«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет30/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 9. МОНЕТАРЛЫҚ САЯСАТ.
Сабақтың мақсаты: экономикадағы мемлекеттің ақша-несие саясатының жүргізілуінің қажеттілігін түсініп, оның мемлекеттік реттеудегі рөлін, түрлерін, жалпы механизмдері мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау жəне олардың тиімділіктерін анықтау.
1.Ақша-несие саясаты
2. Ақша-несие саясаты құралдары.
1.Ақша-несие саясаты. Кез-келген мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – іскерлік белсенділікті көтеру, инфляцияны төмендету және елдің төлем балансын сақтау. Бұл саясат банк жүйесі арқылы жүргізіледі.
Орталық Банктің жүргізетін монетарлық саясаттары қатаң және ынталандырушы монетарлық саясаттар болып бөлінеді. Қатаң монетарлық саясат ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Ал ынталандырушы монетарлық саясат – пайыздық ставканы белгілі бір деңгейде ұстап тұру мақсатында жүргізіледі. Инфляция кезіндегі ақшаға деген сұраныстың өсуі тұсында қатаң монетарлық саясат қолданылады. Ақша айналысы жылдамдығының аяқ астынан өзгеруінен сақтану үшін икемді монетарлық саясат қолданылады. Ынталандырушы монетарлық саясаттың салыстырмалы тиімділігі ақша массасының өсуі мен пайыздық ставканың төмендеуінің нәтижесінде болатын инвестиция мен таза экспорт динамикасына деген ынталандырушы әсер арқылы анықталады.
Ынталандырушы әсер неғұрлым жоғары болуы үшін біріншіден, инвестиция мен таза экспорт пайыздық ставка динамикасына жоғары сезімтал (икемді) болуы керек. Бұл кезде ІS жатыңқы болады. Екіншіден, ақшаға деген сұраныс пайыздық ставка динамикасына аз икемді болуы керек. Бұл LM қисығының тіктеу орналасуымен сипатталады. Демек, IS қисығы жатыңқы және LM қисығы тік болса, жүргізілген ынталандырушы монетарлық саясат тиімді болады. Төмендегі шарттардың орын алуы LM қисығының салыстырмалы түрде жатыңқы болуын қамтамасыз етеді:
Пайыздық ставка динамикасына ақшаға деген сұраныстың бейімділігінің жоғары болуы;
Ақшаға деген сұраныстың ЖІӨ динамикасына бейімділігінің төмен болуы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет