«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет221/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Саурық Ыстамбекұлы /1814-1854/—батыр, би. ұлы жүз—
шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай 
батырдың алтыншы ұрпағы. Немере ағасы Сұраншы батырмен 
бірге Жетісуді Ілеге дейін билеген Қоқан хандығының езгісі не 
қарсы шығып, жергілікті халықтан жасақ құрды. 1853 жыл-
ғы Сарыкемерде Тілеуқабыл руларын шапқан қоқандықтарға 


366
күй аңыздар
қарсы ұрысқа Саурық батыр да белсене қатысқан. ол ресейдің 
Жетісуді жаулап алу саясатына наразылық танытушылар-
дың да алдыңғы қатарында тұрып, орыс әскерлерінің Тойшы-
бек бекінісіне шабуылына ашық қарсылық білдірді. Саурық 
қырғыздармен соғыс кезінде қаза тапқан. Саурық туралы 
Сүйінбай, Жамбыл жыр толғаған. 
Сейтек Оразалыұлы /1861-1933/—күйші, композитор. 
Батыс Қазақстан Бөкей ордасы ауданында туылған. Жасы-
нан домбыраға құмар Сейтек 12 жасында күйшілік шеберлі гін 
танытқан. Алғашқы домбыра тартуды ағасы Сұлтанғали 
дан 
үйренген. 17 жасында Салауаткерей, Әлікей сынды дом 
бы-
рашылармен жүздесіп, олардың «Көркем-ханым», «Алтын 
шаш», «Әсем» т.б. күйлерімен репертуарын толықтырады. 
Сейтек шығармаларының негізгі тақырыбы халықтың тұр-
мыс-тіршілігі, өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік теңсіздігі, 
озбырлығы болса, осы ойын күйлері арқылы жеткізген Сей-
тек талай мәрте абақтыға да жабылады. Кейін Сейтек Сібірге 
айдалғанда ел-жұртына деген сағынышы, оның тұрмыс жай-
ына деген күйзелісі «Айдау», «Түңілдім», «Арман», «Замана» 
сияқты күйлері арқылы өрнектелді. Сондай-ақ Сейтек осы за-
мана шындығын күй тілімен жеткізсе, оның тағы лирикалық 
толғанысты арнау күйлері болғаны мәлім.
Сиқым—ұлы жүз дулат тайпасына кіретін рулардың бірі. 
Шежіре деректері бойынша, дулаттан сиқым, жаныс, ботбай, 
шымыр тарайды. Сиқымнан—аққойлы, қарақойлы, қусирақ, 
шуылдақ, әлсейіт, жансейіт тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет