Оқытушы: Кулекешова А. Б. Орындаған: экономика факультеті 07-045-21-08 тобы студенті Жукенова Зарема 2024 жыл Мазмұны Кіріспе


Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі



бет5/7
Дата15.03.2024
өлшемі35.62 Kb.
#495679
1   2   3   4   5   6   7
DOC-20240313-WA0006.

Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

  • пайда болу орны бойынша — өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;

  • өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша — оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;

  • шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік кұнына көшіру тәсілі бойынша экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.

Сонымен бірге:
а) экономикалық элемент бойынша — өнім өндіру үшін кандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
материалдық шығындар;
еңбекақы шығындары;
аударым;
құралдың тозуы;
басқадай шығындар;
ә) калькуляция баптары бойынша — өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
материалдар;
еңбекақы;
аударым;
үстеме шығындар.
Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп (детализировать), элементтік қимада (поэлементном разрезе) қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру онын құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бакылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін (кесте 2).
Негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме — өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті — бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).
Кешенді — бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).
Тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады (авто-механиктың еңбекақысы бұл автосервис бөлімшесінің тікелей шығыны болып табылады; цехтағы автомобильдердегі сырлауда пайдаланылатын сырдың құны — сырлау цехының тікелей шығыны болып табылады).
Жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын- бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы — бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады).
Шығындардын тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде — барлық шығындар тікелей болып табылады).
Өзгермелі — оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және бүл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі.
Тұрақты өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т.б.).
Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.
Ағымдағы — жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).
Бір жолғы — демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік — тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруга кететін барльқ шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен кабылданып, қоймаға еткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік кұны, сондай-ақ субъектінің негізгі каражатын толтыруға бағытталған өнім).
Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) — өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) — ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес (жоспарланбаған) — технологияның жетіспеуішілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).
Реттелетін — атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).
Реттелмейтін — қызметкер оньң деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).
Жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.
Орташа — есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.
Өнімге — өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).
Кезеңге — кезең шығындары: әкімшілік шығысдар, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).
Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:

  1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:

  • негізгі — өндірістің технологияльң процесімен тікелей байланысты;

  • үстеме — өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;

  • тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;

  • жанама — жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;

  • кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);

  • біткен (шығынға кеткен материалдар).

  1. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
    «өзгермелі — оның көлемі өндіріс колеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;

  • тұрақты — өнім өндіру колемінің өзгеруіне тәуелді емес;

  • қайтарылмайтын — откен кезеңнің шығыны мен табысы;

  • міндеттік (временные) — ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;

  • айыптық (өсетін) — қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы төлеу);

  • маржиналдық (шектеулі) — қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;

  • релеванттық — тапсырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуына байланысты.

  1. Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:

  • реттелетін;

  • реттелмейтін;

  • тиімді (өндірмелі, яғни производительные);

  • тиімсіз (өндірілмейтін);

  • бақыланатын;

  • бақыланбайтын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет