Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет183/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   309
Макроэкономика

11.2-сурет А. Бернс пен У. Митчеллдің іскерлік цикл моделі
11.3-сурет.  Іскерлік белсенділік циклі


262
Іскерлік циклдерді зерттеуде екі негізгі көзқарас бар: детер-
министік жəне стохастикалық. Олар циклдік толқулардың 
пайда болу себептерін əртүрлі түсіндіреді.
Детерминистік бағыт бойынша, циклдің себептері – болжам-
балы факторлар, өйткені іскерлік белсенділіктің толқулары ма к- 
роэ кономикалық динамиканың тұрақты заңдылығына айна-
лады. Макроэкономикалық динамиканың басты көзі ретінде 
ке шігушіліктер саналады, олар жүйелік сипат ала отырып, 
эко номикалық субъектілердің өзгерген жағдайларға бірқатар 
кеші гіп барып əсер ететінін сипаттайды.
Ал стохастикалық бағыттың негізінде «импульс-таралу» меха-
низмі қарастырылады. Орыс экономисі Евгений Слуцкий мен нор-
вег экономисі Рагнар Фриш бірінші болып экономикалық циклді 
«импульс-таралу» теориясы тұрғысынан зерттеген. «Импульс-
таралу» механизмі – бұл белгілі бір уақыт бірлігіндегі ұлттық та-
быс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сілкіністердің 
жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері. Сілкіністер немесе им-
пульстер ұзақтылығы мен амплитудасы əртүрлі болып табылатын 
циклдерді туындатады. Сілкіністердің үш түрі бөліп көрсетіледі:
а) ұсыныс сілкіністері;
ə) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері – бұл шикізатқа деген əлемдік ба-
ғалардың ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасам-
паздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері – бұл тұтынушылар мен фирмалардың 
мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен 
туындайтын тұтынушылық жəне инвестициялық шығындардың 
өзгеруі.
Саяси сілкіністер – макроэкономикалық саясаттың іс-
шараларын (ақша ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық жəне 
валюталық саясаттардағы өзгерістер) жүзеге асыру нəтижесінде 
ұлттық табыс пен шығарылым көлемінің өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет