Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері



бет12/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Постмодернизм - ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алған еуропалық өнер дамуындағы тарихи кезеңнің шартты атауы. «Постмодернизм» термині алғаш Р.Ранвицтің «Еуропа мәдениетінің дағдарысы» (1914) еңбегінде кездесті. 1947 жылы (осы жыл постмодернизм дәуірінің басы деп саналады) ағылшын тарихшысы, мәдениеттанушы А.Тойбни «Тарихты зерттеу» кі- табында терминге тарихи-мәдени мағына дарытты. Әдебиеттану мен өнертануда 1960 жылдардан бастап француз философы Лио- тардың «Постмодернистік жағдай: білім туралы баяндамасы» (1979) еңбегінде «постмодернизм» сөзі бүгінгі дәуірдің менталь- дық ерекшелігін айқындайтын философиялық категория ретінде қолданылған.
Постмодернизмнің ірі теоретиктері – француз Р.Барт, Ж.Делез, Ж.Деррида, М.Фуко, Ж.Ф.Лиотар, Ю.Кристева, амери- кандық Ф.Джеймисон, итальяндық У.Эко және т.б. Постмо- дернизмге тән негізгі сипаттар туралы пікірлер әр түрлі. Зерт- теушілер бұл бағыттағы жазушыларға бұлдырлық тән, олар ешнәрсені ашып айтпайды, ақырғы сөз қозғаудан аулақ дейді. Постмодернизм тарихи және көркем дәстүрлердің бірігуіне не- гізделген. Әр түрлі халық, мәдениет, субмәдениет, уақыт ішін- дегі әдіс-тәсілдерді, стильдерді, тақырып, проблема, мотивтерді бір шығарма аясына біріктіру осы постмодернизмнің сипатты белгісі саналады. Постмодернистік мәтін оқырман көңілінде оқиға барысына қатысты үнемі күмәнділік тудырады. А.Уайлд постмодернизм өмір көріністерінің бәріне дерлік өзгеше иро- ниямен қарайтынын атап өтеді. Олар «шығарма» ұғымын «мәтін» ұғымымен алмастырды. Р.Барт: «Әр мәтін интермәтін болып табылады; басқа мәтіндер онда түрлі деңгейде, түрлі фор- мада кездеседі: бұрынғы мәдениеттің және қоршаған мәдениет- тің текстері. Әр мәтін ескі цитаталардан өрілген жаңа дүние» – деп білді.
Постмодернизм туралы зерттеушілер пікірін келтіре отырып, оған тән белгілерді қазіргі қазақ әдебиетінің негізінде талдаған Б.Майтанов модернизм мен постмодернизм арасын- дағы басты айырмашылықты айқындап береді: «Модернистер дөрекі, алабажақ, тұрақсыз шындықтың жан-жағынан жоғары шындық, жоғары өмір, сабақтас әлем, іргелі тұтастық, өзгеше ой, тым ауқымды идея іздестірді. Өмір олар үшін көріксіз де, та- залық пен әсемдік өнерде ғана сақталмақ... Постмодернизм мұн- дай кемшіліктерден ада, олар, біріншіден, осы сәттегі, тысқары дүниедегі, күнделікті тіршіліктегі бар нәрсеге назар аударады. Қысқасы, модернизм көз алдында тұрған шындықты місе тұт- паса, постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп бөлмейді, кез-келген зат, құбылысты дүние санауға бейім Ол техногенді постиндустриалды қоғам негізінде бей-берекет тір- шіліктен безер болудың орнына бәріне көнген, бекінген, қасіре- тін ішіне түйген қалыпта, еш нәрсеге қатты алаңсыз жүйкесін сауытпен қоршап күн кешуді жөн санайды. Тығырықтан шығар жол іздеудің қажеті жоқ. Егер адамзат өркениеттің жарқабағында тұрса оған амал іздеу мүмкін емес. Әркім өзінде бар әлем, үле- сіңе тиген тағдыр мен сағат, сәттің1тұтқынында сол күйіне жасы- май, зар төкпей тыныстауы қажет» .
Модернизмдегі: жалғыздық, дәрменсіздік сарыны, пен- денің ортамен қарама-қайшылығы, дамыған қоғамның технокра- тиялық болмысынан қорқу, тұлғаның абсурдты, хаосты өмірден безінуі сынды элементтер постмодернизм поэтикасына ауысты. Трагедиялық сарын, қоғамды жатсыну, сөзге сараңдық, астарлап ишарамен сөйлеу, үкім айтудан, соңғы түйінді айтудан қашу - постмодернистік сипаттағы бүгінгі қазақ прозасына (Ә.Тарази, А.Алтай, Р.Мұқанова, Д.Амантай және т.б.) тән қасиеттердің бірі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет