Қоғамдық ғылымдар жүйесінде этнология және оның орны



бет2/34
Дата22.12.2023
өлшемі146.94 Kb.
#487586
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
толық жауап этно1

Этнос және ұлт. Этнос (грек.ethnos – халық) – тарихи қалыптасқан, адамдардың орнықты қауымдастығы – тайпа, ұлыс, ұлт. Этнос пайда болуының негізгі алғышарттары – өмір сүретін аумақтың, тілдің және рухани құндылықтардың ортақтығы. Бірлескен шаруашылық қызметі, өмірдің табиғи жай-күйі мен басқа да себептер жағдайларында этносқа тән материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстың, әлеуметтік-психологиялық нұсқамалардың ерекшеліктері қалыптасады. Этнос мүшелерінде ортақ өзіндік сана пайда болады, оның сыртқы көрінісінің қызметін ортақ өзін-өзі атау – этноним (мысалы,түркілер, славяндар және басқалар) атқарады.
Этностың бүкіл тарихының өн бойында өзін-өзі атауы оның барлық өкілдерінің ортақ аты және оны басқа этностардан бөліп көрсететін таңбалауыш (маркер) қызметін атқарады.
Қалыптасқан этнос басым бөлігінде этникалық біртекті некелер жолымен көбейетін және жаңа ұрпаққа тілін, дәстүрлерін, мәдениетін және т.б. беретін әлеуметтік ағза ретінде әрекет етеді.
Этнос әлеуметтік жадта сақталатын оның тарихы мен бірыңғай бүтін болып бірігеді. Этностың тарихи даму үдерісі этнос бірлігінің сақталуына жағдай жасайды.
Этникалық қауымдастық, этнос - бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді.
Этникалық көші-қон тайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШ, Австралия, Үндістан, т.б.). Этникалық көші-қонтардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Этникалық көші-қонтың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады. Қалыптасқан Этникалық көші-қон әлеум. ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Этникалық көші-қон теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этн. топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге Этникалық көші-қонтың тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеум. ұйымы бар Э. қ-тар да, терр. жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) Этникалық көші-қондар да кездеседі.
Аталмыш термин кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингвистик. топтарды атау үшін қолданылады (мыс., орыс, украин, поляк, т.б. “славян этникалық қа-уымдастығына”, ал қазақ, қырғыз, түрікмен, т.б. түркі халықтарының Этникалық көші-қон тобына енеді). Сонымен қатар, бір халықтың ішіндегі этногр. топтарды белгілеу үшін де Этникалық көші-қон термині қолданыла береді (мыс., орыс ішінде – поморлар, кержактар; қазақта – үйсін, қыпшақ, т.б.). Бұл айтылған екі жағдайдың екеуі де “этнос” деп аталады.С. Борбасов .
Ғылымда этнос туралы нақты түсінік жоқ.
Широкогоровтың этнос теориясы. «Этнос» ұғымы мен этнос алғашқы теорияны қалыптастырушы автор, орыс ғалымы С.М.Широкогоров болды. Ол этносты биологиялық популяция тұрғысынан қарастырды және этностың пайда болуын нақты географиялық ортаға бейімделген популяциямен, ал олардың бұдан кейінгі дамуын – екінші (мәдени) ортаның қалыптасуымен және этникалық ортамен (этникалық қоршаумен) байланыстырды.
Ғалым этностың дамуы мен тоқырауы және жойылуы туралы заңды қалыптастырды, ол этнос санының мүшелеріне, аумағына және орта мен мәдениеттің өзгеруіндегі түрлі «әсерлерге» байланысты қалыптасты.
Этнографиядағы эволюционизм. Көптеген ғалымдар этносты адамдардың өзгеріске ұшырамайтын «қандық» белгілері арқылы, өзінің этникалық ерекшелік сипатын жоғалтпай ғасырлар бойы дами береді деп қарастырды.
Широкогоров және басқа да ғалымдар этностардың дамуы сызықты түрде болмайтыны, этностар, негізінен, бір бағытта (мысалы: тіл, дін, өнер) дамып, басқаларға зардап (мысалы, техникаға) шектіретін анықтады.
Кеңестік кезеңде отандық ғылымда қоғам дамуының формациялық теориясы үстемдік етіп тұрғанда, әрбір қоғамдық-тарихи формация өзінің этникалық қауымына сай болады деген түсінік қалыптасты. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста – тайпалар, құлиеленуші және феодалдықта – халықтық, капиталистік және социалистік құрылыста – ұлт болды (әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени-саяси қауым ретіндегі емес, этникалық қауым түрдегі ұлт). Осы түсінікке орай ұлт – этникалықтың жоғары дамыған түрі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет