпсіздік және заң мәселелері. Каспий теңізі бойындағы экологиялық проблемалар.

Тәуелсіз Қазақ Елі және оның геосаясаты. Қазақ топырағындағы пайдалы қазбаларды игеру және оның зардаптары. Глобальді әлемдік экологиялық апаттар аймағы.

Құмды һәм шөлді аймақтар мен орман мәселелері. Экологиялық заң жүйесі және оны қолдану мен бақылау. Демография, этномиграция және экономикалық реформалар.

Қала және адам экологиясы. Этноэкологиялық ғылыми-зерттеу, білім һәм тәрбие мәселесі. Топономикалық жер-су атаулары.

Экономикалық аудандастыру. Ірі кәсіпорындар, қорықтар, аса маңызды арнайы территориялар, өзен және ондағы экологиялық қауіпсіздік мәселелері. Этноэкологиялық білім, тәрбие, сана, мәдениет, психология, таным және әрекет мәселелері
Этноэкологиялық білім мен тәрбиенің оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылуының жүйесі

(5-8 сыныптар бойынша)




Сыныптар


Атқарылатын жұмыстар

Жауапты

адамдар


5-сынып

Географиялық атаулар: өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер және таулар. Экологиялық өлең-тақпақтар. Аңыздар мен ертегілер. Ақын-жыраулар шығармаларындағы экологиялық тақпақтар. Жұмбақтар. Экологиялық жер, су, жұлдыз атаулары мен табиғат құбылыстары /ауа райы, найзағай, температура, жауын-шашын т.б./ Дала өсімдектері тақырыбына арналған тәрбие сағаты. Хайуанаттар түрлері мен атаулары туралы тәрбие сағаттары. Жегілікті жерлердегі ірі кәсіпорындарға экосаяхат жасау. Тарихи және ерекше маңызы бар мекендер мен табиғат аясына жорық.

Жер туралы түсінік. Жер бетіндегі тіршілік көріністері. Аспан және бұлттар көші. Жел және оның бағыттары. Өсімдіктер дүниесі. Ағаштар және оның түрлері. Этноэкология тақырыптарына арналған өлең-тақпақтар. Ауа райы туралы қысқаша түсінік. Күннің жылы, суық, ыстық және аязды болу себептері. Ауыл өмірі және табиғаты. Үй жануарлары. Үй жануарларының атын атау және ажырату. Адам және денсаулық. Қоршаған орта және халық. Адамдар әрекеті және қызметтері. Ата, әже, аға-іні, туған-туыс һәм ата- ана дәстүрлері. Ата-баба өсиеттері. Төрт түлік туралы қысқаша түсінік. Мал төлдерін шақыру. Мал төлдерін шақыру дәстүрлеріне арналған өлең-тақпақтар. Мал төлдерін ажырату және ат қою. Қоршаған ортадағы құстар дүниесі. Құстардың атаулары. Халық шығармаларындағы құстарды қорғау тақырыптары. Туған жер тақырыбы. Жергілікті жерлердегі табиғат құбылыстары.


Оқушылар Кеңесі

Сынып жетекшілері

Пән мұғалімдері


6-сынып

Жергілікті жерлердегі жер –су атаулары. Табиғатты қорғау жөніндегі отбасы дәстүрлері. Әулет этноэкологиясы. Адам экологиясы және салауытты өмір салты. Ауа райы және оның бұзылуы. Ауа райын бақылау. Табиғатты қорғау дәстүрлеріне арналған мақал-мәтелдер. Халықтың этномузыкалық шығармаларындағы экологиялық көріністер. Жер-су аттарына байланысты этнотопономикалық атаулар. Жер-су аттарының тарихнамасы. Өзендер мен көлдер туралы түсінік. Жергілікті жерлердегі өзен-су атаулары. Бастаулар мен бұлақтар. Өзендер туралы аңыз әңгімелер. Көл, теңіз және өзен жағалауларында мекендейтін жыртқыш аңдар мен құстар. Көл жағасында және суда өсетін өсімдіктер мен тал-бұталар. Өзен-көл жағалауларында орналасқан ауылшаруашылық нысандары (мал фермалары, ауылшаруашылық техникаларын жөндейтін объектілер мен мұнай қалдықтары мен өнімдерін сақтайтын жерлер). Туған жердің өлкесіне туристік-экологиялық жорықтарға шығу. Этноэкология тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер, сурет салу, әндер және ойын-сайыстар ұйымдастыру. Экология тақырыбы бойынша альбомдар жасау, мақалалар, әңгімелер және өлең жинақтары туралы деректер жинастыру. Әр сыныптан экологиялық штаб құру.

Жергілікті жерлердің табиғаты мен экологиялық жағдайлары туралы материалдар ( фотосуреттер, бейнетаспа материалдары, газет-журнал мақалалары т.б.). Қазақтың тыйым сөздердегі табиғатты қорғау жөніндегі өсиет сөздермен танысу және тың мағлұматтар жинастыру. Жергілікті жердің топографиялық-экологиялық картасын жасау. Қазақстандағы ірі өндіріс орындары туралы мағлұматтар жинастыру. Қазақстан территориясындағы гидросфера жүйесінің экологиялық жағдайлары туралы мәліметтер жинастыру және тәрбие сағаттарын өткізу. Мектептегі бастауыш буын арасындағы сыныптарда экологиялық штаб құру жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау. Жұмысты ұйымдастыру барысында мектептегі химия, биология, география және басқа пән мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасау. Бастауыш сыныптар арасында экологиялық шығарма және өлеңдер жазу іс-шараларын ұйымдастыру.

Халық педагогикасындағы этноэкологиялық тәлім-тәрбие мұралары жөнінде ойын-сайыстар ұйымдастыру. Туған жердің табиғатын терең тану барысында туристік-өлкетану жұмыстарының жандануына үлес қосу. Экологиялық жорықтарға шығу.

Ұжым белсенділері

Экологиялық экспедиция штабы

Пән мұғалімдері

Оқушылар Кеңесі

7-сынып

Жер-су атауларының этнотопономикасы. Тау, өзен-көл, тұма-бастау, шөл атаулары. Өсімдіктер және олардың түрлері, аттары. Жануарлар және оның түрлері. Халықтың этномәдени мұраларындағы тыйым сөздер және әңгімелер.

Ауа райын бақылау және күнделік жүргізу. Экологиялық топтар құру. Экология тақырыбына байланысты ойын-сайыс, сурет салу, экопоэзиялық кештер ұйымдастыру.

Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі экологиялық тақырыптар. Экологиялық аңыздар, ертегілер, жұмбақтар. Халықтық ырым- сырым һәм тыйым сөздер. Экологиялық терминдермен танысу және жаттау.

Жердің ауа қабатын ластаушы кәсіпорындарға саяхат. Экологиялық аппатар тақырыбына шығарма жазу, карта жасау. Температура және оның өзгеруі. Халық шығармаларындағы экологиялық тақырыпқа арналған ертегілер.

Адам экологиясы. Жыл мезгілдері. Экологиялық уақыт өлшемдері. Табиғат күштері /жер сілкіну, су тасқыны/. Құстар экологиясы. Орман экологиясы. Өзен-су мен көлдер экологиясы.

Қала және ауыл экологиясы. Ауа қабатын ластайтын заттар. Химиялық улы заттар атаулары. Музыкалық шығармалардағы экологиялық тақырыптар.

Жер Планетасы туралы түсінік. Күн системасы және оның Планеталары. Оның атаулары мен ықпалдары.

Қазақстандағы экологиялық қауіпті аймақтар жөнінде (Семей ядролық полигоны, Арал теңізінің қасіреті, Каспий теңізі бойындағы экожүйе, Өскемен, Ақтау, Жамбыл, Алматы, Балқаш т.б. қалалар экологиясы ) материалдар жинастыру. Бүкілмектептік экологиялық штаб жұмысының жандануына үлес қосу. Жергілікті жердің климатын, табиғат өзгерістерін зерттеу.

Ауа райын күнделікті бақылау және табиғат құбылыстарын қағаз бетіне түсіру (тіркеу). Жергілікті жердің климаты жөнінде сыныптық экологиялық мониторинг жүйесін жасау. Қоршаған ортаны ластап жатқан жергілікті жерлердегі ірі кәсіпорын нысандарына экологиялық жорық жасау. Экожорық барысында фотоальбом, бейнетаспа материалдарын пайдалану. Кәсіпорындардың зиянды залалдары жөнінде статистикалық мәліметтер жинастыру.

Қазақстандағы қорықтар жөнінде мағлұматтар жинастыру. Экологиялық тақырыпқа байланысты деректі кинофильмдер және балаларға арналған мультипликациялық туындыларды тамашалау. Ол деректі материалдармен танысу барысында танымдық-экологиялық сұхбаттар өткізу. Ғалымдар шығармаларындағы экология тақырыбына арналған тақырыптар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу.

Қазақстан флорасы мен фаунасындағы экологиялық жағдайлар туралы материалдармен танысу, тың деректер жинастыру. Сыныптың экологиялық газетін шығару. Жануарлар дүниесі туралы терең мағлұматтар алу. “Қызыл кітапқа” енген жануарлар туралы экологиялық ақпараттар жинастыру. Жер бетінде және Қазақстан мен Орта Азия территориясында жойылып бара жатқан хайуанаттар, жыртқыш құстар, өсімдіктер мен гидросфера жүйесінде тіршілік ететін ихтиофауна өкілдері туралы фото-видеотаспа құралдарын пайдалана отырып тәрбие сағаттарын өткізу, материалдар жинастыру. Қазақ халқының табиғатты қорғау жөніндегі өсиет сөздер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер және басқа мұралары жөнінде танымдық-этноэкологиялық материалдар жинастыру. Жердің сейсмикалық (сілкіну) құбылыстарының эволюциясы және оның тектоникалық-экологиялық зардаптары (катастрофалары) жөнінде мағлұматтар жинастыру.

Қазақстандағы сейсмикалық аймақтар жөнінде ақпараттар жинау. Жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік (қорғану) шараларымен танысу және оны қатаң сақтау. Қауіпсіздік шараларының алдын алу барысында сынып оқушылары арасында азаматтық қорғаныс ойындарын ұйымдастыру. Қоғамдағы табиғи ортаға антропогендік-техногендік ықпалдардың әсері туралы мағлұматтармен танысу. Техногендік әсерлердің себептері мен зардаптары туралы білу.

Антропоэкология және әлеуметтік экология туралы білу. Экономикалық дамудың бір белгісі - инфраструктуралық жүйелердің әсерлерінен пайда болған экологиялық проблемалар. Медициналық экология негіздері. Қоршаған ортадағы табиғи және техногендік апаттардың нәтижесінде пайда болған қасіреттердің адам денсаулығына тигізетін залалдары.

Адам экологиясы туралы түсінік. Адам денсаулығына зиянын тигізіп жатқан құбылыстар.

Экологиялық қасіреттер негізінде пайда болған ауру-сырқаулар мен жұқпалы-эпидемиологиялық аурулардың таралуы ( СПИД ауруы, тұмау, сары ауру, венерологиялық-дерматологиялық аурулар т.б. ) және олардың алдын-алу шаралары. Жергілікті жерлердегі өсімдік-топырақ жамылғысы туралы мағлұматтар жинастыру. Медициналық маңызы бар дәрілік өсімдіктердің фармацевтикалық каталогын жасау.

Өсімдіктердің этнотопономикалық атаулары мен генетикалық топтарын білуге талпыну. Тұрғын үйлердегі, мектептегі және басқа нысандардағы санитарлық жағдайлар туралы мағлұматтар жинастыру. Өрт қауіпі және оның зардаптары мен алдын-алу шаралары туралы оқып-тану. Өсімдіктер, дәнді дақылдар аймақтары мен орман-тоғай ареалдарын өрттен сақтау және қорғау шараларын білуге талпыну.

Құстар әлемін қорғау жөніндегі мағлұматтармен танысу. Жойылып бара жатқан құстардың түрлері туралы экологиялық ақпараттар жинастыру. Құстарды қорғау дәстүрлерін жалғастыру (жем шашу, үйшіктер жасау). Жергілікті жерлердегі өзен-көлдерде тіршілік ететін ихтиофауна мен зоопланктондар, қосмекенділер туралы танысу. Гидросфера жүйесінің лай сулар мен мұнай-қоқыстар салдарынан бүліну себептері. Өзен-көлдер бассейндеріндегі балық ауруларының пайда болу себептері. Экологиялық ауқымды іс-шаралар (тәрбие сағаттары, ойын-сайыстар, туристік-өлкетану жұмыстары, эколог мамандармен кездесу, экожорықтар, экосабақтар, экошығармалар, экоқұжаттар, экоконференциялар, экологиялық сот сабақтары, экофорум, экопсихологиялық тренингтер т.б.) ұйымдастыру.

Ұжым белсенділері

Экологиялық экспедиция штабы

Пән мұғалімдері

Оқушылар Кеңесі

Жоғарғы оқу орындары ұстаздары


8-сынып


Әлемдік ауқымды экологиялық апаттар және оның себептері. Халық әндеріндегі экологиялық көріністер. Экологиялық сұрақтар мен викториналық ойындар. Республикалық оқушылардың ғылыми жоба сайыстарына қатысу.Экологиялық кроссвордтар мен ребустар. Экологиялық қоғамдық ұйымдар. Экологиялық заңдар. Экология тақырыбында арналған суреттер, көрмелер, кітап-альбомдар және кинофильмдер. Тәрбие сағаттары, ойын-сайыстар және саяхаттар ұйымдастыру.Қазақстанның экологиясы және ондағы экологиялық апаттар аймағы. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлері мен тәлім-тәрбиелік мұралары. Егістік жерлер экологиясы. Зиянды-улы тыңайтқыштар мен дәрілер. Ауа райының бұзылуынан туындаған ауру-сырқау түрлері. Экологиялық қауіпсіздік шаралары. Мемлекеттік экологиялық бақылау және оның құжаттары. Қорықтар және оның түрлері.

Этноэкология және қазақ халқының қоршаған ортаны тану мен қорғау дәстүрлері. Экология түрлері. Адам һәм антропоэкология. Қала экологиясы. Этноэкологиялық және ғылыми экологиялық ұғымдар мен терминдер. Тау, гидросфера, атмосфера, териосфера экологиясы. Әлемдік мұхит экологиясы. Геоэкология: тектоникалық-сейсмикалық күштер. Геохронология және жердің экологиялық дәуірнамасы. Оның атаулары мен жыл санаулары. Экологиялық заңдар мен халықаралық заң құжаттары. Әлемдегі глобальді экологиялық апаттар аймағы. Ғылыми еңбектердегі экологиялық тақырыптар. Экологиялық әңгімелер. Ғылыми экологиялық оқулықтар. Танымдық-экологиялық кинофильмдер.Ихтиоэкология негіздері. Экологиялық мониторинг пен кадастр. Ауылшаруашылық экологиясы. Экологиялық топографиялық карталар жасау. Экологиялық статистика. Ауру-сырқау түрлері. Экологиялық паспорт. Өндіріс орындарының экологиялық картасы. Қазақстанның экономикалық географиясы және экономикалық аудандастыру. Өнеркәсіп және өндіріс орындарының түрлері. /химия өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп . / Флора мен фауана негіздері.

Жер асты суларының экологиясы Медициналық-гигиеналық және отбасы экологиясы. Радиоактивті ластану. Ауаға тарайтын химиялық зиянды заттар /аэрозоль, гибрицид және пестицидтер / Аркэкология, синэкология, бактиоэкология, орнитоэкология, териоэкология, агроэкология, гидроэкология және гельминтоэкология негіздері.

Этноэкологиялық мәдениет, этика, таным және экопсихология. Экологиялық ұйымдар және олардың негізгі әрекеттері. Генетикалық, биотикалық, морфологиялық, биохимиялық апаттар.Иммунология, бактерия негіздері мен патогендік факторлар. Ғарыш экологиясы. Атомдық электр станциялары. Космостық-ғарыштық апаттардың табиғатқа әсері. Биом және биогендік эфтрофирлер. Баламалы энергетика түрлері /гелиоэнергетика, биоэнергетика, гидроэнергетика һәм геотермальді энергетика/. Гендік инженерия /микробиология, биотика, ботаника/. Әлемдік жылу аламасу жүйесі және оның бұзылуы /парникті эффект/. Озон қабаты және оның азаю қауіпі. Құрлық пен мұхит байланысы. Демографиялық жарылыс экологиясы.

Геофитохронология. Гидропономика мен жер ландшафтысының деградацияға ұшырауы. Метеорологиялық және астрологиялық экология. Динамикалық, талдаунамалық, өндірістік һәм антропологиялық мәдениет экологиясы. Фитоценоз топтары /гидотофит, огидрофит, огигрофит, мезофит, ксерофит/ Топырақ экологиясы. Гидробионт топтары /планктон, фитопланктон, зоопланктон, нектон, бентос/ Фито һәм фотосинтез негіздері. Эдафикалық факторлар. Антропоэкология негіздері.Экология тақырыбы бойынша пікірталас, сұрақжауап һәм викториналық ойындар, ғылыми конференциялар, сот процестері ойын-сайыстарын ұйымдастыру. Жергілікті жердің экологиялық мониторингісін және кадастрын жасау. Ұлттық тарих пен мәдени мұралардағы этноэкологиялық көрністер. Аңыздар, ырым-сырымдар, мақал-мәтелдердегі экологиялық көрністер. Транспорт экологиясы.

Мұхит экосистемасы. Автотрофттар мен гетеотрофтар, продуценттер және редуценттер. Экологиялық популяция мен ареалдар. Фауна һәм флоралар экологиясы. Реликтер мен эндемиктер.

Табиғат зоналары мен таулар экологиясы. Экологиялық миграция. Қорықтар мен заказниктер экологиясы. Қолданбалы және жалпы экология негіздері. Мұхит флорасы мен фаунасы /пелагиаль, бенталь, литораль, батиаль, ультраабиссаль т.б./ Микроэкожүйе. Макроэкожүйе Һәм глобальді экожүйе. Транспирация мен сукцессия. Ноосфера. Лимитациялық жарық факторы. Онтосинтез бен паразитизм.

Ұжым белсенділері

Экологиялық экспедиция штабы

Пән мұғалімдері

Оқушылар Кеңесі

Жоғарғы оқу орындары ұстаздары

Ғылыми қызметкерлер мен ғалымдар

Аталмыш әдістемелік ұсынысты тәрбие жұмыстарында жүзеге асыру барысында, бүгінгі мектеп практикасында дәстүрлі педагогикалық талаптарға айналған пән аралық байланыстар мен сыныптан тыс жұмыстармен байланыстыра отырып игіліктендіру қажет дүние деп санаймыз. Осыған орай мынадай ұсыныстар білдіреміз:



  1. Жоғарыда айтылған әдістемелік ұсыныстарды негізге ала отырып оқушыларға арналған тәрбие жұмысының жоспарын жасау.

  2. Сыныптан тыс жұмыстарды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралармен байланыстыру.

  3. Шығармашылық ізденіс барысында эколог-ғалымдар еңбектерін пайдалану.

  4. Мектептегі жалпы оқушылардың экологиялық штабының құрылуына үлес қосу және шығармашылық-ізденіс жұмыстарына пайдалану.

  5. Тәлім-тәрбие жұмысының сағаттық жоспарын құру.

  6. Қол жеткізген шығармашылық табыстар негізінде тәжірибелер жинақтау.

  7. Озық тәжірибелерді жинақтау, талдау, игіліктендіру, ықпалдандыру және тарату торабын құру.

  8. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігі мен мәртебесін арттыру

  9. Оқушылардың мінез-құлық әрекеттері мен шығармашылық ізденістеріне баға беру және ғылыми тұрғыда бағыттау.

  10. Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық ізденістері мен практикалық жетістіктерін саралау және бағдарлау.

Менiң елiм - Қазақстан” атты оқушылардың бүкiлмектептiк танымдық-этнографиялық ойын-сайысы

Мақсаты:


  1. Мектеп оқушыларының санасына қазақстандық патриотизм сезiмдерiн қалыптастыру;

  2. Жас ұрпақтың тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң тарихын, мәдениетiн, экономикасын, ғылым жетiстiктерiн, дiни-рухани қазыналарын, Ата заңы мен Президентiн, мемлекеттiк рәмiздерi мен басқа құндылықтарын оқып-тануға, қастерлеуге мүмкiндiк туғызу;

  3. Оқушыларға жалпыадамзаттық, адамгершiлiк, парасаттылық, имандылық құндылықтар негiзiнде ұлттық тәлiм-тәрбие беру;


Ойын-сайыстың Аялдамалары

1. Қазақстан Елордасы – Астана.

Қазақ халқының тарихында аса маңызды саяси-әлеуметтiк рөл атқарған мемлекет астаналарының жылнамалары. Көшпендi-номадтардың және арий тайпаларының әскери-демократиялық мемлекеттерi. Ұлы Түркi Қағанаты һәм Қазақ Хандығының астаналары. Қазақстандағы астаналық мәртебеге ие болған қалалар.



  1. Қазақстан мемлекетiнiң ұлттық Рәмiздерi

Мемлекеттiк Ту, әнұран, елтаңба, ҚР Президентi мен ҚР Конституциясы. ҚР Заңдары, ҚР Парламентi, ҚР Ұкiметi. Жергiлiктi жерлердегi басқару органдары. Облыстық әкiмшiлiк. Әкiмтану институты. Мемлекеттiк қызмет. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер. Сайлау туралы ҚР Заңы. Бiлiм туралы ҚР Заңы. Жастар саясаты жөнiнде ҚР Заңы. Қазақстандағы жастар саясаты. Қазақстандағы оқушылар және балалар ұйымдары.

  1. Қазақстан қалалары.

Республикамыздағы облыс орталықтары және iрi қалалар. Қала инфрақұрылымының әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктер. Қала халқы, архитектурасы және тарихы. Қала аймағындағы тарихи жерлер. Қаланың экологиялық жағдайы.

  1. Қазақстан кәсiпорындары

Қазақстан экономикасының гүденуiне үлес қосып жатқан iрi мұнай компаниялары мен өнiм өндiрушi кәсiпорындар. Кәсiпорындар жөнiнде жалпы мағлұматтар. Қазақстан фирмаларының шет елдiк эксперттiк институттардан алған мәртебелерi. Отандық тауар өндiрушi кәсiпорындар. Агроөнеркәсiп кешенiндегi кәсiпорындар. Қазақстандағы бiрiккен кәсiпорындардың мониторингiсi.

  1. Ауылым – алтын бесiгiм

Қазақстан ауылдарының шежiресi. Ауыл шаруашылығы мен экономикасы. Ауыл жылдары мемлекеттiк бағдарламасы. Ауыл мектебi мен ауыл жастары. Ауыл мәдениетi.

  1. Қазақстан табиғаты

Қазақстанның географиялық орны. Жануарлар дүниесi мен өсiмдiк-топырақ жамылғысы. Қазақстандағы сейсмикалық-тектоникалық аймақтар. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мен кен орындары. Қазақстан флорасы мен фаунасы. Экологиялық апаттар аймағы. Гидросфера жүйесi мен ландшафт. Географиялық аудандастыру мен табиғат зоналары.

  1. Қазақстан халықтары.

Қазақстандағы көпұлтты халықтардың тарихы мен мәдениетi. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Мектептегi ұлттық-мәдени орталықтар. Татулық пен достық және бiрлiк пен ынтымақтастық құндылықтары.

  1. Қазақстан және әлемдiк қауымдастық

Бiрiккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның геосаясаты мен сыртқыэкономикалық байланыстары. Ғаламдық жаһандану кеңiстiгiндегi Қазақстанның трансформациялану жағдаяттары. Шет елдердегi қазақтар диаспоралары. Дипломатиялық қарым-қатынастар. Демография мен этнопассионаризм мәселелерi.
Қазақстан оқушылар Ассамблеясы қатарына мүшелiкке қабылданған жас ұрпақтың салтанатты Ант беру рәсiмi мен “Менiң елiм - Қазақстан” ойын-сайысына қатысқаннан кейiнгi деңгейлiк көрсеткiштерi
1. Оқушылардың патриоттық сезімі

Экспериментке дейiнгi көрсеткiш


Эксперименттiк топтар



Қатысушылар саны

Төменгі


деңгей

Орташа


деңгей

Жоғарғы


деңгей

Эксперименттік топ


225

45,2 %

36,4 %

18,4 %

Бақылаушы топ



225

51,5 %

33,8 %

14,7 %


Эксперименттен кейiнгi көрсеткiш


Эксперименттік топ


225

38,2,3 %

37,6 %

24,2 %

Бақылаушы топ



225

47,6 %

33,2 %

19,2 %

2. Оқушылардың белсенділіктерінің артуы


Экспериментке дейiнгi көрсеткiш

Эксперименттiк топтар



Қатысушылар саны

Төменгі


деңгей

Орташа


деңгей

Жоғарғы


деңгей

Эксперименттік топ


225

38,2 %

48,4 %

13,4 %

Бақылаушы топ



225

45,5 %

42,8 %

11,7 %



Эксперименттен кейiнгi көрсеткiш


Эксперименттік топ


225

32,2 %

46,6 %

21,2 %

Бақылаушы топ



225

41,6 %

39,2 %

19,2 %

Сонымен, жоғарыда келтiрiлген мәлiметтер негiзiнде – бүгiнгi мектеп практикасында халықтық педагогика мұраларына негiзделген iс-шаралар өз мүмкiндiгiнен төмен дәрежеде жүргiзiлiп жатыр деуiмiзге саяды. Сондықтан, аталмыш мәселенiң жалпыхалықтық сипат алуын, оның ұрпақ игiлiгiне айналуын қамтамасыз ету үшiн – осы сала бойынша жинақталған құнды теориялық идеялардың, практикалық қажеттiлiкке ұласуына ғылыми тұрғыда және материалдық тұрғыда дамуына тиiстi жағдай туғызу керек деп санаймыз.

Одан бүгiнгi таңда халық педагогикасына байланысты мектепте жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға мемлекет тарапынан барынша жағдай туғызу, ал ғалымдар тарапынан аталмыш құбылыстардың пайда болу себеп-салдарын ғылыми тұрғыда бақылап, зерттеп, келешекте ол жұмыстарды жақсарту жөнiнде маңызды педагогикалық ұсыныстар жасау керектiгiн қажет етiп отыр деп санаймыз.









Елім-ай” ұлттық – этнографиялық ойын – сайысы

Елім-ай” ұлттық-этнографиялық ойын-сайысы – “Атамекен” Бағдарламасының шеңберіндегі шығармашылық жұмыстардың қорытындысы қарсаңында өткізілетін балалар мен үлкендердің бірлескен ойын-сайысы.
Оның басты мақсаты “Атамекен” Бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру барысында халқымыздың салт-дәстүрлері мен мәдениетін, тарихын білуге, қастерлеуге баулу, жағдай туғызу, ойынға қатысушылардың белсенділіктерін арттыру болып табылады.

“Елім-ай” ойыны 22 аялдамадан тұрады, ол ойынға қатысушы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әрбір параллель кластарда, бүкілмектептік, аудандық, ауылдық, облыстық және республикалық дәрежеде өткізіледі.

Ойын-сайысқа 10-15 балалар мен жасөспірімнен құрылған топтар мен (жасақтар) қатысады. Сонымен қатар олар топ басшысын, атауын, ұранын, жалауын, елтаңбасын, ұлттық киім үлгілерін белгілейді.

Алдымен ойын-сайысты ұйымдастыру штабы құрылады. Ол ойын-сайысқа қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты аялдамалалр санын, ойын тәртібін, шартын, қазылар алқасын, Бағдар карталарын белгілейді. Аялдамалар негізінен бір-бірінен алшақтау орналасқан дәстүрлі көркем безендірілген қазақ үйлері болып табылады.

Ойын басталар алдында барлық топ басшылары штабқа келіп, ойын тәртібі мен барысы туралы бағдар карталарын алады. Тапсырма алған әр топ өз карталарында көрсетілген схемалар бойынша әрбір аялдамадан өткен сайын штабқа оралып, қандай баға алғандары туралы белгіленіп, отыру керек.

Ойын-сайысқа қатысатын жаспалуандар, айтыскерлер, ұлтық тарихи тақырыптарға сурет салатын суретшілер топтардан бөлек өз өнерлерін көрсетеді.

Әрбір аялдамада өз істеріне жетік арнайы мамандар (әділ қазылар) қатысушылардың өнерлерін, білімдерін, бағалап отырып, олардың бағыт-карталарына тиісті бағалары мен қолдарын қоюы керек. Тәртіп бұзған жасақтардың бағалары кемиді.

“Елім-ай” ойын-сайысы штабы қатысушы топтардың атаулары укөрсетілген бүкілмектептік жалпы ойын-сайыстың Бағдар –картасы арқылы бүкіл ойын жүрісін қадағалап, басшылық жасап отырады.

Ал, барлық аялдамалардан мүдірмей өтіп шыққан топтар міндетті түрде Бағдар-карталарын штабқа тапсырулары керек.

Ұйымдастыру кезінде жергілікті халықтың ұлттық-рәсімдік ерекшеліктерін пайдалану арқылы ойынға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.


Бүкілмектептік “Елім-ай” ұлттық-этнографиялық

ойынының бағдар-картасы




Аялдамалар

Жасақтар


“Шежіре”

“Құсбегі”

“Тұлпар”

“Қорамсақ”

“Алтын сақа”











Ы.Алтынсарин мектб-нің “Жігер”жасағы




























№1 мект. “Орда” жасағы




























Қарақол орта мектебінің “Жалын” жасағы





























қорытынды





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет