Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет49/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   138
Педагогтармен жүргізілген сауалнаманы талдау. 
1-
ші сұрақ. Инклюзивті білім беру, инклюзивтік мәдениет – ерекше білім 
беру қажеттілігі бар баланы мектеп өміріне толық тарту ‒ 126 / 100% 
2-
ші сұрақ. Менің ойымша, қиындықтары бар балаларды балабақшаға 
және мектепке қосу үшін басты кедергі ...
а) кәдімгі балалар ата-аналарының қауіптері, қорқыныштары ‒ 63/50% 
б) педагогтардың кәдімгі балалардың құқықтарына нұқсан келеді және 
бағдарламаны меңгеру үшін оларға уақыт аз бөлінеді деген қаупі ‒ 56/44.4% 
в) қиындықтары бар балалар арнайы жағдайларда меңгеруі мүмкін 
дағдыларды меңгере алмайды деген педагогтар қаупі ‒ 73/57,9% 
г) ұйымның ата-аналардың арасындағы танымалдылығы азаяды деген 
әкімшілік қаупі ‒ 30/23,8% 
д) басқалар 6 /4,8% 
3-
ші сұрақ. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен бірлесіп 
дамыту және тәрбиелеу процесінде оқушылар үшін туындауы мүмкін 
жағымсыз сәттер қандай? 
а) балаларда танымдық цикл сабақтарына қызығушылықтың төмендеуі ‒ 
27/21,4% 
б) үлгерім мен даму қарқындылығының төмендеуі ‒ 42/33,3% 
в) балалар ұжымында қақтығыстардың туындауы ‒ 36/28,6% 


118 
г) жағымсыз сәттер жоқ – 18/14,3% 
д) сыныптағы тәртіптің бұзылуы ‒22/17,5% 
4-
ші сұрақ. Бірлесіп дамыту және тәрбиелеу процесі ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларға қалай әсер етеді? 
а) ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала кішкентай кезінен бастап 
басқа адамдармен өзара әрекет жасауға үйренеді ‒ 76/60,3% 
б) құрбыларының тарапынан қосымша қолдау таба алады ‒ 71/56,3% 
в) басқа балалармен қатар балалар ұжымына қатыса отырып, өзін 
толыққанды сезіне алады ‒ 72/57,1% 
г) басқа балалармен араласа отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
бала барабар дамитын болады ‒ 58/46% 
д) онда әртүрлі әрекет түрлерінде, қарым-қатынаста өз қабілеттерін 
көрсетудің үлкен мүмкіндіктері пайда болады ‒ 70/55,6% 
е) жағымды сәттер жоқ 
ж) басқа - 3/2,4% 
5ші сұрақ. Бірлесіп дамыту және тәрбиелеу процесі ерекше білім беру 
қажеттіліктері жоқ балаларға қалай әсер етеді? 
а) балалар мейірімдірек болады ‒ 72/57,1% 
б) басқаларға көмектесуді үйренеді ‒ 80/63.5% 
в) төзімді болуды үйренеді ‒ 57/45,2% 
г) аяушылық, тілектестік тәжірибесін алады ‒ 71/56,3% 
д) балалардың өмір туралы көзқарасын кеңейтеді ‒ 81/64,3% 
е) жағымды сәттер жоқ ‒ 2/1,6% 
ж) басқа ‒ 2/1,6% 
6-
шы сұрақ. Инклюзия идеясын ұстанатын адамдар мұны жасайды
өйткені: 
а) қиындықтары бар адамдарды Құдай олардың көмегімен «дені сау» 
адамдар өздерін құтқара алуы үшін жіберді деп есептейді ‒ 4/11,1% 
б) адамдарды жақсы жағына қарай өзгерткілері келеді ‒ 63/50% 
в) қиындықтары бар адамдармен араласу кәдімгі адамдарға толерантты 
және төзімді болуға көмектесе алады деп есептейді ‒ 83/65,9% 
г) өйткені бұл жұмыстан өз ықыласын табады ‒ 59/46,8% 
д) мұнда әділ қоғам үшін негіз бар деп есептейді ‒ 63/50% 
е) басқа ‒ 3/2,4% 
Жалпы білім беретін ұйымда инклюзивті білім беруді іске асыру туралы 
оқушыларға арналған сауалнамаларды талдау  
Жалпы мәліметтер 
1-
ші сұрақ. Сенің жасың нешеде? 
а) 13-14 жас – 3/1,7% 
б)14-15 жас ‒ 66/36,7% 
в)15-16 жас ‒ 88/48,9% 
г)17-18 жас ‒ 13/7,2% 
2-
ші сұрақ. Жынысы
а) ер ‒ 85/47,2% б) әйел ‒ 95/52,8% 


119 
3-
ші сұрақ. Тұрғылықты жері
а) қала ‒ 87/48,3% б) кент ‒ 93/51,7% оқушы 
4-
ші сұрақ. Егер сенің сыныбыңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
оқушылар оқитын болса, оған сен қалай қарайсың? 
а) жақсы ‒ 114/63,3% 
б) жоқ ‒ 11/6,1% 
в) немқұрайлы ‒ 57/31,7% 
5-
ші сұрақ. Сенің ойыңша, сенің мектебіңде ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар баланың болуы ыңғайлы болу үшін не жетіспейді? 
а) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мектептегі іс-шараларға 
қатыспайды ‒18/10% 
б) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың достары аз ‒ 
100/55,6% 
в) білмеймін ‒ 62/34,4% 
6-
шы сұрақ. Егер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сенің 
сыныбыңда оқыса, сен олар үшін не істей алар едің?
а) дос боламын, қонаққа және киноға барамын, бірге сабақ дайындаймыз 
‒ 103/57,2% 
б) қамқорлық көрсетемін (сатыдан жүруге көмектесемін, рюкзагын 
әперемін және т.б. ‒ 93/51,7% 
в) одан алыс жүремін және елемеуге тырысамын ‒ 5/2,8% 
г) одан алшақ жүремін, бірақ қажет болған жағдайда көмектесемін ‒ 
36/20% 
7-
ші сұрақ. Егер сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі мұғалім сабақ бере 
бастаса, сен оған қалай қарайсың? 
а) жақсы ‒ 49/27,2% 
б) егер оны мектепке жұмыс істеуге алса, яғни ол жақсы мұғалім ‒ 
70/38,9% 
в) білмеймін ‒ 65/36,1% 
8-
ші сұрақ. Даму мүмкіндігі шектеулі адамдарды кездестіргенде, сен 
қандай сезімде боласың?
а) аяушылық ‒ 60/33,3% 
б) қымсыну ‒ 22/12.2% 
в) селқостық ‒ 17/9,4% 
г) көмектесу, оларды қолдау ниеті ‒ 119/66,1% 
Сауалнама нәтижелері жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім 
беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық 
қатыстыра отырып, оқушылардың, педагогтардың, мұғалімдердің оларды 
оқытуға оң көзқарасын көрсетті. 
Осылайша, білім беру ұйымдарында инклюзия мәдениетін қалыптастыру 
мектеп қоғамдастығында инклюзияның қандай да әмбебап құндылықтарын 
және инклюзивті мектеп ‒ бұл:

Мектеп қоғамдастығындағы барлық оқушылардың тегіне, тіліне, дініне, 
денсаулық жағдайына қарамастан теңдігі. 


120 

Барлық оқушылар оқу күні бойы оқу процесіне бірдей қол жеткізе 
алады. 

Барлық оқушылардың маңызды әлеуметтік байланыстарды орнату және 
дамыту үшін тең мүмкіндіктері бар. 

Барлық оқушыларды оқыту мұқият жоспарланып, едәуір тиімді тәсілмен 
жүргізіледі. 

Оқыту процесіне тартылған педагогтар мен мектептің барлық 
қызметкерлері инклюзивті білім беру процесін жүзеге асырудың стратегиялары 
мен педагогикалық технологияларына оқытылды. 

Оқыту бағдарламасы мен оқытуда қолданылатын педагогикалық әдістер 
әр оқушының қажеттілігін ескереді. 

Отбасылар мектеп өміріне белсенді қатысады. 

Мектептің барлық қызметкерлері инклюзияның құндылықтарын 
бөліседі, позитивті көңіл-күйде және өз міндеттерін түсінеді деген түсінікті 
қалыптастырумен байланысты. 
Білім беру ұйымының инклюзивтік мәдениетін құру ‒ бұл инклюзияның 
идеологиясы мен құндылықтарын қабылдауды қалыптастыру, білім беруде 
инклюзивтік тәсілдің артықшылықтарын түсіну, инклюзивті мектептің 
құндылықтарын тек мектеп әкімшілерінің арасында ғана емес, сонымен қатар, 
ең бастысы, педагогтар, оқушылар және ата-аналар арасында ‒ мектеп 
қоғамдастығының барлық қатысушыларының арасында бөлу бойынша негізін 
қалаушы және айтарлықтай күрделі және қарама-қайшы процесс. 
Бұл процесс педагогикалық ұжымды ақпараттандырудың жоғары 
деңгейін, мектепті дамытудың инклюзивті жоспарын әзірлеуді, арнайы 
педагогикалық кеңестер мен мектеп оқушылары арасында сабақтар өткізуді 
көздейді. Мектептің инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі 
жұмыстың маңызды бағыты эмоциялық жылудың ерекше атмосферасын құру 
және әрбір оқушыны қабылдау, сондай-ақ бейтарап болып табылатын және 
инклюзивті білім беру процесіне қатысушыларға теріс көзқарасты 
қалыптастырмайтын тіл мен терминологияны пайдалану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет