Оптика пәні Оптика


Энергетикалық жарқырау (светимость)



бет6/8
Дата23.02.2024
өлшемі3.49 Mb.
#493013
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция 1 Оптика

Энергетикалық жарқырау (светимость). Бет элементінен барлық бағыттар бойынша шығарылған сәуле қуатының элемент бетіне қатынасы, энергетикалық жарқырау деп аталады
(11)
мұнда интегралдау элементінен сәуле шығарылатын жағына қарай барлық бағыт қамтылатын денелік бұрыш бойынша жүргізіледі.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы мына формула бойынша анықталады
, (12)
Егер энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы бағытқа тәуелді болмаса (яғни ), онда (11)-дағы интегралды есептеуге болады. Сфералық координаталар жүйесінің осін бет элементіне нормаль бойынша бағыттап және аксиал бұрышты белгілеп, (11)-ны мына түрде жазамыз
(13)
Интегралдауды орындап мына нәтижені табамыз
(14)
(14)-дан теңдігі шығады мына түрде жазылады
(15)
мұндағы ; (16)
-беттің энергетикалық жарқырауы және энергетикалық жарықтылығы.
Энергетикалық жарықталу (освещенность). Барлық алдыңғы шамалар сәуле шығару процесін сипаттады. Енді сәуленің бет элементіне түсуін қарастырамыз. Бұл құбылыс энергетикалық жарықталу деп аталатын шамамен сипатталады. Ол бет элементіне түсетін сәуле қуатының элемент ауданына қатынасына тең
(17)
Есептеулерде бетке нормаль бетінен сәуле түсетін жаққа қарай бағытталған деп саналады (4-сурет).
Энергетикалық жарықталудың спектрлік тығыздығы
. (18)
Фотометриялық шамалар. Бұлар энергетикалық шамаларға ұқсас, бірақ негізгі шама ретінде жарық күші алынады. Жарық күшінің бірлігі-кандела қара сәуле шығарғыш көмегімен анықталады; қара сәуле шығарғыш платинаның қату температурасы жағдайында істейтін негізгі эталон ретінде қабылданған.
Бұл эталон 1967 ж. өлшемдер және таразылар бойынша ХIII Бас конференция шешімімен бекітілген. Ол төмен жағы жабық диаметрі ~2 мм және ұзындығы 40 мм керамика түтікшеден тұрады. Бұл түтікше балқыту үшін таза платинамен толтырылған тигельде орналастырылған. Салқындатқан кезде платина қатаяды және оның температурасы орнығады және 2045 К мәнінде сақталады. Басқа жарық көзінен шыққан жарық күші, оның және эталонның жасайтын жарықталуларын салыстырудан анықталады.
Жарық ағыны. Жарық ағыны деп жарық көзінің жарық күшінің, ішінде шығарылған жарық таралатын денелік бұрышқа көбейтіндісін айтады
(19)
Егер жарық күші нүктелік көз барлық бағыттарда жарық шығаратын болса, онда оның сәулесінің толық қуаты болатындығы көрінеді.
Жарық ағынының спектрлік тығыздығы мына формуламен анықталады
(20)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет