Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған


-сабақ 1. Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері. 2. Тақырыпқа қатысты жаттығу жұмыстарын орындау 3-сабақ



бет35/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-сабақ
1. Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері.
2. Тақырыпқа қатысты жаттығу жұмыстарын орындау
3-сабақ
1. Құранды етістіктер (жақсы көру, көңіл бөлу, іске асыру).
2. Жаттығу жұмыстарын орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 11, 17, 18, 19


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат». А.Құнанбаев өлеңімен жұмыс (оқу, талдау).
2. Адам мінезіне қатысты мақал-мәтелдер жинау.
3. Адам мінезіне қатысты сөздермен сөздік жұмысы.
4. «Киіміне қарап қарсы ал, мінезіне қарап шығарып сал» тақырыбында ойталқы жазу.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат». А.Құнанбаев өлеңін оқу, талдау.
2. Адам мінезіне қатысты мақал-мәтелдерді жаттау.
3. Адам мінезіне қатысты сөздерді жаттау, адам мінезін сипаттауда қолдану.
4. «Киіміне қарап қарсы ал, мінезіне қарап шығарып сал» тақырыбында ойталқыны тыңдау.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударып, түсінгендеріңізді әңгімелеңіздер. Мәтін бойынша таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыздар;


МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ
Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті.
Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.
«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет