Луиза Хей Көгілдір кітап


Біз барлығымыз да қателіктерге жол береміз



Pdf көрінісі
бет94/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115
2 5429156790371615512

Біз барлығымыз да қателіктерге жол береміз 

Сабақ алу кезіндегі қателік – қалыпты жағдай. Біздің көңіл түкпірімізде барлығы 

да айна-қатесіз болса екен деген бір жарамсыз ой жатады. Біз жаңадан келіп тұрғанды 

сезіне алмай қаламыз.  

Бір  нәрсені  біліп  алу  үшін  уақыт  керек.  Сіз  бір  нәрсе  жасағыңыз  келсе,  бәрі 

бірдей  ойдағыдай  бола  бермейді.  Мынадай  бір  жаттығу  бар:  екі  қолыңыздың 

саусақтарын  айқастырып,  қайсы  бас  бармағыңыз  жоғары  жақта  қалғанын  байқаңыз. 

Сөйтіңіз  де,  екінші  рет  айқастырғанда,  басқа  бас  бармағыңызды  жоғары  қойыңыз  да, 

біраз ұстап тұрыңыз. Бірінші рет жасағанда, сізде бір қолайсыздық болады. Ал, бірнеше 

рет  жасап,  қолдарыңызды  айқастырған  күйі  бірер  сәт  тоқтап  қараңызшы.  Ештеңе 

өзгерді  ме?  Өзгермеген  сияқты.  Сіз  үйрене  бастадыңыз.  Қолдарды  екі  түрлі 

айқастыруға болатынын сіз енді біле бастайсыз. 

Біз  жаңа  бір  тәсілді  игере  бастағанымызда  да  солай  болады.  Бас  жағында  оны 

онша  жақтыра  қоймаймыз,  өйткені  ол  біздің  қалыпты  жағдайымызды  өзгертіп, 

қолайсыздық әкеліп тұр. Дегенмен, оған кішкене үйрене бастағанда бізге ол кәдімгідей 

және  табиғи болып  көріне бастайды. Біз  өзімізді  де  бір  күнде бүкіл  жан-жүрегімізбен 

сүйе алмаймыз, бірақ күн санап жақсы көре түсеміз. Егер біз күніге өзімізге махаббат 

сыйлай берсек, екі-үш айда біз анағұрлым ілгерілеп қаламыз.  

Сонымен, біз қателіктерден мақсатқа жету жолында ілгері жылжуды үйренеміз. 

Сондықтан  да  оған  ілтипатпен  және  құрметпен  қарау  керек.  Қателіктер  үшін  өзіңді 

жазалау  қажетсіз.  Әрбір  қателікті  жеңіске  жеткізер  өмір  тәжірибесі  ретінде  қабылдау 

керек. 

Көптен бері өзін жетілдірумен айналысып жүргендердің кейбіреулері, неге осы 

кезге  дейін  өз  мәселелеріміз  шешілмеді  деп  таңырқайды.  Біз  білімімізді,  оған  ешбір 

қарсылық  білдірместен,  одан  не  пайда  бар  деп  сынамастан,  ылғи  да  толықтырып 

отыруымыз  керек.  Жаңа  тәсілдерді  үйрену  барысында  өзіңізге  барынша  сергек  және 

жұмсақ  болыңыз.  Бау-бақшадағы  арамшөпті  де  дер  кезінде  жұлып  тастау  жеңіл  емес 

пе? 



 

55 


4.  Біз  ӨЗ  САНАМЫЗҒА  МЕЙІРІМДІ  БОЛУДЫ  ҮЙРЕНУІМІЗ  керек.  Теріс 

ойлар  үшін  өзімізді-өзіміз  жек  көруді  қоялық.  Одан  да,  біздің  ойларымызға 

“бүлдіруден” гөрі “жасампаздық” тән деп ойлайық. Қолайсыз жағдаяттар бола қалғанда 

өзімізді  айыптамайық.  Өйткені  біз  осындай  өмір  тәжірибелерінен  үлгі  аламыз  ғой. 

Өзіңе мейірімді болу аса маңызды. 

Босаңсуды да үйреніп алу  керек. Сіз қорқып немесе тартынып  тұрғанда, сізден 

қуат  кете  бастайды.  Өз  тәнің  мен  миды  босаңсыту  үшін  бірнеше  минут  қана  кетеді. 

Көзді  жұмып,  терең  демалыңыз.  Дем  шығарар  алдында  "Мен  сені  сүйемін.  Барлығы 

тамаша"  деңіз.  Сонда  өзіңізді  қаншалықты  жайлы  сезініп  келе  жатқаныңызды 

байқайсыз.  Осылайша  сіз  өзіңізге  жайсыз  және  қорқып  өмір  сүрудің  ешқандай 

қажеттігі жоқ екенін хабарлайсыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет