Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет41/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115
2 5429156790371615512

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жүрек
Бас ауруы біз өзімізді  толыққанды сезінбеген кезде болады.  Басыңыз ауырған 

кезде  бір  минутқа  тоқтап,  сіз  өзіңізді  қай  жерде  қор  сезінесіз  және  неліктен  солай 

екенін  өзіңізден  сұраңыз.  Бұлай  сезінуден    құтылу  үшін  өзіңізге  кешірім  жасаңыз, 

сонда сіздің бас ауруыңыз да өзінен өзі жоғалады. 

Бас  сақинасы  өмірде  мінсіз  болғысы  келген  жандарда,  сондай-ақ  мына  өмірге 

өкпесі қара  қазандай пенделерде болады. 

Мойын  мен  тамақ  өте  қызғылықты.  Мойын  –  бұл  ойлау    икемділігіне 

бейімділік,  мәселенің  екінші  жағын  көруге  және  басқа  адамның  көзқарасын  түсінуге 

деген  бейімділік.  Бізде  мойынға  байланысты    мәселелер  туындап  жатса,  бұл  біздің 

қасарысып, икемді болудан бас тартатынымызды білдіреді.  



Алқым  –  Бұл  біздің    нені  қаласақ  соны  сұрау  және  өзіңе  қорған  болуға  деген 

бейімділігімізді білдіреді. Алқымға байланысты проблема  «құқымыз жоқ» деген сезім 

мен өз бойыңдағы жетімсіздіктерді  сезінуден туындайды.  

Ауру  алқым  –  бұл  қашан  да  наразылықты  білдіреді.  Ал  егер  оған  суық  тию 

қосылса,  бұл  онда  -  абыржу.    Ларингит,  әдетте,  ашудан  булығып    сөйлей  алмауды 

білдіреді.  Одан  басқа  алқым  біздің  барлық  творчестволық    энергияларымыз 

бағытталған  ағза  бөлігін  білдіреді.  Таңдай  бездері  мен  қалқан  бездеріне  байланысты 

аурулар  сіздің  істегіңіз  келген  нәрсені  творчестволық  тұрғыда  істей  алмағаныңыздан 

хабар  береді.  Біздің    өзгерістеріміз  бәрінен  бұрын  сол  тамақтың    аумағында    болып 

жатады.  Біз    өзгерістерге  қарсылық  танытқан  кезде,  проблема  тамағымызда  пайда 

болып  жатады.  Біздің  кейде  жоқ  жерден  жөтелетінімізге  көңіл  бөліңіз.  Немесе  басқа 

біреу жөтеле бастайды. Осы сәтте не  айтылады? Біз неге  көңіл бөлеміз?  Мүмкін бұл 

қасарысу, қарсыласу немесе біздің өзгерістер  процесінде екендігімізден хабар беру? 

Арқа  қолдау  жүйесін    білдіреді.  Арқаңызда  проблеманың  болуы  сіздің 

жеткілікті  қолдауды  сезінбейтініңізді  көрсетеді.  Біз  жанұямыз  бен  достарымыз 




 

20 


қолдайды  деп  өте  жиі  ойлаймыз.  Шын  мәнінде  бұл  Жаратушы    мен  Өмірдің  өзінің 

қолдауы.  

Проблеманың  арқаның  жоғарғы    бөлігінде  болуы  -    эмоциональды    қолдаудың 

жеткілікті болмағанын білдіреді: «Менің  күйеуім (нақсүйерім, досым) мені түсінбейді 

және  қолдамайды».  Арқаның  ортаңғы  бөлігінің  кінәлілік  сезіміне  тікелей  қатысы  бар. 

Сіз артыңызға тығылған нәрседен немесе адамнан қорқасыз ба? Сізде арқаңыздан біреу  

ұрған сияқты  сезіну сезімі жоқ па?  

Сіз  үнемі өз ақшаларыңыз туралы ойлайсыз ба? Сіздің қаржылық жағдайыңыз  

қалай? Ол сіздің арқаңыздың  төменгі бөлігі проблемасының  негізі болуы мүмкін.  

Өкпе  –  бұл  өмірді  алу  және  беру  бейімділігі.  Әдетте  өкпе    проблемасы 

толыққанды  өмір  сүруге  құлықсыздықтан  немесе  одан  қорқудан,  немесе  біздің  бар 

күшімізбен өмір сүруге құқымыз жоқ деп есептегеннен туындап жатады. Темекіні көп 

шегетіндер,  әдетте  өмірді  жоққа  шығарады.  Олар  масканың  астына  өздерінің 

жетімсіздіктерін жасырады.  

Омырау  -  аналық  бейнесі.  Аналық  безде  проблема  болғаны  біздің  өз 

көңілімізбен  басқа  бір  адамды,  затты  немесе  жағдайды  басып  тастайтынымызды 

білдіреді. Егер кеуде  қатерлі ісігі болатын болса, бұл оған қосымша қордаланған реніш 

пен  ашуды  білдіреді.  Қорқыныштан  босаныңыз  және  біздің  әрқайсымызда  Кеңістік 

санасы әрекет етеді және ол белсенді, соны біліңіз. 

 Жүрек,  әрине  махаббатты,  ал  қан  –  қуанышты  білдіреді.  Біздің  өмірімізде 

махаббат  пен  қуаныш  болмаса  жүрек  қысылып,  мұздайды.    Нәтижесінде  қан  жайлап 

жүріп, біз біртіндеп қаны аздық пен тамырлар склерозына, жүрек талмасына ұрынамыз. 

Біз кейде өзіміз жасаған өмір драмасына шырмалатынымыз соншалық, айналамыздағы 

қуаныштарды  аңғармаймыз. Алтын жүрек, суық жүрек, қара жүрек, ғашық жүрек – ал  

сіздің жүрегіңіз қандай? 

Асқазан  барлық  жаңа  идеялар  мен  жағдайларды  қорытып,  бойға  сіңіреді.  Нені 

немесе кімді Сіз «қорыта» алмайсыз? Асқазанда проблеманың болуы бұл жаңа өмірлік 

жағдаяттарды  қалай  меңгеруді  білмеуді  білдіреді.    Бізге  қорқынышты.  Жолаушы  

ұшақтарының  енді  ұша  бастаған кезі  біздің  көпшілігіміздің  есімізде. Аспанға  ұшу 

идеясы  біз үшін жаңалық болатын, және біз үшін  оны миға  қондыру өте  қиын болды.  

Біз өзімізді  нашар сезінген  кезде  құтқаратын пакеттер әрбір  орындықтарда тұратын. 

Қазір,  көп  жылдардан  кейін,  пакеттер  бұрынғыдай  берілетін  болса  да,  оны    ешкім 

пайдаланбайды. Біз, аяғында, ұшу идеясын  меңгердік.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет