Оқулық " Экология"мамандығы


Пойкилотермді («суыққанды») организмдер



бет11/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
treatise95823

Пойкилотермді («суыққанды») организмдер.Пойкилотермді организмдерге (грекше «poikilos» - құбылмалы, ауыспалы) органикалық әлемінің барлық таксондары, сондай-ақ омыртқалы жануарлардың екі класы – құстар және сүтқоректілер жатады. Бұлай аталудың басты себебі, осы топ өкілдерінен көрінетін қасиеттерінің біріне байланысты.
Температура 20 – дан 0 С – қа төмендегенде судың тамыр арқылы сіңірілуі 60 – 70 % - ға азаятындығы дәлелденген. Өсімдіктерде де, температура жоғарлауынан (белгілі шегінде) жануарлар сияқты тыныс алуы күшейеді.
Температура әсері біртекті емес: белгілі бір табалдырық дәрежесіне жеткенде оның қысымы мен процестің реттелу қарқындылығы өзгеріске ұшырайды. Бұл жалпы ереже, қалыпты тіршілік табалдырығы зонасына жақындағандығымен түсіндіріледі.
Жануарлардың температураға тәуелділігі белсенділігінің төмендеуінен анық байқалады, яғни организмнің жалпы реакциясы мен формасы толығымен температуралық жағдайда тәуелді болады.
Температура және даму.Пойкилотерді организмдердің онтогенетикалық даму барысын зерттеу арқылы зат алмасу процесіне температураның бұдан да терең әсерін анықтауға болады.
Форел балығының уылдырығы қалыпты температурада 205 – тәулікте, 82 – тәулікте, ал 10 С0 – 41 тәулікте дамиды екен. Бұл мысал даму сатысына температура әсері жалпы заңдылығын қортындылауға мүмкіндік береді:
T (t – to) = K,
Т – даму сатысы, (t – o) – температура әсері, K – осы түрдің даму процесіне қажет температура әсерін білдіретін дамудың жылу константы.
Даму процесі мүмкін болатын, ең төменгі белгіден жоғары температураны әсер етуші температура және бұл табалдырықтың өсуіне дамудың биологиялық нольдегі (to) – деп атайды.
Температурамен байланысты даму заңдылығы, ауылшаруашылығында өнім түсімін жобалауға, зиянкестердің таралу мерзімін, жаз мезгіліндегі олардың санының артуын және алдын – ала болжап білуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Украинада (яблоневая плодожорка) алма жемісінің зиянкесі – Laspeiresia әсер етуші температураның жылдық қосындысы 930 С0 бір ғана ұрпақ бере алады, ал Украйнаның орманды жазықтарында – екеу, оңтүстігінде жаз бойында үш рет ұрпақ беруі белгілі болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет