Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


ДНҚ-ның,  құрылымы,  саны  және  қасиеттері



Pdf көрінісі
бет31/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

ДНҚ-ның,  құрылымы,  саны  және  қасиеттері.  ДНҚ-ның 
құрылымын зерттеген көптеген тәжірибелердің нәтижесіңде, кырқын-
шы жылдардың аяғында төмендегідей мәліметтер белгілі болды: 
 1. ДНҚ 4 нуклеотидтен (аденин, гуанин, цитозин, тимин) тұрады. 
Олардың  алдыңғы  екеуі  екі,  ал  қалғандары  бір  сақинадан  құралған. 
Әр  нуклеотид  бесбұрышты  қантпен  коваленттік  байланыс  арқылы 
қосылған фосфат тобы мен азоттық негізден тұрады. 
2.  Нуклеотидтер  бір-бірімен  қант  және  фосфор  тобымен  кова-
лентті  байланыс  арқылы  қосылған.  Осы  фосфор  тобы  мен  канттың 
қалдығынан  тұратын  ұзын  шиыршықты  молекуланы  қант-фосфорлы 
тұлғасы дейді. 
3.  Э.  Чаргафф  анықтаған  ДНҚ-ның  барлық  молекуласындағы  
адениннің  (А)  саны  тиминмен  (Т)  бірдей,  ал  гуаниндікі  (Г) 
цитозинмен  (Ц)  тен;  оны  қысқаша  былай  белгілейді  -  А  =  Т,  Г  =  Ц. 
Аденин мен тимин екі сутектік байланыспен, ал гуанин мен цитозин 
үш сутектік байланыс арқылы қосылыс түзеді. 
4.  ДНҚ-ның  молекуласы  шиыршық  (оралма)  болып  оралған. 
Оның негіздері шиыршыққа тік бұрышпен орналасады. Оны ең алғаш 
Р.  Франклин  түсірген  рентгенограммадан  көруге  болады.  Рентгено-
грамманың көмегімен қант- фосфорлы тұлғаның шиыршықтың сырт-


34 
 
қы  жағында,  ал  негізі  іште  екенін  және  шиыршықтың  бір  орамында 
он нуклеотид болатыны анықталды. 
Р.  Франклин  ашқан  деректердің  ДНҚ-ның  құрамын  анықтауда 
маңызы зор болды, бірақ екі сұрак жауапсыз қалды: ДНҚ-ның моле-
куласы  қанша  жіпшеден  тұрады  және  олар  қалай  байланысқан?  Бұл 
сұрақтың жауабына негіз болған 1953 жылы Ж. Уотсон мен Ф. Крик 
ұсынған  ДНҚ-ның  құрылымы  еді.  Олар  ұсынған  құрылымды  ДНҚ 
молекуласы  екі  жіпшеден  немесе  тізбектен  тұрады.  Бұл  жердегі 
жіпшелердің орнында осы тізбектердің қант-фосфатты тұлғасы тұра-
ды да, ал баспалдақтың рөлін негіздер атқарады. Әрбір баспалдақ екі 
негізден тұрса, олардың біреуі екі, ал екіншісі бір сақинадан тұрады. 
Сутектік  байланыстың  түзілуінің  өзі  азотты  негіздердің  өте  жақын 
түйісуінің  нәтижесі  деп  түсінген  дұрыс.  Түйісетін  нуклеотидтер 
белгілі бір заңдылыққа бағынады, атап айтқаңда; бір тізбекте А орна-
ласса,  екінші  тізбекте  оның  қарсысында  Т  орналасады,  яғни  А-ға  Т 
комплиментті,  ал  Г-ге  Ц  комплементті  болып  орналасады.  Нуклео-
тидтердің  осылай  комплементке  сай  орналасуының  нәтижесінде, 
біріншіден,  қосарлы  сақинаның  бүкіл  ұзына  бойындағы  тізбектердің 
ара  қашықтығы  бірдей  болады,  екіншіден,  қарама-қарсы  орналасқан 
негіздердің арасы сутектік байланыстар арқылы қосылады. Мәселен, 
Г  мен  Ц  үш  сутектік  байланыс,  ал  А  мен  Т  арасындагы  екі  сутектік 
байланыс  түзіледі.  Неғұрлым  сутектік  байланыс  көп  болса  ДНҚ 
жіпшелері  берік  болады  және  оның  молекуласы  тұрақты  болып, 
козғалғыштығы сақталатыңдығы дәлелденді. Қорыта келе, Ж. Уотсон 
мен  Ф.  Крик  ашқан  ДНҚ  молекуласы  құрылымының  дұрыстығы 
эксперимент  жүзінде  толық  дәлелденіп,  молекулалық  биология  мен 
генетиканын дамуына зор ықпалын тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет