Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет73/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза,
Қандай нəрсе, білмеймін: бəле қаза.
Еркімнің ұйғарғанын істеуіме,
Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.
Осы жолдардан Сұлтанмахмұттың еркіндік сүйгіш рухы елес 
бергендей. Ақын пайымдауынша, өмірге келу – адам үшін зор бақыт. 
Алда не күтіп тұрғанына қарамастан, өмірге келудің өзі ұжмақ 
екенін ол ішкі түйсікпен сезінеді. Ол үшін бəрі таңсық, бəрі қызық, 
өмір – тек шаттық пен қуаныштан тұратын қызылды-жасылды 
дүние. Айналасындағы жан түршігерлік құбылыстар оның əлі са-
насына сіңе қоймаған. Адамның жүрегіне дақ түспеген, көңілін 


221 
кір шалмаған тұс бұл. Яғни поэманың осы бөлігінде нəрестеге тəн 
сезімнің ұғымдық шындығы бейнеленген. Жəне де осы бөлімде алда 
айтар ойларының, кейінгі тараулардың арқауы болар мəселелердің 
желісі тартылғандай.
Кім біледі қоярсың еркімді алып,
Кім біледі, жоярсың көркімді алып,
Кім біледі бұл ерік, бұл көріктің –
Жоғалғанын білмеспін қайда қалып.
“Мен – жігіт” бөлімінде лирикалық қаһарманның арманы, 
үміті артып, алдындағы мың сан таңдауға жігерлі қадам басқанын 
көреміз. Ол өз бақытына жету жолында кім болуға керек? Міне “...
он бес – отыз арасындағы” жігітті толғандыратын осы нəрсе. Қиялы 
шартарапқа самғаған балаң жігіт ақыры нені таңдау керек деген 
сұрақтың жауабын табады.
Бай болу, хакім болу, алғыс, атақ –
Ойланылды бəрі де бірі қалмай, –
дей келе, ақын кейіпкері əділдік жолына жүгінуге тоқталады. 
Яғни “əділдік” – лирикалық кейіпкердің бүкіл өмірлік болмысын 
айқындайтын ұлы идеяға айналады. Ол өзі таңдаған бұл жолды 
өзгелерге де ұсынады. Ұлы құдірет – əділетке шақырады. Ақынның 
“дүниеден тапқан ашылмаған сыры”, құпиясы осы – əділдік.
Ендеше мен жабыссам негізгі іске,
Əділдікте бар негіз, бақ та, күш те,
Қарғаймын əділдіктен басқа жолды,
Өңім түгіл кірмесін түнде түске.
Поэманың көтерер ауыр салмағы осы бөлімде жатыр. Адам 
өмірінің бар мəні мен мағынасы туралы толғамды ойларын ақын 
осы бөлімге жинақтаған. Арысы адамзат баласына, берісі ұлтына 
жақсылық жасап, бақ əкеліп, бақыт орнатпақ болған лирикалық 
кейіпкер толғанысының түйіні – ең алдымен əділеттілік орна-
ту. Сонда ғана байлық та, бақ та, бақыт та қоғамға келіп қонады. 
Əділетсіздіктің себебін тауып, оны əділдікке жеңдірмей, жер бетінде 
жұмақ орнауы мүмкін емес.


222
“Мен тоқтадым”, “Мен – кəрі”, “Мен – өлік” бөлімдерінде ақын 
озат ойлы, азатшыл кейіпкердің биік арманы қайшылығы мол 
қоғамнан өз өрісін таппай, қалыптасқан ортадан қара үзіп шыға 
алмағанын сипаттайды. “Мен – жігіт” бөліміндегі асқақ романтикаға 
бой ұрған жалын жігер жас жігіт орнын енді тағдыр талқысына 
мойын ұсынған, өмір өз еркіне бағындырған, санасы мен болмысы 
қайшылықты тұлға басады.
Менде де өз шамамша бар ғой зейін,
Кімде зейін кем болса соны жейін.
Дүние алдау екен алдасуда,
Өз обалым өзіме, қалсам кейін
...Əділ болып байқадым, не өндірдім?
Бұл басым залым болып бір байқасын!..
Адам өмірі туралы қай кезде де болмасын жырланған. Сонау 
жыраулардан бастап, бүгінге дейін ақындар жырына арқау болып 
келе жатқан бұл тақырып өз мəнін жоймақ емес. Сұлтанмахмұттың 
ұлылығы – осынау күрделі тақырыпқа кең құлашты дүние жа-
зып, оны бір деммен, асқақ шабытпен жырлап шығуы. Сəбиліктен 
кəрілікке дейін өмір кезеңдерін жырлай отыра, олардан терең мəнге 
ие ой толғамдар мен философиялық түйіндер жасайды. Кəрілік – 
өткенге қорытынды шығарар тұс. Сонда лирикалық кейіпкердің 
түйгені не нəрсе?.. Оны өкіндіретін ең басты жайт “тым болмаса 
қалмады-ау ешбір ісім, мені айтып, жұрт сағынып шөлдегендей”. 
Бұл жолдарда үлкен мəн бар. Ақын ұғымынша өмір мəні – еңбек. 
Еңбек арқылы артына із тастаудан артық бақыт жоқ. Ақын осы бір 
ұлы мақсатқа үндейді, оқырманды соған жетелейді. Тəн өлгенмен, 
жанның мəңгілігін ойлау – адамзатқа шарт. Жанның, рухтың 
мəңгілігі, “адам өлместің” амалы – арта қалған ұрпақ кəдесіне жа-
рап, бақиға кеткен сенің пəнидегі белгің болып қалар ісің.
Поэма жанрындағы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың келесі бір 
күрделі шығармасы – “Кедей” (1919). Бұл – лирикалық поэма. 
“Адасқан өмір” мен “Кедей” – бір-бірімен үндес, мазмұны мен 
идеясы тұрғысынан бірін-бірі толықтырып тұрған шығармалар. 
Құрылымы жағынан да олар бір-бірімен өте ұқсас. Бұл поэмада 
тарауларға бөлінген жəне бар жайт лирикалық кейіпкер арқылы ба-
яндалып, соның өмірге, қоғамға деген көзқарасы арқылы өрбіп, да-
мып отырады.


223 
Ақын бұл поэмасына жеке адамның, қоғамдық өмірдің төменгі 
сатысында тұрған кедейдің өмірін арқау ете отырып, салыстырмалы 
тəсіл қолданған. Бай мен кедейдің тұрмыс-тіршілігін қатар ала оты-
рып, өмірдің нақты шындығын ашады.
Сұлтанмахмұт лирикалық кейіпкеріне өзгеше бір жылылықпен 
қарайды. Оның бойынан азаматқа тəн қадір-қасиет таба біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет