«Мен кіммін» әдістемесі



бет2/3
Дата04.04.2024
өлшемі19.88 Kb.
#497731
1   2   3
9. Мен кіммін

Тест нәтижесін талдау
Өзіндік бағалау – «Мен-концепцияның» эмоциялық тұрғыда бағалаудан тұратын бөлігі. Ол адекватты немесе адекватты емес деп қарастырылады. Өзін-өзі бағалаудың адекваттылығы адамның өзі туралы түссініктерінің объективті негізге сәйкестік деңгейін көрсетеді. Өзін-өзі бағалау нәтижелерін талдау зерттеу барысындағы + және – белгілерін салыстырудан көрінеді.
Адекватты деп + және – белгілерінің қатынасы, яғни Жағымды бағаның жағымсыз бағалауға қатысы 65-80 % дың 35-20% құраса айтылады.
Адекватты өзін-өзі бағалау - бұл адамның өз жақсы қасиеттерін, сондай-ақ кемшіліктерін шынайы саналауы мен бағалауынан тұрады, өзіне деген жағымды көзқарас, өзін сыйлау, өзін қабылдау., өзінің толыққандылығын сезіну. Адекватты бағалау адамның өз мүмкіндіктеріне сай қолжетімді мақсат пен міндет қоя білуінен, табысты істері мен сәтсіздіктері үшін жауапкершілік алуынан, жоспарларын жүзеге асыруынан, өзіне деген сенімділіктен, өз мүмкіндіктерін бағалаудан көрініс береді. Бұндай адам кез-келген ортада өзін еркін сезініп, қарым-қатынас құра алады, басқаларға да көңілі толады.
Адекватты емес тым жоғары бағалау (завышенная самооценка) – адамның өзін асыра бағалауынан (переоценка) көрінеді; адекватты емес төмен бағалау – объектінің өзіндік бағасының төмендігі. Өзіндік бағалаудың адекватты емес тым жоғары баға – жағымды бағаланатын қасиеттер + дың жағымсызға қатынасы 85-100% болса, яғни, адам өзінде кемшілік жоқ деп немесе +- белгілерінің жалпы санының 15 %-дан аз бөлігі. Бұндай адамдар тіпті өзінде жоқ жақсы қасиеттерді иемденіп, бар кемшіліктерін мойындамайды. Алдарына өз мүмкіндіктеріне сай емес міндеттер қояды. Өз сәтсіздіктеріне төзе алмайды, адамдармен қарым-қатынаста менмендік, конфликт кездеседі. Қол жеткізгеніне көңлі толмау, эгоцентризм байқалады. Өз – өзіне тіптен сенімді боп келеді.
Өзіндік баға өте төмен – төмен мақсаттар қою, өзін қабылдамау, мойындамау, өз тұлғасына негативті қатынас, өз жетістіктері мен беделін жеткілікті дәрежеде бағалай алмау тән. Адам өзіне сенімсіз. Объективті негізделмеген өзіне сенімсіздік – адамда мойынсұну, пассивтілік, «жетілмегендік комплексі» (комплекс неполноценности) сияқты белгілерді қалыптастыратын тұлғаның тұрақты қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет