ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет4/6
Дата16.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#139963
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


14-семинар. Аралас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мазмұны:

1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Сабақтың мақсаты: Аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Олардың айырмашылыктары, жасалу жолдары.

Бақылау сұрақтары:

1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Әдістемелік нұсқаулық: Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.

2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.

Синтаксис. 1 басылуы. 1939.

3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.

II бөлім. Синтаксис.1971.

4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл

мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.

5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


15-семинар. Күрделі синтаксистік тұтастық

Сабақтың мазмұны:

1. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Сабақтың мақсаты: Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты туралы түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1 Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық сипаты.

2. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

Әдістемелік нұсқаулық: Күрделі синтаксистік тұтастықтың қазақ тіл білімінде зерттелуіне тоқталу. Көркем шығармадан мысалдар арқылы дәлелдеу.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі /синтаксис/. А., 1972.
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1991.
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А., 1983.
4. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. А., 1992.
5. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А., 1997.
6. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
7. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. Қ., 1998.
8. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің синтаксисі. А., 1995. 
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А., 1996.
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәні бойынша курстық жұмыс (жоба) қарастырылмаған.


5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:

Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.
5.1 Синтаксистің зерттеу нысаны. Синтаксис мәселелерінің зерттелу тарихына шолу жасау

5.2 Сөйлем мүшелерінің қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Бастауыштың қазақ тілінде зерттелу жайы. Ғылыми еңбектерді конспектілеу.

5.3 Тұрлаулы мүшелер. Тұрлаулы мүшелер туралы өздік жұмысын жазу

5.4 Тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаусыз мүшелер туралы өздік жұмысын жазу

5.5 Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Көркем мәтіндегі бірыңғай мүшелерге синтаксистік және стилистикалық талдау жасау.

5.5 Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Көркем шығармадан жай сөйлемнің күрделену жолдарына мысалдар теру. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдарына мысалдар теру. Айқындауыш мүшелерге мысалдар теру.

5.6 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Поэзиялық шығармалардан инверсияға мысалдар теру

5.7 Сөйлемнің түрлері. Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлемдерді мәтіннен тауып, жасалу жолдарын айқындау

5.8 Құрмалас сөйлем синтаксисі. Прозалық шығармаларға кешенді синтаксистік талдау жасау.

5.9 Құрмалас сөйлем синтаксисі. Поэзиялық кешенді синтаксистік талдау жасау.



Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.

1-МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1-нұсқа

Синтаксистің зерттеу нысаны.

А. Сөздердің құрылымдық сипаты

В. Сөздердің лексика-граматикалық топтары

С. Сөздердің даму қалпы, шығу арналары, түрлі қабаттары мен стильдік мәндері

Д. Сөйлемнің құрылысын зерттейді

Е. Сөздің дыбыстық жағы

2. Синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.

А. Морфологиялық форма; В. Синтаксистік форма; С. Аналитикалық форма; Д.Күрделі сөз; Е. Сөйлем

3. Бағыныңқы сыңардың басыңқымен табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып байланысуы.

А. матасу; В. меңгеру; С. қабысу; Д. жанасу; Е. қиысу

4. Сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы тек іргелес тұрып байланысуы.

А. матасу; В. меңгеру; С. қабысу; Д. жанасу; Е. қиысу

5. Сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы іргелес те алшақ та тұрып байланысуы

А. матасу; В. меңгеру; С. қабысу; Д. жанасу; Е. қиысу

6. Ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы

А. матасу; В. меңгеру; С. қабысу; Д. жанасу; Е. қиысу

7. Бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағымен жекеше-көпше түрде сәйкесіп байланысуы.

А. матасу; В. меңгеру; С. қабысу; Д. жанасу; Е. қиысу

8. Абай өзінен үлкен кісінің қорыққанына қатты ырза еді. Қиыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Абай ырза еді; В. өзінен қорыққанына; С. үлкен кісінің; Д. қатты ырза; Е. кісінің қорыққанына

9. Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Абай ырза еді; В. өзінен қорыққанына; С. үлкен кісінің; Д. қатты ырза; Е. кісінің қорыққанына

10. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Абай ырза еді; В. өзінен қорыққанына; С. үлкен кісінің; Д. өзінен үлкен; Е. кісінің қорыққанына

11. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі

А.Абай ырза еді; В. өзінен қорыққанына; С. үлкен кісінің; Д. өзінен үлкен; Е. кісінің қорыққанына

12. Толық мағыналы ең кемі екі сөздің грамматикалық байланысқа түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік.

А.күрделі сөз; В. Тұрақты тіркес; С. Сөз тіркесі; Д. Түйдекті тіркес; Е. сөйлем

13. Лексикалық, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестер.

А.күрделі сөз; В. Тұрақты тіркес; С. Сөз тіркесі; Д. Түйдекті тіркес; Е. сөйлем

14. Сөздердің байланысу тәсілдері

А. 2; В.3; С. 4; Д. 5; Е. 6

15. Сөздердің байланысу түрлері

А. 2; В.3; С. 4; Д. 5; Е. 6

16. Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

А.есімді сөз тіркесі; В.етістікті тіркес; С.зат есімді тіркес; Д.тұрақты тіркес; Е. күрделі тіркес

17. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі

А.есімді сөз тіркесі; В.етістікті тіркес; С.зат есімді тіркес; Д.тұрақты тіркес; Е. күрделі тіркес

18. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз

А.аула сыпыру; В.асық ойнау; С.көк ала; Д.ұл бала ; Е. түйеқұс

19. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың жынысын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

20. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс
2-нұсқа

1. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

2. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың неге арналғанын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

3. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың орнын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

4. Анықтауыштық қатынасты білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Сабаққа бару; В. Жолдан келу; С.терең сай; Д. Ақ сары; Е. қайынаға

5. «Зат есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

6. «Сын есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

7. «Есімдікті – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

8. «Сан есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

9. «Есімше – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

10. Меншіктілік қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркесі.

А. Баланың кітабы; В. Көйлектің жағасы; С. Желдің лебі; Д. Терезенің көзі; Е. үй біздікі

11. Бүтін зат пен бөлшегі арасындағы қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркесі.

А. Баланың кітабы; В. Көйлектің жағасы; С. Желдің лебі; Д. Жаздыгүні; Е. үй біздікі

12. Матаса байланысқан сөз тіркестерін берік изофет, босаң изофет деп бөлген ғалым.

А. Балақаев М.Б.; В. Баскаков А.Н.; С. Катанов Н.Ф.; Д.; Майзель С.С.

13. Толық емес құрамды матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.үкінің қанаты; В. Баланың дәптерінің беті; С.терезе әйнегі; Д. Ағаш қасық; Е. жігіттің жігіті

14. Затты ерекшелеп айту үшін қолданылған матаса байланысқан сөз тіркесі

А.үкінің қанаты; В. Баланың дәптерінің беті; С.терезе әйнегі; Д. Ағаш қасық; Е. жігіттің жігіті

15.Матасудың түрлі құрамда көрінуін сөз тіркесіндегі сөздердің грамматикалық байланысына тәуелді деп көрсеткен ғалым

А. Аманжолов С..; В. Баскаков А.Н.; С. Катанов Н.Ф.; Д.; Майзель С.С.

16. Зат пен сапаның арасындағы қатыстық байланысты білдіретін бағыныңқы сын есімді сөз тіркестері

А. Келгеніне қуанды; В. Ақылға бай; С. Көк көйлек; Д. Шебер жігіт; Е. биіктің биігі

17. Сан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Үш жігіт; В. Бесінші қатар; С.балалардың бесеуі; Д. Жүз елу бес; Е. Олар екеу

18. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Жолға шығу; В. ән салу; С. Бір рет сүрінді; Д. Екіге бөлді; Е. үйден шықты

9. «Үстеу – етістік» қабыса байланысқан сөз тіркесі

А. Жоғары көтерілу; В. Елге келу; С. Қара қасты; Д. әзір болу; Е. ойлап қою.

20. Көсемше қабысуы арқылы құрылған етістікті сөз тіркесі

А. Ойлап еді; В.шығып келеді; С. тоқтап қалды; Д. Аяңдап келді; Е. секіріп қалды
2-МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1-нұсқа

1. Көсемше қабысуы арқылы құрылған қимылдың дүркінділігін білдіретін етістікті сөз тіркесі

А. Ойлап еді; В. шығып келеді; С. тоқтап қалды; Д. Аяңдап келді; Е. айта-айта шаршады

2. Көсемше қабысуы арқылы құрылған мақсат мағыналы етістікті сөз тіркесі.

А. Келе ірісті; В. Сұрай отырды; С. Жағып берді; Д. өлшегелі алды; Е. сыланып отыр

3. Табыс септік тұлғалы сөзді меңгерген етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Жиналып келді; В. Барға қанағат; С. Қолын берді; Д. Сағы сынды; Е. атты адам

4. Іс-қимылдың бағытын білдіретін барыс септікті зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесі.

А. Таудан түсті; В. Жолмен жүрді; С. өткелден өтті; Д.ауылға келді; Е. Хабарға қанықты

5. Іс-қимылдың обьектісін білдіретін барыс септікті зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесі.

А. Таудан түсті; В. Жолмен жүрді; С. өткелден өтті; Д.ауылға келді; Е. шайға қанды

6. Іс-қимылдың мезгілін білдіретін жатыс септікті зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесі.

А. Таудан түсті; В. Жолмен жүрді; С. Байталында құлындады; Д.ауылға келді; Е. шайға қанды

7. Шығыс септікті сөзді меңгерген етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Оймен білді; В. Жолмен жүрді; С. өткелден өтті; Д.ауылға келді; Е. шайға қанды

8. Шығыс жалғаулы зат есім мен етістіктен құралған тіркестегі себеп-салдарлық қатынас.

А. Жолдан келді; В. Егіннен қайтты; С. Мінезінен тапты; Д. Көпірден өтті; Е. суыққа тоңды

9. Шығыс жалғаулы зат есім мен етістіктен құралған тіркестегі мекендік қатынас.

А. Ызадан өртенді; В. Қолынан берді; С. Інге тығылды ; Д. Қаладан көрді; Е. теріден жасады.

10. Шығыс жалғаулы зат есім мен етістіктен құралған тіркестегі материалды атайтын обьектілік қатынас.

А. Ызадан өртенді; В. Қолынан берді; С. Інге тығылды ; Д. Қаладан көрді; Е. теріден жасады.

11. Бүтін зат пен бөлшегі арасындағы қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркесі.

А. Баланың кітабы; В. Көйлектің жағасы; С. Желдің лебі; Д. Жаздыгүні; Е. үй біздікі

12. Матаса байланысқан сөз тіркестерін берік изофет, босаң изофет деп бөлген ғалым.

А. Балақаев М.Б.; В. Баскаков А.Н.; С. Катанов Н.Ф.; Д.; Майзель С.С.

13. Толық емес құрамды матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.үкінің қанаты; В. Баланың дәптерінің беті; С.терезе әйнегі; Д. Ағаш қасық; Е. жігіттің жігіті

14. Затты ерекшелеп айту үшін қолданылған матаса байланысқан сөз тіркесі

А.үкінің қанаты; В. Баланың дәптерінің беті; С.терезе әйнегі; Д. Ағаш қасық; Е. жігіттің жігіті

15.Матасудың түрлі құрамда көрінуін сөз тіркесіндегі сөздердің грамматикалық байланысына тәуелді деп көрсеткен ғалым

А. Аманжолов С..; В. Баскаков А.Н.; С. Катанов Н.Ф.; Д.; Майзель С.С.

16. Зат пен сапаның арасындағы қатыстық байланысты білдіретін бағыныңқы сын есімді сөз тіркестері

А. Келгеніне қуанды; В. Ақылға бай; С. Көк көйлек; Д. Шебер жігіт; Е. биіктің биігі

17. Сан есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Үш жігіт; В. Бесінші қатар; С.балалардың бесеуі; Д. Жүз елу бес; Е. Олар екеу

18. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Жолға шығу; В. ән салу; С. Бір рет сүрінді; Д. Екіге бөлді; Е. үйден шықты

9. «Үстеу – етістік» қабыса байланысқан сөз тіркесі

А. Жоғары көтерілу; В. Елге келу; С. Қара қасты; Д. әзір болу; Е. ойлап қою.

20. Көсемше қабысуы арқылы құрылған етістікті сөз тіркесі

А. Ойлап еді; В.шығып келеді; С. тоқтап қалды; Д. Аяңдап келді; Е. секіріп қалды
2-нұсқа

1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі

А.Абай ырза еді; В. өзінен қорыққанына; С. үлкен кісінің; Д. өзінен үлкен; Е. кісінің қорыққанына

2. Толық мағыналы ең кемі екі сөздің грамматикалық байланысқа түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік.

А.күрделі сөз; В. Тұрақты тіркес; С. Сөз тіркесі; Д. Түйдекті тіркес; Е. сөйлем

3. Лексикалық, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестер.

А.күрделі сөз; В. Тұрақты тіркес; С. Сөз тіркесі; Д. Түйдекті тіркес; Е. сөйлем

4. Сөздердің байланысу тәсілдері

А. 2; В.3; С. 4; Д. 5; Е. 6

5. Сөздердің байланысу түрлері

А. 2; В.3; С. 4; Д. 5; Е. 6

6. Басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

А.есімді сөз тіркесі; В.етістікті тіркес; С.зат есімді тіркес; Д.тұрақты тіркес; Е. күрделі тіркес

7. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі

А.есімді сөз тіркесі; В.етістікті тіркес; С.зат есімді тіркес; Д.тұрақты тіркес; Е. күрделі тіркес

8. Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз

А.аула сыпыру; В.асық ойнау; С.көк ала; Д.ұл бала ; Е. түйеқұс

9. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың жынысын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

10. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

11. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

12. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың неге арналғанын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

13. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың орнын білдіретін қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

А. Қой қора; В.ағаш қасық; С. Төс қалта; Д. Ұл бала; Е. тоты құс

14. Анықтауыштық қатынасты білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Сабаққа бару; В. Жолдан келу; С.терең сай; Д. Ақ сары; Е. қайынаға

15. «Зат есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

16. «Сын есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

17. «Есімдікті – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

18. «Сан есім – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

19. «Есімше – зат есім» типті сөз тіркесін көрсетіңіз.

А.Биік жар; В. Бүкіл халық; С. Он үй; Д. Қыз бала; Е. айтар сөз

20. Меншіктілік қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркесі.

А. Баланың кітабы; В. Көйлектің жағасы; С. Желдің лебі; Д. Терезенің көзі; Е. үй біздікі

КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Берден бұдан да гөрі шұбалта сөйлемек еді, әлденеден сүйретпеде келе жатқан қозылары шу ете түсті.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Қарсылас салалас

С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Д. Мезгілдес салалас

Е Жай сөйлем



2. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Қайткенде де Сергей жүрегінде қаймығу мен үрей туғызбақ еді, өйткені Гүлсара өмірдің осындай ең мәнді минутында жігіттің осы бір күлкісін, еш нәрседен қаперсіз күлкісін кешіре алмады.

А. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

В. Мезгілдес салалас

С. Себеп бағыныңқылы сабақтас

Д. Себептес салалас

Е Түсіндірмелі салалас



3. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Ол терезеге үңілді: мылтықтарын асынып екі-үш солдат кетіп барады.

А. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

В. Мезгілдес салалас

С. Себеп бағыныңқылы сабақтас

Д. Себептес салалас

Е Түсіндірмелі салалас



4. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Талап үлкен, тындырғанымыз аз.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Қарсылас салалас

С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Д. Мезгілдес салалас

Е Жай сөйлем



5. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Жолға шығардың алдында Асқар Аққұмдағы Дәмеш апайдікінде болды, Сапар ақсақалмен кездесті.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Қарсылас салалас

С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Д. Мезгілдес салалас

Е Жай сөйлем



6. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Тоғыз қанат киіз үйдің көлемендей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тегісі бар.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Қарсылас салалас

С. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Д. Мезгілдес салалас

Е Жай сөйлем



7. Берілген сөйлемдерден қарсылас салаласты табыңыз:

А. Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай ағып Ертіс түседі де, одан әрі күз күзеткен Күршім бар.

В. Тоғыз қанат киіз үйдің көлемендей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тегісі бар.

С. Қашанда болсын әділ жол – ұзақ жол, айлалы жол- қысқа жол.

Д. Ашуланып атты Гүлжан кесегін, Дегендейін бекер екен кешегім.

Е. Ерлік белгісін көрсеткісі келді, бірақ Қожантайдың өзі де ойға қала бастады.

8. Берілген сөйлемдерден мезгілдес салаласты табыңыз

А. Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай ағып Ертіс түседі де, одан әрі күз күзеткен Күршім бар.

В. Тұқым себілгенде өзі басы- қасында болуға ниет етті, алайда ауыруы ерік бермеуге айналды.

С. Ерлік белгісін көрсеткісі келді, бірақ Қожантайдың өзі де ойға қала бастады.

Д. Ашуланып атты Гүлжан кесегін, Дегендейін бекер екен кешегім.

Е. Ерлік белгісін көрсеткісі келді, бірақ Қожантайдың өзі де ойға қала бастады.

9. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Қашанда болсын әділ жол – ұзақ жол, айлалы жол- қысқа жол.

А. Мезгілдес салалас

В. Қарсылас салалас.

С. Түсіндірмелі салалас.

Д. Салыстырмалы салалас

Е. Себептес салалас.

10. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Күн едәуір көтеріліп қалса керек, терезе жақтауынан төр жаққа қиғаш сәуле түсіп тұр.

А. Мезгілдес салалас

В. Қарсылас салалас.

С. Түсіндірмелі салалас.

Д. Салыстырмалы салалас

Е. Себептес салалас.

11. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Шоқан жалт қараса- Күнтай.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Себеп бағыныңқылы сабақтас

С. Түсіндірмелі сабақтас

Д. Салыстырмалы сабақтас

Е. Амал бағыныңқылы сабақтас



12. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Себеп бағыныңқылы сабақтас

С. Түсіндірмелі сабақтас

Д. Салыстырмалы сабақтас

Е. Амал бағыныңқылы сабақтас



13. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Еңбекті қанша істесең, табысты сонша аласың.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Себеп бағыныңқылы сабақтас

С. Түсіндірмелі сабақтас

Д. Салыстырмалы сабақтас

Е. Амал бағыныңқылы сабақтас



14. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: Жапырағы судырлап, тал таранды сұлуша.

А. Қарсы бағыныңқылы сабақтас

В. Себеп бағыныңқылы сабақтас

С. Түсіндірмелі сабақтас

Д. Салыстырмалы сабақтас

Е. Амал бағыныңқылы сабақтас




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет