Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет211/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
6.3.2.3 Септориоз (ақ дақ) 
 
Септориоз, немесе ақ дақ барлық жерде кездесетін, әсіресе 
республиканың солтүстігінде аса зиянды ауру. Қаракаттың, кейде 
қарлығанның жапырақтары мен 
жидектері залалданады. Жапырақ 
бетінде пiшiнi дӛңгелек немесе 
бұрышты, алғаш қоңыр, кейін 
ортасы ақшыл, қоңыр жиекті 
дақтар пайда болады (174-сурет). 
Дақ 
бетінде 
қоңыр 
түсті 
пикнидалар түзіледі. 
 
 
 
 
 
174-сурет. Қарақаттың септориозы 
Ауру қоздырғышы – Septoria ribis Desm., қалталы кезеңі – 
Mycosphaerella ribis Lind. саңырауқұлағы. Шар пішінді пикнидалар 
устьицелерден айқын кӛрінеді. Пикноспоралары 2-3 перделі, түссіз, жіпше 
тәpiздi, сәл иілген. Күзде пикнида орнында перитецийлер түзіледі. Tүcciз, 
екі клеткалы аскоспоралар кӛктемде пісіп-жетіліп, ӛcімдікті алғаш 
залалдайды. 
Қоздырғыштың 
инкубациялық 
кезеңі 
жоғарғы 
жапырақтарында – 8-10 күнде, ал тӛменгілерінде – ӛте қысқа мерзімде (3-5 
күн) ӛтеді. Саңырауқұлақтың дамуына 18-25°С температура және 50-60 % 
деңгейіндегі ауа ылғалдылығы қажет. Қоздырғыштың қалталы кезеңі 
залалданып топыраққа түскен жапырақтарда сақталады.
Ауруға шалдыққан жапырақтардың ассимиляциялық ауданы 
кішірейіп, мезгілсіз түсіп, қарақат жидегінің ӛнімі мен сапасы тӛмендейді. 
Бір жылдық ӛркендердің ӛcyi саябырлайды. 


287 
6.3.2.4 Бағаналы тат 
Бағаналы тата кеселі республиканың барлық аймақтарында таралған, 
дегенмен де солтүстік пен шығысында жиі кездеседі. Бұл ауруға ӛсімдіктің 
жапырақтары шалдығады. Жапырақтың үстіңгі бетінде хлорозды дақтар 
пайда болып, оның астында қызыл-сары кӛпшікшелер түзіледі. 
Вегетацияның соңында алғашында ашық түсті болып, кейін қараятын 
мүйізді ӛскін пайда болады. Ол жапырақтың тӛменгі бетін түгел алады. 
Залалданған жапырақтар қоңырайып, қурайды (175-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет