80
– топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ əртүрлі
морфологиялық
көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді
оның бір-бірінен сыртқы пішіндерінен
айырмашылығы бар
генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық
жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл əдісті алғаш
рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда
негізгі əдіс болып қалды. Шұңқырды қазып,
оның бетін тегістеп,
оған күн сəулесін түсіріп қараған кезде топырақтың бірнеше
қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың əр қабаты өзіне тəн
сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап,
топырақтың түзілу процесі туралы көп мəліметтер айтуға болады.
Əртүрлі топырақ элементері де осылай бір-бірінен ажыратылады.
Топырақтың негізгі морфологиялык
сипаттамаларына то-
пырақтың түсі, құрылымы,
тығыздығы, механикалық құрамы,
əртүрлі қосылыстардың бары немесе жоғы, НСl-мен əрекеті, т.б. жа-
тады.
Топырақ профилі (кескіні). Топырақтың
қазылғандағы тік
қабаттары
топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В. В. Доку-
чаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді.
А –
қарашірікті қабат.
В – өтпелі қабат. С – топырақ түзуші аналық тау
жыныс қабаты. Олар тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне
байланысты əрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін. Оларды А
1
А
2
,
В
1
В
2
, С
1
С
2,
т.б. деп белгілейді.
Топырақтың түсі – топырақтың морфологиялық
көріністерінің
ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі де осы түстеріне
қарай қойылған. Топырақтың жəне оның қабаттарының түстеріне
əсер ететін негізгі құрамдар:
1. Қарашірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр
түс береді.
2. Темір жəне марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер
береді.
3. Кремний қосылыстары, əк, каолинит,
алюминий гидроксиді
жəне суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер жəне сульфаттар). Олардың
түстері-ақ.
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үш бұрышта ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы
үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер
81
болады. Топырақты анық бір түспен айту қиын,
сондықтан негізгі
түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына койылады. Мы-
салы, қара қоңыр, сарықұба, ашық сары деген сияқты.
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының
қалың қара түсті болуы гумустың молдығын көрсетеді. Көкшіл неме-
се көк түс – топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдаһану
күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: