Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет17/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
АD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда – жабық жəне ашық экономика тұрғысынан қарастырылады.
Жабық экономикалық жүйеде сыртқы ортамен ешқандай байланыс болмайды. Сондықтан АD тек ұлттық сатып алушылардың ғана берілген баға деңгейінде сатып алғылары келетін жəне сатып алуға мүмкіндіктері бар соңғы тауарлар мен қызметтерінің жиынтық көлемі ретінде қарастырылады: YD (АD) = C + I + G

Ашық экономикалық жүйеде АD толыққанды мынадай төрт макроэкономикалық элементтен (құрауыштардан) құралады:

  1. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С).

  2. Фирмалардың инвестициялық шығындары (I).

  3. Мемлекеттік шығындар (G).

  4. Таза экспорт (Xn).

Бұл жағдайда ашық экономикалық жүйе тұрғысынан АD макроэкономикадағы барлық субъектілердің жиынтық шығындары тарапынан қанағаттандырылуы тиіс. Енді осы негізгі құрауыштарға тоқталып өтуіміз қажет.
Тұтыну шығындары (С) – бұл үй шарушылықтарының тұтыну тауарлары мен қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын АD-ның негізгі жəне ең үлкен компоненті. Əдетте, тұтыну шығындары АD-ның құрамында 70-75%-ға дейінгі үлеске ие деп айтылады. Тұтыну шығындары қолда бар табыс көлеміне байланысты анықталатыны бізге белгілі. Ұзақ мерзімде тұтынудың динамикасы табыстардың басқа да түрлерімен, мүлікпен жəне баға деңгейімен байланысты болып келеді. АD-ны талдау негізінен, нақты тұтыну факторларына (бағалар индексіне бөлінген тұтынудың номиналды құнына) жүгінеді. Тұтыну шығындары əдетте, АD-ның басқа құрауыштарына қарағанда, тұрақты əрі баяу өзгеретін компонент болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет