Мазмұны Дәрістер Зертханалық сабақтар Студенттің өздік жұмысы Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі3.4 Mb.
#138481
1   2   3   4   5

Процедураны шақыру

Sub процедурасы мәнді қайтармайды, бірақ ол оның параметрі ретінде тағайындалған параметрлер ретінде айнымалы мәні өзгертуі мүмкін. Sub процедурасын екі түрлі әдіспен шақыруға болады. Бірінші әдісі Call қызметші сөзін қолдану арқылы. Мысалы, Nameproc атты процедураны мына оператормен шақыруға болады:

Call NameProc (аргумент1, аргумент2,...аргументтер)

Екінші тәсіл Sub процедурасын атымен шақыруға мүмкіндік береді. Мысалы,

NameProc аргумент1, аргумент2,...аргументтер

Пішін модулінің процедурасының шақырғанда басқа модульден процедурада орналасатын пішін модулінің атауына сілтеме көрсету қажет. Мысалы, Form1 пішіні модулінде орналасқан Nameproc атты процедураны шақыру үшін мына оператор мына түрде беріледі:

Call Form1.NameProc(аргумент1, аргумент2, ...аргументМ)



Function процедурасын шақыру Visual Basic-ке енгізілген функцияларды шақыру сияқты орындалады.

1 мысал. Үш санның квадраттарының қосындысын табатын программа құрындар. Нәтижесін пішінге шығарындар. Нәтижені пішінге шығару үшін келесі сабақта айтылатын форманың Print әдісін қолданады.

Dim b,c, d, y As Long

“санның квадраттарының қосындысын табатын процедура”

Sub Square (A, S As Long)

S=A^2

End Sub
Private Sub Form_Click( )



d=5

S=S+y


b=4

Call Square(b, y)

S=S+y

c=6


Call Square(c, y)

S=S+y


Print “санның квадраттарының қосындысы”

Print d, b, c

PrintS

End Sub
4 – дәріс. Пішін. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, әдістер (1 сағат)



Негізгі мақсаты: Windows қосымшаларын құрастырғанда пішін түсінігі негізгі объекті екендігін қалыптастыру пішіннің оқиғалары мен негізгі қасиеттерімен таныстыру:

Білім мен білікке қойылатын талаптар. Студенттер пішіннің мәнін, қасиетін, оқиғалар мен әдістерін білу пішінге қатысты:пішінннің қасиетін терезеге және бағдарламалық жолмен өзгерте білуді, әдістер мен оқиғаларды қойылған есептерге шешуге пайдаланыды, екі және бірнеше пішімдермен жұмыс жасай білуі қажет.

4.1. Пішін. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, әдістер

Visual Basic бағдарламалау жүйелерін оқып үйрену барысында объект, қасиеттер, оқиғалар және әдіс туралы түсініктемелерімізді кеңейтеміз, сондықтан алдымен осы түсініктерге анықтама беріп алуымыз қажет (оқулықтағы 2 тақырыпты қараңдар).

Пішін объектісін оқып үйренбестен бұрын Студенттер білетін информатика курсында меңгерген стандартты қосымшалар терезесі құрылымы туралы түсініктерін пайдалану қажет. Студенттерге мына сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады:



  1. Windows ортасы үшін қандай түсінік ең негізгісі болып табылады?

(Жауабы: терезе).

  1. Терезелердің қандай түрлері бар?

(Жауабы: қапшық терезелері, қосымша терезелер, диалогтық терезелер, анықтама терезелері).

  1. Терезелерді ұсынудың қандай нұсқалары бар?

(Жауабы: толық экранды – экранға түгелімен жиылған, кәдімгі - экранның бір бөлігін алып жатады, белгіше – терезе есептер тақтасында бүктетіліп жатады).

  1. Терезенің ұсынылуын өзгерту үшін нені қолданды?

(Жауабы: терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан тақырып қаарындағы батырмалар).

  1. Терезенің тақырып қатарында тағы не орналасқан ?

(Жауабы: жүйелік меню батырмасы, қосымша тараулары, диалогтық терезелер, қапшықтар).

  1. Жоғарыда айтылған терезелерге қатысты тағы да қандай терезе элементтері бар?

(Жауабы: терезе шекаралары).

Қорытынды: барлық терезелерде тақырып қатарында орналасқан терезенің аты және төрт басқару батырмалары стандартты элементтер бар.

Қарапайым Windows қосымшаларына Form1 тақырыбы бар визуалды ортаны іске қосқан кезде пайда болатын бір форма да жеткілікті. Оның ықшам басқару элементтері – пішіннің атауы орналасқан тақырып қатары және төрт басқару батырмалары бар (сол жағында командалардың типтік жиынынан тұратын жүйелік менюді шақыру батырмасы, оң жағында – терезені жабу және қосымшаны кеңейту, үлкейту үшін үш стандартты батырма орналасқан). Пішін қосымшаның терезесін өзгерту және экран бойымен жылжыту барысын орындауға мүмкіндік беретін ерекше сыртқы жақтаулармен жабдықталған.

Әрбір пішін орындалудың алдында жеке терезеге сәйкес келеді. Пішіннің сыртқы түрі және пішіннің экрандағы бағыты қасиеттер мәнімен анықталады. Бұл қасиеттер қолданбаны орындау барысында бағдарлама операторларымен немесе пішін өндеушілері кезеңінде қасиеттер терезесінде анықталады.

Ары қарай негізгі қасиеттер, пішіннің оқиғалары мен әдістері қарастырылады.

Өтілген материалды бекіту үшін келесі мысалды қарастыруға болады.

1 – мысал. Экранның мөлшерін салыстыратын және терезені бүкіл экранға жаймалайтын программа құрыңдар. (Пішін қасиеті үшін BorderStyle – 1 қоямыз – FixedSingle)

Private Sub Form_Load( ) “пішінді іске қосқанда”

Form1.Width=Screen.Width “Пішіннің ені экранның еніне тең болады”

Form1.Height=Screen. Height “Пішіннің биіктігі экранның биіктігіне тең болады”

End Sub

Private Sub Form_Click( )



End

End Sub
5-дәріс. Бірнеше пішіндермен жұмыс жасау.

Бірнеше пішіндермен жұмыстар орындамастан бұрын Студенттерге Picture пішінінің қасиеті және Load Picture функциясын пайдалануға келесі мысалдарды орындатуға болады.

Picture қасиеті пішін терезесінде әрқашан рас толық кескін бейнеленіп тұратындай етіп жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны жобалай отырып, оны Proporties терезесіндегі тізімді таңдай отырып тағайындауға болады. Пайда болған диалогтық терезеден қажетті суреттен тұратын файлды таңдау қажет.

Бағдарламаның орындалуын алдын – ала өзгерту үшін Load Picture функциясын пайдалануға болады. Бұл функцияның синтаксисі мына түрде болып келеді:



Load Picture (файл аты)

Файл атауына сурет файлын көрсету қажет. Мұндай ICO, BMP, WMFфайлдар әдетте кеңейтілуде болып келеді. Файлдың аты болмаған функция бос суретті қайтарады.



1 – мысал. Пішінде шерткенде, пішінде сурет шығатын бағдарлама құрыңдар.

Бағдарлама кодының үлгісі:

Private Sub Form1_Click ( )

Form1.Picture= Load Picture (“C:\WINDOWS\Жұмыс үстелі\Сабақ_VB_1\.Лес.bmp)

End Sub

Private Sub Form1_DblClick ( )



End

End Sub


(қайда C:\WINDOWS\Жұмыс үстелі\Сабақ_VB_1\.Лес.bmp суреттің файлыеа жол сілтеу)

Пішінді басқа объектілер сияқты жасыруға және көрсетуге, көшірмесін жасауға болады. Пішінді жасыру үшін Visible (False орнатып) қасиетін пайдалануға да болады, тағы Hide (Form1.Hide) пайдалануға да болады, ал көрсету үшін Show қасиетін пайдалану керек (Form1. Show) .



3 – мысал. Екі пішіннен тұратын жоба құру керек. Бірінші пішіннен біз, екінші пішіннің қасиетін өзгертеміз.

Екінші пішінді (Form2) құру үшін Project – Add Form командасын орындап, пайда болған терезеден Form белгілеп ашуды шертіңіз. Бірінші пішім үшін код жазу үшін, жоба терезесінен оны белгілендер, одан кейін View – Code командасын орындандар. Осы амалы екінші пішін үшін де орындандар.



Бірінші пішін кодының үлгісі:

Private Sub Form_Click ( )

Form2.Show “2 Пішінді көрсетеміз (Form2)”

Form2.Caption= “№2 Пішін” “Cекінші пішінннің Сaption қасиетін өзгертеміз”

Form2.BackColor= RGB(255, 0, 0) “Екінші пішіннің түсін өзгертеміз”

End Sub
Private Sub Form_Load ( ) “Пішінді іске қосқанда:”

Form2.Visible=False “Бағдарламаны жүктегенде екінші пішінді көрінбейтіндей етіп жасаймыз”

End Sub
Екінші пішін кодының үлгісі:

Private Sub Form_Click ( )

End


End Sub
Тапсырма: төмендегі мысалдарды шығару үшін берілген мысалдардың кодына өзгеріс енгізу :

  • бірінші пішінді шерткенде 1 – пішін көрінбеуге тиіс. Бағдарламалық жомен 2 – пішіннің түсі, тақырыбы мен өлшемі өзгертіліп көріктеу қажет;

  • 2 – пішінді шерткенде пішін көрінбеуге тиіс. Бағдарламалық жолмен 1 – пішіннің түсі, тақырыбы мен өлшемі өзгертіліп көрінуі қажет;

  • Пішіндегі батырманы шерткенде қосымшаның жұмысы тоқталуы қажет.

Бірінші пішін кодының үлгісі:

Private Sub Form_Click ( )

Form2.Visible=False

Form2.Show “ Пішінді көрсетеміз 2 (Form2)”

Form2.Caption= “№2 Пішін” “Cекінші пішінннің Сaption қасиетін өзгертеміз”

Form2.BackColor= RGB(15,100, 0) “Екінші пішіннің түсін өзгертеміз”

Form1.Height=4000

Form1.Width=2000

End Sub
Private Sub Form1_KeyPress(KeyAscii As Integer)

End


End Sub
Private Sub Form_Load ( ) “Пішінді іске қосқанда:”

Form2.Visible=False “Бағдарламаны жүктегенде екінші пішінді көрінбейтіндей етіп жасаймыз”

End Sub
Екінші пішін кодының үлгісі:

Private Sub Form_Click ( )

Form2.Visible=False

Form2.Show “ Пішінді көрсетеміз 2 (Form2)”

Form2.Caption= “№2 Пішін” “Cекінші пішінннің Сaption қасиетін өзгертеміз”

Form2.BackColor= RGB(100, 155, 0) “Екінші пішіннің түсін өзгертеміз”

Form1.Height=4000

Form1.Width=2000

End Sub

6- дәріс. Басқару элементтері. Базалық элементтер: Frame, Label, Textbox, CommandButton, CheckBox, OptionButton. (1 сағат)

Негізгі мақсаты: базалық компоненттердің тағайындалуын анықтау, олардың қасиетін, оқиғаларын және тәсілдерін меңгерту.

Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер базалық компоненттердің тағайындалуын және олардың қасиетін, оқиғасын және тәсілін білуі қажет. Оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білуі қажет.

Базалық элементтер: Frame, Label, Textbox, CommandButton, CheckBox, OptionButton. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер.

Сабақ басында пішіннің негізгі қасиеттерін, оқиғалар мен пішін тәсілдерін қайталау. Содан кейін «Базалық элементтер Frame, Label, Textbox. CommandButton, CheckBox, OptionButton. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер тақырыбын оқып-үйренуге өту». (оқулықтағы 2.3 тақырыпты қара).



Frame элементі. Жақтау

Frame. Жақтау басқарушы элементі пішінде объектілерді әр түрлі топтарға бөлу үшін қызмет атқарады. Қосқыштарға сәйкес жақтаулар батырмаларға әсер етеді. Пішіннің қалған элементтері үшін жақтаулар объектілер тобына қатынасты реттейтін визуалды бөлгіштер және функциялар рөлін орындайды.

Қасиеттер:

Name Аты Top Жоғарғы координата

Back Color Фон түсі Left Сол жақ координата

Caption Тақырып Visible Көрінуі

Font Қаріп Enabled Қатынас

Height Биіктік Width Ені
Оқиғалар:

Click Шерту DblClick Екі рет шерту

Батырмалар

Әр түрлі батырмалар және меню командаларының тағайындалуы бірдей болып келеді – қолданбаның бір процедурасын баптағанда, сол режимді немесе басқа режимді қосу және жылжыту болып келеді (CheckBox, команданың атауының сол жағында қанат белгі). Көп қолданатындарының меню командаларының қатысуымен жылдам батырмалар қайталанады. Меню командалары және батырмалар арасындағы сәйкестік ортада тіпті компонент атауымен де CommandButton (Командалық батырма) ерекшеленеді.



Кесте. Батырмалар тізбелері және спецификациясы

батырманың белгіленуі

батырманың спецификациясы







CommandButton

(режим Standart)

CommandButton

(режим Standart)

CheckBox


OptionButton

жазуы бар кәдімгі батырма

суреті бар, жазуы бар батырма

сыртқы жазуы бар төрт бұрышты батырма

кейде қанат белгісі болады

сыртқы жазуы бар дөңгелек батырма, кейде ортасында үлкен нүктесі болады



CommandButton элементі (командалық батырма) әдетте кейбір әрекеттерді екпіндетеді (команданың орындалуын шақырады).

Қасиеттер:

Back Color Фон түсі Height Биіктігі

Caption Тақырып Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

Visible Көрінуі Left Сол жақ координата

Style (батырманың стилі) – Standard, Graphical.

Бұл батырмаға тақырыптан басқа бірден үшке дейін батырманың әр түрлі күйінде пайда болатын .bmp, форматындағы кішірек мөлшердегі расторлық суреттерді орналастыруға болады. Ол үшін Style қасиетінде міндетті түрде «1- Graphical» тағайындау керек. Picture, DownPicture, DisabledPicture қасиеттеріне – сурет файлына жол көрсетуге болады.

Picture – басылмаған батырмаға жапсырылған сурет;

DownPicture – батырмаға басылған кезде шығатын сурет;

DisabledPicturе – батырмаға қатынас жоқ кезіндегі сәйкес келетін сурет.

Командалық батырма қарастырылған оқиғалар: Click (Егер Cancel қасиеті True мәнін меншіктесе, онда оқиға Esc пернесін басқан кезде пайда болады), KeyPress (Пернені басу), GotFocus (Фокусты орнату) және LostFocus (Фокустан шығу), осы оқиғаларды өңдегенде сәйкес процедураларды шақырады.



SetFocus: Тәсілі, меңзерді таңдалған командалық батырмаға орнатуға мүмкіндік береді. Ол курсорды қоюға рұқсат ететін басты батырма:

Синтаксисі: [басты_батырманың аты]. Set Focus



Элементы OptionButton (Қосқышы) және CheckBox (жалаушасы) .

Аталған батырмалар бір немесе бірнеше мүмкін жағдайларды (CheckBox батырмасы) айғақтайтын қамтамасыз ететін, (OptionButton батырма) мүмкін жағдайлардың бірінтаңдауға мүмкіндік береді.



Қасиеттер:

Back Color Фон түсі Height Биіктігі

Caption Тақырыбы Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

Visible Көрінуі Left Сол жақ координата

Value Жағдайы. Мәндерді қабылдайды. True – қосқыш екпінді, дөңгелектің ортасында қалың қара нүкте; False – екпінді емес.
Style (батырманың стилі) – Standart, Graphical – батырманың үстіндегі үш суретке дейін байланыс болуы мүмкін:

Picture – басылмаған батырмаға жапсырылған сурет;

DownPicture – батырмаға басылған кезде шығатын сурет;

DisabledPicturе – батырмаға қатынас жоқ кезіндегі сәйкес келетін сурет.

Батырмаларды біріктіру үшін, пішіндегі Frame (Жақтау) немесе PictureBox(сурет үшін жақтау) контейнеріне батырмаларды орналастыру қажет, контейнерге орналасқан батырмалар автоматты түрде топқа біріктіріледі.

Қосқыш қарастырылған оқиғалар: Click(Шерту), KeyPress(Пернені басу), GotFocus(Фокусты орнату) осы оқиғаларды өңдегенде сәйкес процедураларды шақыратын оқиғаларға әсер етеді.

SetFocus: Әдісі.

Label (Белгі) элементі.

Label (Белгі) – мәтіндік ақпаратпен толтырылатын өріс. Түрлі түсініктемелерді қажет етіп тұрған жанына басқа объектілер орналасқан жазбаларды шығару үшін қолданылады.

Қасиеттер:

Back Color Фон түсі Height Биіктігі

Caption Тақырыбы Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

Visible Көрінуі Left Сол жақ координата

Alignment Тегістеу Appearance Жазбаларды өлшемді немесе

жазықтықта бейнелейді



Border Style Жақтау түрі Back Style Фон стилі

Auto Size Мөлшерді автотұрғызу. Caption (True мәнінде) қасиетімен берілген белгінің өрісі мөлшерін мәтін мөлшеріне сәйкестендіріп өзгертуге, тағайындауға мүмкіндік береді. False мәнінде мөлшері өзгермейді, артық символдар жабылады.

Оқиғалар:

Change() – Label элементінің мазмұнының өзгеруіне әсер етеді.

Click() (Шерту) – элементте тышқанды бір рет шерту.

DblClick() – элементте тышқанды екі рет шерту.

Mouse Down (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As

Single) – жазбада тышқан батырмасын шерткен кездегі пайда болатын

оқиға.

Mouse Move (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As

Single) – жазбада тышқан нұсқағышын жылжытқанда пайда болатын оқиға.



Mouse Up (Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

жазбадан тышқан батырмасын ажыратқан кездегі пайда болатын оқиға.


TextBox элементі (мәтіндік терезе). Ақпаратты енгізу немесе

шығару үшін экранның аймағын анықтайды.


Қасиеттер:

Back Color Фон түсі Height Биіктігі

Caption Тақырыбы Width Ені

Enabled Қатынас Name Атауы

Font Қаріп Top Жоғарғы координата

Visible Көрінуі Left Сол жақ координата

Alignment Тегісте Appearance Жазбаларды үш өлшемді немесе жазықтықта бейнелейді.

Border Style Жақтау түрі Back Style Фон стилі

Auto Size Мөлшерді автотұрғызу. Caption (True мәнінде) қасиетімен берілген белгінің өрісі мөлшерін мәтін мөлшеріне сәйкестендіріп өзгертуге, тағайындауға мүмкіндік береді. False Мәнінде мөлшері өзгермейді, артық символдар жабылады.

Max Length Максималды ұзындық. Кез келген санды енгізіп және шығаруға мүмкіндік береді, алғашқы келісім бойынша 0 мәнін қабылдайды. Басқа мәндері символдардың мүмкін мәнін анықтайды.

Multi Line Бірнеше қатары False (мәтіннің бірқатарын енгізуге

немесе шығаруға мүмкіндік береді) немесе True (мәтіннің бірнеше қатарын енгізуге немесе шығаруға мүмкіндік береді) мәндерін қабылдауы мүмкін. Enter пернесін басқан кезде мәтінді жаңа жолдан жалғастырып теруге болады.



Scroll Bars Айналдыру сызғышы. Мәндерді қабылдайды

0 (мәтіндік экранда айналдыру сызғышы жоқ) 1 (көлденең айналдыру сызғышы пайда болады), 2 (тік айналдыру сызғышы пайда болады), 3 (тік және көлденең айналдыру сызғышы пайда болады).



SelLenght (Белгіленген символдың саны), SelStart(Белгіленген блоктың басы), SelText(Белгіленген мәтін) бағдарламаның мәтіні жазылып жатқан кезде ғана қатынас болады және қасиеттер тізімінде болмайды. Белгіленген қатардағы белгіленген символдар санын анықтайды, белгіленген блоктың бірінші символының қадамы (0 – бірінші символ, 1 – екінші символ).

Оқиғалар:

Change(Өзгерту) Text қасиетін қолданушының немесе бағдарламалық өзгертілуімен шақырады. Әрбір жаңа символдың енгізілуі берілген оқиғаның және оны өңдейтін процедураны шақырылуының берілгенін анықтайды.

Тышқанмен Click (Шерту) немесе DblClick(Екі рет шерту) мәтіндік терезеге терезе_аты_Click() немесе терезе_аты_DblClick() оқиғаларын өңдейтін сәйкес процедураларды шақырады.



GetFocus (Фокусты орнату) және LostFocus(Фокустан шығу) Windows–қосымшаларында әрбір сәтте тек қана бір объект (объект фокуста орналасқан) екпінді болатындығы мүмкін екендігімен анықталады. Бұл компоненттердің жұмыс істеу принципін келесі мысалдардан қарастырамыз.


SetFocus: Әдісі.

1-мысал. Батырманы енгізген кезде мәтін өзгеретін бағдарлама құрыңдар.

Ол үшін пішінге бір батырма және 1 мәтіндік өріс (Caption қасиетін – Менің бірінші бағдарламам деп өзгертіңдер, AutoSize – True, Alignment Center) орналастырыңдар.



Код:

Private Sub Command1_Click()

Label1.Caption = "Енді мен программистпін"

End Sub


Тапсырма:

  1. Пішінге Command2_батырмасын орналастырыңдар. Click оқиғасы үшін Command2 батырмасына мынаны көрсетіңдер:

Private Sub Command2_Click()

End


End Sub

  1. Command1 батырманың кодын Command1–ді шерткенде:

    1. пішіннің түсі;

    2. батырмасының түсі;

    3. Command1 пішіннің тақырыбы;

    4. Command1 - батырмасының атауы;

    5. Command2 – батырмасының атауын – ШЫҒУ деп өзгеретіндей етіп өзгертіңдер.

2-мысал. Батырмаға суреттер орналастыру.

Пішінге екі батырма орналастырыңдар. Сaption қасиетінде – ештеңе, Style= “1- Graphical ”, Picture қасиетіне – суреттер файлына жол көрсету қажет.




Код:

(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face01.ico”) - сурет файлына жол.


Private Sub Command2_Click()

End


End Sub
Private Sub Command2_Click()

Command2.DownPicture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face01.ico”)

End Sub
Private Sub Command2_ Mouse Move (Button As Integer, Shift As

Integer, X As Single, Y As Single)

Command2.Picture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face02.ico”)

End Sub
Private Sub Form_Load()

Command2.Picture=Load Picture(“С:\Windows\Жұмыс үстелі\сабақ_VB_2\Face03.ico”)

End Sub
Ескерту: Осы әсерді сәйкес батырмалардың қасиеттеріне сурет файлдардың жолын көрсетіп те алуға болады.


3-мысал. Калкулятор бағдарламасын құрыңдар.

Пішінге 3 мәтіндік өріс (Text қасиетіне – бірінші және екінші өріске ештеңе, ал үшіншіге - 0) және 7 батырманы келесі қасиеттермен орналастырыңдар.




Caption



Command1 +

Command2 -

Command3 *

Command4 :

Command5 CE

Command6 ^

Command7 Sqr

Код:

Private Sub Command1_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) + Val(Text2.Text)

End Sub
Private Sub Command2_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) - Val(Text2.Text)

End Sub
Private Sub Command3_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) * Val(Text2.Text)

End Sub
Private Sub Command4_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) : Val(Text2.Text)

End Sub
Private Sub Command5_Click()

Text3.Text=”0”

End Sub
Private Sub Command6_Click()

Text3.Text=Val(Text1.Text) ^ Val(Text2.Text)

End Sub
Private Sub Command7_Click()

Text3.Text=Sqr(Text1.Text)

End Sub


4-мысал. Желдің жылдамығын «Секундтағы километрді», «Сағаттағы километрді» есептейтін бағдарлама құрыңдар. Пішіннің түрі суретте ұсынылған.

Пішінде орналастырыңдар:

1-объект TextBox қасиетінде Text бос болуы керек.

3-объектіде Label Caption қасиетінде: бірінші үшін – суретке сәйкес тест, екіншіде – Жылдамдық (м/сек), үшінші – бос.

1-объект Command Button Caption қасиетіне – Қайта есептеу.

Caption қасиетінің пішіні үшін – Жел жылдамдығы.





Код:

Батырмаға шерткенде қайта есептеу.

Private Sub Command1_Click()

Dim ms As Integer ‘жылдамдық м/сек

Dim kmh As Integer ‘жылдамдық км/ч

ms=Val(Text1.Text) ‘алғашқы мәліметтерді енгізу

kmh=ms*25 ‘ қайта есептеу

‘Нәтижені шығару

Label3.Caption=Str(ms) + “м/сек-это” + Str(kmh) + “км/ч”

End Sub



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет