Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Кейнстің негізгі психологиялық заңы -



Pdf көрінісі
бет293/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   309
Макроэкономика

401
Кейнстің негізгі психологиялық заңы - «табыс өскен сайын тұ-
тынушылар тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың артуы табыстың 
өсуіне қарағанда кем артады, яғни тұтынудың өсуі табыстың өсу 
көлеміндей болмайды». Адамдардың табысы артқан сайын тұтынуға 
деген бейімділік төмендей береді жəне керісінше жинақтауға деген 
бейімділік арта түседі.
«Кепілдендірілген» экономикалық өсу – қолда бар өндірістік 
қуатты (капиталды) толық пайдалана отырып, жиынтық сұраныстың 
салыстырмалы өзгерісіне байланысты кəсіпкерлердің психологиялық 
күтімдерінің барынша ақталуы кезіндегі экономиканың тепе-теңдіктік 
даму беталысы.
Кешігуші немесе қалып келуші параметрлер – жандану (құлдырау) 
фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (минимум) нүктесіне 
келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 аптадан асқан жұмыссыздар 
саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне құрал-жабдықтарға кететін 
шығындар, жалақыға кететін қомақты шығындар, коммерциялық 
банктердің пайыз мөлшелемелерінің орташа деңгейі.
Коммерциялық банктер – əртүрлі операцияларды орындау мен 
қызметтерді көрсету арқылы заңды жəне физикалық тұлғаларға келі-
сімшарттар негізінде несиелік-есеп-айырысушылық жəне басқа да 
банктік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын əмбебап тұрпаттағы 
несиелік мекемелер.
Контрциклдік көрсеткіштер – циклге қарсы жүріп отыратын, жан-
дану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фазаларында ұлғаятын 
эко номикалық параметрлер. Оларға жататындар: жұмыссыздық деңгейі, 
банкроттықтар саны, дайын өнім қорларының мөлшері, т.б.
Көлеңкелі экономика – мемлекетке салық төлеуден жалтаратын 
жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.
Кредит – нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне солар 
үшін елге шетел валютасындағы ақшалай ағындар келетін келісімдер 
жиынтығы жəне бұлар «плюс» белгісімен жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет