Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Ауыздың дөңгелек бұлшықеті



Pdf көрінісі
бет79/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Ауыздың дөңгелек бұлшықетіm.orbicularis oris: 
1 - еріндік бөлігі, pars labialis, еріндердің негізінде жатады; 
2 - жиектік бөлігі, pars marginalis, ауыз аймағын жиектеп жатады да, жақын жатқан 
бұлшықеттерге ауысады; 
- қызметі: ауыз саңылауын жабу. 
Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықетm.levator labii superioris
- басталатын жері: көзұяасты жиегі; 
- бекитін жері: мұрын-ерін қатпарының терісі;
- қызметі: жоғарғы ерінді көтеру. 
Үлкен және кіші бетсүйек бұлшықеттеріmm.zygomaticus major et minor: 
- басталатын жері: os zygomaticum
- бекитін жері: езу терісі және ұрттың шырышты қабығы;
- қызметі: езуді жоғары және латералді жылжыту. 
Күлкі бұлшықетіm.risorius: 
- басталатын жері: f.parotidea et masseterica; 
- бекитін жері: m.depressor anguli oris-ке қосылады; 
- қызметі: езуді латералді тартады. 
Езуді түсіретін бұлшықетm.depressor anguli oris:
- басталатын жері: mandibulae-нің төменгі жиегі; 
- бекитін жері: езудің терісі; 
- қызметі: езуді төмен тартады. 
Езуді көтеретін бұлшықетm.levator anguli oris: 
- басталатын жері: fossa canina; 
- бекитін жері: жоғарғы еріннің терісі мен шырышты қабығы; 
- қызметі: езуді жоғары көтереді. 
Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, m.depressor labii inferioris
- басталатын жері: mandibula (foramen mentale астында); 


142 
- бекитін жері: төменгі еріннің терісі мен шырышты қабығы; 
- қызметі: төменгі ерінді түсіреді; оны латералді жаққа тартады. 
Иек бұлшықеті, m.mentalis: 
- басталатын жері: jugum alveolare mandibulae
- бекитін жері: иектің терісі; 
- қызметі: иек терісін көтереді. 
Ұрт бұлшықетіm.buccinator: 
- басталатын жері: crista buccinatoria mandibulae; raphe pterygomandibulare
- бекитін жері: ұрттың, жоғарғы және төменгі еріндердің шырышты қабығы; 
- қызметі: езуді артқа тарту, ұртты жиыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет