Оқулық " Экология"мамандығы


Биосфераның негізгі қызметі



бет61/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125
treatise95823

Биосфераның негізгі қызметі. Биосфераның үш құрамдас бөлігі – гидросфера, атмосфера және литосфера бір – бірімен тығыз байланысты, заттектер айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп – өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.
Топырақ – ерекше органикалық – минералды (биокосты) тарихи- табиғи қалыптасқан, түзілуіне биосферада бір мезгілде тірі организмдер мен өлі заттектерде жүретін процестер қатысады, оған организмдердің қосатын үлесі зор.
Топырақта кездесетін судың су айдындарына қосылуы оның гидросферамен байланысының маңыздылығын көрсетеді. Су арқылы тасымалданған топырақ құрамы мен қасиеттері су айдындарындағы биоөнімділіктің түзілуіне қатысады, қорғайды.
Өсімдіктерде топырақ құрамындағы минералды заттар тек еріген тұз ион түрінде ғана қабылданады..
Бұл еріген тұз түріндегі иондар топырақ бөліктерімен тығыз байланысқан себепті тез шайылып кетпейді. Батпақ пен гумус (қарашірінді) бір – бірімен өзара – тығыз байланысу нәтижесінде батпақты – гумусты кешен түзеді, мицелланың бір бөлігін құрайды.Әрбір осындай күрделі бөліктерде көптеген теріс зарядталған бөлікшектерді тартып тұратын оң зарядталған – кальций, магний және кальций иондары бар, осылайша иондар топырақ құрамында сақталады.
Топырақ құрамындағы иондар қозғалысы және топырақ құрылымының бірнеше қабаттары топырақта тікелей немесе горизонтарға (жиектерге) даралануы сутек иондарының, көмірқышқылының көптеп енуіне жол ашады, өйткені жауын – шашын суы көмірқышқын топырақтың беткі бөлігіне тасымалдаушы бірден – бір жолы. Сутек иондары мицелладан кальций және басқа элементтерді жер бетіне қарай тартады, соның себебінен гурнтты сулар оны шайып кетеді.


Сурет 25. Батпақты – гумусты (мицелла) кешенің бөлігіндегі теріс зарядттар сутектік иондар мен минералды иондарды өзіне қарай тартуы.(Р.Риклефс,1979)




Н







Са +- +- -+NH4









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет