Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет141/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Ұялы байланыс жүйесі аналогты жəне цифрлы болып екіге 
бөлінеді. 
Жылжымалы ұялы байланыстың 
аналогты жүйелері 
алғашқы 
ұялы жүйе буынына жатқызылған, ол 1G деп белгіленеді. Ол 
əдеттегі радиостансасыдағыдай, фаза модулі немесе жиілік 
көмегімен ақпаратты таратудың аналогты тəсілін пайдаланады. 
Аналогты тəсілді пайдаланудың кемшіліктері басқа абоненттердің 
арасындағы əңгімені есту мүмкіндігіне, абоненттің орын ауыстыру 
кезінде жəне ландшафтының əсерінен сигналдың өшуімен
күресудің тиімді тəсілдерінің жоқтығына байланысты. NMT 450 
стандарты 
(Nordic Mobile Telephone 
—солтүстік ұялы телефоны 450 
МГц) Ресейде федералды ретінде қабылданған. 
Ұялы мобильді байланыстың 
цифрлы жүйесі 
екінші буынды 
жүйеге жатқызылған (2G). Аналогтымен салыстырғандаолар 
абонентке қызмет көрсетуі аса кең, байланыстың жоғары сапасын 
қамтамасыз етеді. Ұялы жылжымалы байланыстың цифрлы жүйесі 
GSM 900 
(Global System for Mobile Communication 
стандартқа 
негізделген — бұл мобильді байланыс үшін ғаламдық жүйе, 
диапазоны 900 МГц), Еуропада кеңінен таралған байланыс. 
GPRS 
(General Packet Radio Service 
— жалпы пайдаланудағы 
пакетті 
радиобайланыс) 
— 
GSM 
мобильді 
байланыс 
технологиясының қондырмасы, деректерді пакетті таратуды жүзеге 
асырады. 
292 


GPRS пайдаланған кезде ақпарат пакеттерге жиналады жəне сол сəтте 
пайдаланатын дауысты каналдары арқылы таратылады, осындай 
технология GSM желі ресурстарын тиімді пайдаланады. GPRS 
пайдаланушыға ұялы байланыс желіде GSM желідегі жəне сыртқы 
желідегі басқа құрылғылармен, оның ішінде Интернет деректерді 
алмастыруға мүмкіндік береді. 
Үшінші буынды (3G) мобильді байланыстың ұялы жүйелері 
деректерді пакетті тарату негізінде жасалады. 3G үшінші буынды
желі деректерді 2 Мбит/с. таратумен, шамамен 2 ГГц дециметр 
диапазонының жиілігінде жұмыс істейді. Олар бейнетелефонды 
байланысты ұйымдастыруға, мобильді телефонда фильмдер жəне 
телебағдарламаларды көруге жəне т.б.мүмкіндік береді. Әлемде екі 
стандартты 3G бар: UMTS 
(Universal Mobile Telecommunications 
System, 
немесе 
W-CDMA) 
жəне CDMA 
(Code Division Multiple 
Access)- 
2000. Ресейде 3G мобильді байланыстың цифрлы жүйесін 2008 жылдан 
бері пайдалануға енгіді. 
Төртінші буынды 4G желінің 3G-дан негізгі айырмашылығы 
техникалық тұрғыдан атсақ, 4G технологиясы толықтай деректерді 
пакетті тарату протоколға негізделген, ал 3G дауысты трафик пен 
«пакеттерді» таратуды біріктіреді. Жаңа буынды 4G стандарты негізгі 
екі құрамнан тұрады: IP протокол 
(Internet Protocol) жəне 
peer-to-peer 
біррангты есептеуіш желінің түрі. Каоммуникацияда осындай 
шешімдердің негізінде əəрбір құрылғы бірмезгілде үштің орнын 
басады жəне осыған тиесілі əрбір хабарламаның – қабылдағышы, 
таратқышы мен бағыттауышы ретінде жұмысын атқарады. 4G желінің 
операторлары өз абоненттерін бірінші кезекте толықтай интернет- 
браузингпен, деректерді таратумен (файлдар, электронды пошта, 
корпоративті деректер базасына қол жеткізу жəне т.б.) байланысты 
қызметтерге бағыттайды. Сервисті дамытуды аудио жəне бейнелерді 
тұтынуға байланысты жалғастарды. LTE Advanced 
(Long-Term 
Evolution), 
mobile WiMAX2 
(Worldwide Interoperability for Microwave 
Access
) 4G технологиялары 2012 жылы Женевадағы конференцияда 
Халықаралық электрбайланыс бірлестігі төртінші буынды 4G (IMT- 
Advanced) байланыстың сымсыз стандарты ретінде ресми танылған 
болатын. 
Модильді телефондар мобильді байланыс жүйесінің ажырамас 
бөлігі сияқты жəне конструктивті шешімдірдің ұстанымы жəне 
ұсынылған 
сервисті 
функциялар 
мен 
дизайны 
маңызды 
трасформациялауға шалдыққан. Ұялы байланыстың стандартын таңдау 
мобильді телефон моделінің класын білдіреді. Әрбір модель кластың 
шегінде сервисті функциялардың көлемімен ғана ерекшеленбейді, жиі 
қабылдау-тарату трактінің параметрлерімен де ерекшеленеді. 
293 


Мобильді телефон құрылғысының моделіне қарамағанда, 
минимум құрамына мыналар: 
■ 
тарату жəне қабылдау құрылғысы; 
■ 
сөзді жаңғырту мен қайта құру құрылғысы; 
■ 
бақылау жəне басқару құрылғысы; 
■ 
антенна; 
■ 
зуммер; 
■ 
пернетақта; 
■ 
дисплей. 
Барлық компоненттер əдетте корпустың алдыңғы немесе 
артыңғы панельдерінде орналасады – пернетақта, дисплей жəне 
дауыс зорайтқыш, mp3-плеер, антенна, цифрлы камера (бір немесе 
екі), ал олардың арасында – көпқабатты баспа тақтасы. Өзіндік 
инженерлі шешімдерге байланысты телефон салмағы тұрақты 
төмендейді, ал функциялар жинағы кеңейеді. 
Өз клиенттеріне мобильді байланыс операторлары ұсынған 
сервисті қызмет көрсету спектры тұрақты өседі. SMS 
(Short
Message 
Service) 
қысқа мəтінді, сондай-ақ мультимедялы 
хабарламаны 
(кескіндер, əуен, бейне) MMS 
(Multimedia Message 
Service
— мультимедиялық хабарламалар қызметі) 
радиотелефонға 
қабылдау жəне тарату факсты жəне электронды поштаны қабылдау 
мен тарату; 
WAP-технологиясын 
(Wireless Access Protocol) 
пайдаланумен 
Интернетке 
сымсыз 
кіру 
мүмкіндігімен 
толықтырылған. 
Мобильді телефондардың функцияларын кеңейту смартфон 
жəне коммуникатордың жаңа модификацияларын бөлуге ықпал 
етті. 
Смартфон (smartphone)
— компьютер функциясы бар жетілген 
немесе ақылды телефон. «Смотрфон» термині Ericsson R380s жаңа 
телефонын белгілеу үшін Ericsson компаниясымен 2000 жылы 
енгізілген. Телефон фукцияларымен қатар белгілі деңгейде қалталы 
компьютердің (ҚДК) функциясын атқарады. Сондықтан осы 
мобильді телефон ашық түрдегі операциялық жүйеде (ОЖ) жұмыс 
істейді. 
Смартфондар жетілдірілген мультимедиялы (сапалы камералар, 
бейнефайлдарды жаңғырту, жақсартылған музыкалық қабелеттер) 
Wi-Fi, GPS, 3G, 4G жəне басқа функциялар есебінен əйгілі болып 
кетті. 
Коммуникатор (Communicator, PDA Phone)
— 
GSM/
GPRS- 
модулі 
кіріктірілген, 
мобильді 
телефон 
функциясымен 
толықтырылған қалталы дербес компьютер. 
294 


Ұялы телефонның жəне қалталы дербес компьютердің 
функциоларын біріктіру идеясы 1990 жылы алғашқы қалталы 
дербес компьютердің шығуынан кейін пайда болды. 1996 жылы 
ҚДК жəне ұялы телефонды бір копрусқа біріктірудің алғашқы 
құрылғысы пайда болды. 
Смртфон мен коммуникатор мобильді құрылғылардың арасында 
дамытудың белгілі деңгейіне шек жүргізу өте күрделі. Егер 
құрылғы 
негізінде 
органайзер, 
калькулятор, 
құжаттарды 
редауциялау мен əрқашан байланыста қалу құрылғысы ретінде, 
оның ішінде Интернет арқылы пайдаланылса – ол коммуникатор. 
Егер пайдаланушы желіде бейне қарау, ойын ойнау, серфинг 
артықшылық функциялары бар телефон құрылғысын таңдаса – ол 
смартфон. 
Көптеген елдерде мобильді телефондардың пайдаланушыға 
əсерін зерттеуін жүргізуде. Біркелкі нəтижелер қазір жоқ. 
Зерттеушілер телефонның электромагнитті сəулесі қартайған шақта 
пайда болуы мүмкін созылмалы ауруларға душар болуын 
болжамдайды. 
Осыған 
байланысты, 
мобильді 
телефонмен 
пайдаланғанда мына ұстанымдарды қолданған жөн: 
■ 
сөйлесу кезінде гарнитураны, құлаққап немес қатты дауысты 
байланыс пайдалану, бұл электромагнитті толқындардың басқа 
əсерін төмендетеді; 
■ 
металлды гараж жəне автомобиль шанағында, машина
тұтқасында пайдалану ұсынылмайды, өйткені электромагнитті 
сəуле метеллды корпустан кері сəулеленеді жəне ағзаға зақымды 
күшейтеді, екіншіден, мобильді телефон бойынша сөйлесі жолда 
келе жатқан пайдаланушының назарын аударады, ол опаттық 
жағдайға жəне қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін; 
■ 
ұялы телефонды 0,2 ... 0,4 Вт шығыс қуаттылықпен таңдаған 
жөн, өйткені сəулеленудің аздаған қуаттылығы денсаулыққа 
əсері шамалы; 
■ 
мобильді телефонды жұмыс үстелінде, кереуетте, немесе кереует 
жанында ұстаған қауіпті, өйткені электромагнитті сəулелер нерв 
жүйкесіне əсер етумен, ұйқы фазасын бұзады; 
■ 
ұялы телефонды белінде, кеудесінде, шалбар жəне костюм 
қалтасында алып жүрген дұрыс емес, өйткені электромагнитті 
толқындар адамның ішкі мүшесіне залал əсерін тигізеді; 
■ 
шақыру кезінде телефонды құлаққа салу ұсынылмайды, өйткені 
телефонға шақырудың бірінші секундтарында қуаттылық 
көбейеді; 
■ 
телефонмен найзағай кезінде пайдалануға болмайды. 
295 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет