«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет12/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі.
Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі.
Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін.
Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Тапсырманы құрастырушы мұғалім :
  • оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасайды;
  • тест спецификациясына сәйкес тапсырмалар түрлерін анықтайды және құрастырады;
  • құрастырылған тапсырмалар мен балл қою кестелерін ПӨО мен ҰБА-на сараптамаға жібереді;
  • Сараптамадан кейін тапсырмалар мен балл қою кестелерін толықтырады және ПӨО жібереді.

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
  • Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет