Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Асқазанның эвакуаторлық қызметінің бұзылу синдромы –



бет62/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Асқазанның эвакуаторлық қызметінің бұзылу синдромы – асқазан перистальтикасының бұзылуы. Асқазанның перисталтикалық жиырылуы асқазандағы тамақтың он екі елі ішекке эвакуациясын (көшуін) қамтамасыз етеді. Перистальтика мен қатар тамақтың эвакуациясына тұз қышқылы әсер етеді. Ішінде тамағы жоқ асқазанның қалтқысы жабық болады. Тамақтың тұз қышқылы сіңген бірінші порциясы жақындағанда асқазан қалтқысы рефлекторлы ашылады да, перистальтика көмегімен тамақ он екі елі ішекке өтеді. Он екі елі ішектің кеңігені және оның кілегей қабатының тұз қышқылымен тітіркенуі асқазан қалтқысының жабылуына себеп болады. Он екі елі ішекте тұз қышқылы ұйқы безі мен ішек сөлінің әсерінен нейтральды (бейтарап) жағдайда келгенше асқазан қалтқысы жабық күйде болады. Сонымен асқазанның эвакуациялық қызметі асқазанның секрециясына және перистальтикасына тәуелді болады. Қалыпты жағдайда тамақтың асқазанда болатын уақыты оның көлеміне және сапасына байланысты, 1 сағаттан 6 сағатқа дейін созылады. Патологиялық жағдайда асқазанныңэвакуаторлық қызметібаяулауы не тездеуі мүмкін. Эвакуацияның баулауы перистальтиканың әлсіреуінен не тамақ жолында кедергі пайда болуына байланысты. Перисталтиканың әлсіреуі созылмалы гастриттің кейбір түрлерінде болады. Тамақ жолындағы кедергілерде пилороспазм (ұлтабар жарасы, гиперацидты гастрит, іш қуысы мүшелерінен келетін рефлекс) және пилоростеноз (жарадан кейінгі тыртық, қарын қалтқысының ісігі, қалтқының сырттан басылуы) жатады. Бұл кезде «шіріген жұмыртқа» иісті кекірік, іркілме құсық болады.
Эвакуацияның тездеу себептері: ахилия – тұз қышқылының бөлінбеуі (асқазан қалтқысы тұрақты ашық болады), асқазанның скиррозды рагі (ісікте болатын инфильтратқалтқының жиырылуына кедергі болады). Қорытылмаған тамақ он екі елі ішекке тез өтетіндіктен гастрогенді диарея байқалады.қалыпты жағдайда рентген тексеруде контрасты зат асқазанға 2-3 сағатта жетеді.
Диспепсиялық синдром
Себептері: Гастриттер, асқазан және он екі елі ішектің жара ауруы, холециститтер, өт жолдарының дискинезиясы, өт тас ауруы, панкреатиттер, гепатиттер, бауыр цирроздары, колиттер, энториттер; асқорыту жүйесінің, ұйқы безінің ісіктері; дисбактериоз.
Диспепсиялық синдром асқазанда, ішекте ас қорыту бұзылыстарынан, асқазан-ішектің моторлық эвакуаторлық қызметінің бұзылу нәтидесінде дамиды.
Симптомдары:

  • Тәбеттің бұзылуы, тәбеттің жойылуы – анорексия;

  • Ауызда жағымсыз дәмнің болуы;

  • Кекіру – асқазан ішіндегі заттың ауыз қуысына оралуы (кардия сфинктерінің жеткіліксіз болуына байланысты); газдың оралуы – «ауа кекіру», тағам бөлшектерімен қоса – «тағаммен кекіру», ашу нәтижесінде органикалық қышқылдардың пайда болуында – «ашыған маймен кекіру».

  • Қыжылдау – төс артында күйю сезімі (кардиальды сфинктерәлсізденген асқазан сөлінің өңеште өтуі);

  • Жүрек айну – секрециясы төмен асқазан ауруларында және майлы тағамнан кейін байқалады;

  • Құсу – кезбе нерв тонусының жоғарылауына және асқорыту-ішек жолдарының маторлық және секреторлық қызметінің бұзылысына байланысты болады;

  • Іш қатпасы – кезбе нерв тонусының жоғарылауынан, тамақтану ерекшеліктерінен, қозғалысы шектелуінен, дәрілерден ішектің рефлекторлы дискензиясы дамып, іш қатпасына әкеледі;

  • Іштің өтуі – асқазан секрециясы төмендегенде, ұйқы безі ауруларында, екіншілік авитаминозда кездеседі.

Асқорыту жүйесі мүшелері қызметінің бұзылысына байланысты асқазан, ішек, ұйқы безі, бауыр диспепсиясын ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет