Оқулық " Экология"мамандығы



бет71/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125
treatise95823

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚУЫС.
Көптүрлі қоғамдастықта бірлікте ұзақ тіршілік ету осындай жүйенің өзара қарым – қатынаста эволюциялық қалыптасуына алып келді, яғни биоценоз құрамындағы әрбір түр кеңістікте және қызметте өзіндік орны бар. Бұл жағдай түрдің экологиялық қуысы болып табылады.
Ең алғаш бұл түсінікті қалыптастырған Дж. Хатчинсон (G. Hutchinson, 1957), еді, ол экологиялық қуысты осы түрге тән организмдердің барлық байланыс бағасы ортаның абиотикалық жағдайына және басқа тірі организмдер түрлеріне байланысты деп түсіндірді.
Ол көп өлшемді кеңістік көлемінің түрлердің орта қажеттілігіне сәйкес келуін іргелі қуыс деп атады, ал популяцияның шын мәніндегі жағдайын, нақты экожүйедегі пайдаланылған қуыс деп атады.
Ю. Одум қуыс туралы түсінікке үштік ұғым енгізді: физикалық кеңістік, түрлік популяциясы мекендейдін, жүйедегі түрлердің орны сыртқы факторлар градиентінде және оның экожүйедегі қызметтік рөльінде деп түсіндірді.
Сонымен қатар, бірқатар организмдердің экологиялық қуысы оның өмір сүру ортасында ғана емес, сондай – ақ оның іс – әрекетінде (энергияны қалай пайдалануы, мінез – құлқы, биологиялық және физикалық ортаны қабылдауы) және ол басқа түрлермен қалай шектелуінде» (E. Odum, 1975).
Белгілі жағдайдағы тіршілік эволюция үрдісінде түрлік бейімделу кешенін құрайды, табысты тіршілік үшін күресті қамтамасыз етеді және осындағы экологиялық қуысты қалыптастырады.
Бұл жағдайда әртүрлі түрлердің тіршілік формалары жайында айтылады. Бірдей экологиялық қуыстағы организмдердің тірщілік формалары туыстығы жоқ таксоносдық қатардағы өкілдердің морфологиялық ұқсастығының болу мүмкіндігін білдіреді.
Мұндай ұқсастықтың классикалық мысалы «ихтиозавр – тунец – дельфин» ұқсастығы су кеңістігінде өте тез жүзеді. Жер қазушы тіршілік формаларда мысалы соқыр көртышқан және тіпті насекомое медведкаларды жақындастырады.
Экологиялық тұрғыдағы белгілі құбылыс ретінде әртүрлі экожүйедегі құсас экологиялық қуыста әртүрлі түрлердің мекендеуі байқалады. Бұл құбылыс географиялық аймақты алуы мүмкін, бірақ та әртүрлі биоценоздық деңгейде көрінеді. Осылайша, дятловтың түрлерінің әртүрлі типтегі ормандарда ұқсас экологиялық қуыстары болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет