Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет60/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің жобалық-ойындық сипаты.

  2. Мектеп тәжірибесіндегі жобалаудың түрлері.

  3. Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы.

  4. Оқушылар жобасының сипаттамалары мен типтері.

  5. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері.

  6. Оқушылар жобасын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

  7. Жобалау және модельдеу.

  8. Оқушылар жобаларының мерзімі мен ұзақтығы.

4. Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан–орындалуына дейін
Жобалау әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, бұл зерттеушілік, ізденістік, шығармашылық, әдістердің жиынтығы ретінде білімнің өзін интеграциялауды ғана емес, оларды қолдануда интеграциялау және ол арқылы жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін технология.
Ресей ғалымы Б. С. Полаттың айтуынша, жоба әдісін пайдалана білу–мұғалімнің жоғары кәсібилігінің көрсеткіші, өйткені бұл әдіс – оқушыларды оқыту мен дамытудың алдыңғы қатарлы озық әдісі. Жобалау–XXI ғасырдың бірден бір технологиясы, ол, ең алдымен адамның постиндустриялық қоғамның үдемелі өзгермелі жағдайларына бейімделе білуін көздейді.
Сондай–ақ, жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет.
Біріншіден, белгілі бір мәселені тек жалаң алгоритмге негіздеп, автоматты түрде жоба арқылы шешуге бағыттау оқушылардың шығармашылығын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға, өз бетімен білім алуға, өзін-өзі дамытуға ықпал етпейді;
Екіншіден, жобалау әдісі – оқушыларды дамытуға бағытталған бірден бір әдіс деген догматизм де дұрыс емес, өйткені, әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жекелеген тұрғыдан қарастыру бұл әдісті пайдалануда міндетті түрде қажет болады. Сондықтан, жобалау әдісінің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру үшін мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан алдын ала даярлаудың маңызы зор.
Үшіншіден, жобалау әдісі пәнаралық байланысқа негізделгендіктен, бір пәнді ғана тар шеңберді қарастыру дұрыс емес, сондықтан, басқа пәндерді интеграциялауды қамтитын түрде ұйымдастыру қажет.
Жобалау әдісін зерттеушілікте пайдалануда төмендегі талаптар орындалуы тиіс.
Зерттеушілік пен шығармашылық ізденісті қажет ететін маңызды мәселенің немесе міндеттің қойылуы. Мысалы, әлемнің түрлі елдеріндегі білім алу (сауаттылық деңгейін, оған ықпал ететін факторларды зерттеу, әр елдің балалар өмірінен репортаж жасау), топпен бірлесіп газ не мұнай мұнарасы орналасқан ауылдардың суы мен өсімдіктерін бақылау, зерттеу, талдау жасау.
Алынған зерттеу нәтижелерінің практикалық, теориялық, танымдық нәтижелерінің маңызын түсіндіру (мысалы, әр елдегі балалардың сауаттылық деңгейімен салыстыра отырып, өз аймақтары туралы, өз мектептері туралы баяндама жасау, шешу жолдарын ұсыну, жасаған репортаждарынан журналға не газетке шығару; мұнайлы, газды ауылдардың табиғатын қорғаудың жоспарын жасау, т.б.)
Зерттеушілік жобалар белгілері:

  1. Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;

  2. Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;

  3. Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:

  4. Мәселені анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында ойға шабуыл, дөңгелек үстел әдістері қолданылады);

  5. Міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;

  6. Зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;

  7. Алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;

  8. Соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)

  9. Қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;

  10. Қорытынды жасау, жаңа зерттеу мәселелерін анықтау.

Осылайша, жобалау әрекетінің алғашқы қадамы– мәселені немесе тақырыпты анықтау. Төменде оның үлгілері берілген (7-кесте).

Кесте - 7


Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау



Жобаның шартты атауы

Күтілетін нәтижесі



















Жоба тақырыптары оның мақсатына сай түрліше болып келеді. Бір жағдайларда мұғалімдер нақты пәнге қатысты мәселені алып, оны оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай анықтайды. Келесі жағдайда, мұғалім жоба тақырыбын сыныптан тыс жұмысқа бағыттайды, ол кезде де жоба оқушылардың танымдық шығармашылық әрекеттеріне негізделеді.
Сондай – ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламасындағы теориялық мәселе туралы оқушылардың білімдерін тереңдетуге, дифференциялауға арналуы мүмкін. (Мысалы, белгілі бір елдердің әдебиеті мен мәдениетін, белгілі бір аймақтың экологиясын зерттеу т.б.)
Жоба тақырыбының белгілі бір маңызды практикалық мәселеге арналуы жиі кездеседі, бұл жағдайда оқушылардың бір пән емес, бірнеше пәндерден интеграцияланған білімдері болуын қажет етеді. Мысалы, бүгінгі қалалардың ортақ мәселесі – қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластануы. Оның шешу жолы–барлық қалдықтарды қайта қорыту. Бұл жерде экология, химия, биология, физика, әлеуметтану т.б. көптеген пәндер интеграциялануын қажет ететін зерттеу болуы тиіс. Аталған жоба жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін болса, кіші жастағы балалар үшін Халық ертегілеріндегі ойын түрлері тақырыбын алуға болады. Оны орындау барысында оқушылар көптеген ертегілерді естеріне түсіреді, қайта оқиды, ондағы ойын элементтерін іздестіреді, жинайды.
Осылайша, жоба тақырыптарын түрліше құрастыруға болады, оны оқыту мақсаттарына қалай анықтау мұғалімнің шығармашылығы мен кәсібилігін қажет етеді.
Жоба нәтижелері міндетті түрде көзбен көріп, қолмен ұстайтын болуы тиіс, атап айтқанда, бейнефильм, альбом, компьютерлік газета, журнал, баяндама, т.б.
Жобалау жұмысын ұйымдастыру үшін, ең алдымен мұғалімдерді даярлау қажет, өйткені, жоба әдісін сабақта пайдалану үшін оны мұғалім өзі жете меңгеруі керек. Жобалау әдісі–бірінен соң бірі орындалатын қатаң алгоритмде болмауы да мүмкін. Оны орындау барысында жүйеліліктің ғана сақталуы қажет. Мысалы, бір бұйым жасау мақсатындағы жобаны алсақ, оның логикалық жүйесі сол бұйымға қажеттікті зерттеуден–оны дайындау, сынақтан өткізу, бағалау кезеңдерінен тұрады. Осылайша, теориялық жобаның да логикалық жүйесі құрылып, сол бойынша жұмыс жасалады.
Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырған жағдайда олардың бұдан бұрын алған пәндік білімдері оқу–тәжірибелік міндеттерді шешу құралына айналады, білім беру нәтижелерін анықтауда оқушылардың жастары мен деңгейлері ескеріліп, әр сатыда әр түрлі болады. Сонымен қатар, әр оқушының өзіндік білім алу траекториясын жеке жасай білуі білім беру нәтижелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл сапалар жобалаудағы коммуникацияға ықпал етеді.
Біріншіден, егер жобаның идеясы белгілі бір тәжірибе бойынша терең білімді қажет етсе, сол бағыттағы білім мен оны толық игерген адам жоба үшін құндылыққа ие болады. Бұл жобалау тобының өз ішіндегі қатынастарға ықпал етеді.
Екіншіден, негізгі мектепте лидерлер қалыптасатыны айқын көрінеді, сондықтан лидерлік сапалар әркімнің жеке ерекшеліктеріне сай лидер болуға тәрбиелеу қажет, өйткені, ол өмірде әр адамға қажет болатын қасиет.
Бастауыш мектепте пайда бола бастаған лидерлік сапалардың тек қана белгілі бір оқушыға ғана «беріп» қою қате, одан барлық оқушы осы рөлден өтуі тиіс. Мысалы, бастауыш мектепте лидерлік түгел қамтамасыз етілмейді, оның рөлін мұғалім атқарады, онда да «лидерлікті» бір оқушыға беріп қоюға болмайды.
Негізгі мектепте жасөспірімдердің ерекшеліктеріне байланысты командалық жұмыстар басым болады, ол қатынасқа құрылатын болғандықтан лидерлік те ауысып отыруы тиіс. Бұл сатының ерекшеліктеріне байланысты пайда болған әртүрлі мәселелерді шешу үшін нақты топтар, командалар құрылып, онда өзара адресті қарым–қатынас қажеттігі пайда болады.
Мысалы, қазіргі оқытудың маңызды потенциалы–компьютерлік технологиялар. Оны тиімді пайдалану оқушылардың қарым–қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.
Соған орай компьютерлік сауаттылықты оқушылардың жаңа қабілеттерін – түсіну, талдау, мағынасын тану, рефлексия жасау, талдау барысында оның ішкі байланыстарын көре білу, т.б. сапаларын дамытудың құралы ретінде қарастыру керек. Яғни, компьютерлік сауаттылық – түпкі мақсат емес, ол белгілі бір сапаларды қалыптастыру, дамыту құралы.
Атап айтқанда, компьютер арқылы жасалатын баяндаманы, презентацияны word тектімен слайдтарға бөліп – бөліп салуға да болады немесе графикалық модельдерді пайдалану арқылы текст мазмұнының тұтастығын, оның ішкі байланыстарын көрсету арқылы құрылымданған, модельденген баяндама жасауға да болады. Бұл оқушының текст мазмұнын меңгеруін ғана емес, оның коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет