Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет21/22
Дата04.07.2016
өлшемі1.29 Mb.
#175972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Ескертпе:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет коды үш секциядан тұр: 000 00 000.
Бірінші позициядағы үш сан мемлекеттік қызмет көрсету саласын белгілейді.
Екінші позициядағы үш сан мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші саласын (өмірлік жағдайды) белгілейді.
Үшінші позициядағы үш сан мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші саласы ішіндегі реттік нөмірін белгілейді.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Мәдениетмині – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
ЗМҚК – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті
ҚСАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті
МФҚБК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
МСЭҚК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЖССҚҚД – Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты)
МФҚБД – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті
ІІД – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер департаменті
ЗТМО – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
МемжерҒӨО – «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ХҚО – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
МБА – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
АҚ – акционерлік қоғам
МҚПБҰО – Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы
ММ – мемлекеттік мекеме
РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын
ШЖҚ РМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы 


      Үкіметінің       
      2013 жылғы 18 қыркүйектегі
      № 983 қаулысына    
      қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат).


      2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат) 2-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 және 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 197 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 276-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы  № 215 және 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 301 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 336-құжат) 2-тармағы.
      5. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 351 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 361-құжат) 2-тармағы.
      6. «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 399-құжат) 2-тармағы.
      7. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 36, 430-құжат) 2-тармағы.
      8. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат) 2-тармағы.
      9. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 560 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 488-құжат) 2-тармағы.
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі  № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 493-құжат).
      11. «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 501-құжат) 2-тармағы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 мамырдағы № 596 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 508-құжат) 1-тармағының 3) тармақшасы.
      13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 586-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы  18 шілдедегі № 820 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 19-тармағы.
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 658-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      16. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
      17. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 778-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9) тармақшасы.
      18. «Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 7, 138-құжат) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1498 қаулысының 2-тармағы.
      19. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат) 2-тармағы.
      20. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 426-құжат) 2-тармағы.
      21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 231 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 433-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      22. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 455-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 60, 825-құжат) 2-тармағы.
      24. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 869 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 830-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
      25. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 918-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 944-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      27. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1072 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 953-құжат).
      28. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 2-тармағы.
      29. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1110 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 975-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      30. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 984-құжат) 2-тармағы.
      31. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 989-құжат) 2-тармағы.
      32. «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 992-құжат) 2-тармағының 2) тармақшасы.
      33. «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1007-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      34. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1009-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      35. «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат) 2-тармағы.
      36. «Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы»  2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1047-құжат) 2-тармағының 1) тармақшасы.
      37. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1058-құжат) 2-тармағы.
      38. «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1266 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1059-құжат) 2-тармағы.
      39. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1089-құжат) 2-тармағының 2) тармақшасы.
      40. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1136-құжат) 2-тармағы.
      41. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1575 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 54-құжат) 2-тармағы.
      42. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 141-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      43. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 149-құжат) 2-тармағы.
      44. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1788 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 173-құжат) 3-тармағы.
      45. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 маусымдағы № 764 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  29 желтоқсандағы № 1790 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 175-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      46. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1815 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 10, 195-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      47. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 201-құжат) 2-тармағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет