Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


ВИА (Вокально-инструментальный ансамбль)



бет42/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

ВИА (Вокально-инструментальный ансамбль) – КСРО кезінде рок топтар- ды тыңдауға, құруға тыйым салынғанына қарамастан «шекарадан өтіп», жастар арасында кең тарала бастаған өткен ғасырдың 60-жылдары, Кеңес одағында рес-ми түрде құруға рұқсат етілген топ түрі. Оның құрамында 3 гитара (соло, ритм, бас), синтезатор, үрлемелі және соқпалы аспаптар кіреді. ВИА мүшелері негізі-нен әндерді өздері орындайды, кейбір топтарда ғана бірді-екілі жеке әншілер болады.
Вибрация - (лат. тілінің «variatio» құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н.Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ.Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.
Виртуоз - (лат. Virtus - дарын иесі) асқан шебер, орындаушылық қабілеті, мүмкіндігі айрықша күшті музыкант.
Вокализ - (лат. Vocalis - дауысты, үнді) вокализ адам дауысына арналып жазылған жаттығу музыкалары, сөзі жоқ, тек «а» дыбысымен орындалатын ән. Вокалист - әнші (адам).
Вокалдық әуен - маманданған, кәсіптік дауысқа арналған. Әуеннің кейбір негізгі заңдылықтары вокалдық музыкада қалыптасқан және табиғи орындауға ыңғайлы, ән айтумен байланысты вокалдық әуенде жоғарылаушы қозғалыста шиеленісудің әлсіреуімен, энергияның таусылуымен байланысты, серіктестігі кері бағыттағы қозғалыспен толтыру қажет. Вокалдық әуеннің ерекшелігі – дауыстың табиғи мүмкіндіктерімен ыңғайласып, тікелей байланыста болуы. Вокалдық әуенге салыстырмалы түрде кішігірім диапазон тән, тыныс алумен мәтін көлеміне байланысты жиі цезуралар (фразалар) кездеседі.
Вокалдық музыка - ән айтуға арналған музыка. Бұл ұғымға капелла айтуға немесе музыкалық сүйемелдеу үшін арналған кез келген музыкалық шығарма жатады. Вокалдық музыканың жанрлары: ән, романс, кантата, оратория, опера. Вокалдық музыкадағы топтсатырылу кезінде басты назар сөз тіркестеріне, буындарының құрамына аударылады. Буынға келетін жеке ұзақтық, көршілес ұзақтықтармен бір топқа бірікпейді. Ал егер бір буынға бірнеше дыбыс келсе, бұлардың ұзақтықтары ортақ заңдылықтарға сәйкес лига арқылы бір топқа бірігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет