Пән туралы мәлімет: Атауы: «Бүгін бала, ертең-ата-ана»


«Бүгін –бала, ертең - ата-ана...» жұмыс бағдарламасының атауына



бет2/19
Дата15.12.2023
өлшемі71.76 Kb.
#486739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
f60a2252fc459d

«Бүгін –бала, ертең - ата-ана...» жұмыс бағдарламасының атауына Нарманбет Орманұлының ғылым туралы өлеңіндегі мына:
«Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып,
Ата-ана болмасын жүзіқара...»деген жолдары ой салды.

Бұл бағдарлама студенттер мен жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың жоғарыда аталған психологиялық-педагогикалық негіздерін қалайды деген сеніммен құрастырылды.Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасылық сауаттылық пен жауапкершіліктерін қалыптастыруға арналған. Арнайы пән немесе факультатив сабақтары негізінде отбасы мен оқу орындарында беріп үлгермеген білім мен кетіп жатқан кемшіліктерді толықтыруды көздейді. Бұл бағдарлама студенттерге, жастарға арманы мен алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге, кездескен қиындықтардан жол таба алуға, болашаққа бағдарлануына өз көмегін тигізе алады деп сенемін.


Бағдарламаның мақсаты: жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.
Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы болмақ.
Бағдарламаның тәрбиелік міндеттері
•оқушыларды тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі компоненттерімен , оның ерекшеліктерімен таныстыру;
•тұлғаның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік даму аспектілері туралы көзқарастарын қалыптастыру;
•оқушыларға жыныстық тәрбие беру, жыныстық қатынас мәселелері туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
•жеке басының салауаттылық өмір салты мен қоршаған ортаның ықпалына төтеп бере алуын тәрбиелеу;
Отбасылық рөлдер туралы көзқарастарын қалыптастыру; Ақпараттар ағымынан керектіні ала білуге; Ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарын сақтауға, әдеп пен отбасылық психологиялық білім негіздеріне ие ету.
Бағдарламаның тиімділігі оның қоршаған ортаның, соның ішінде әлеуметтік ақпараттың жағымсыз әсеріне қарсы тұрар адамгершілік тәрбие құралы бола алуында. Психологиялық білім, дағды мен ептіліктердің жетіспеушілігін толықтыру мүмкіндігінің болуы; Ата-ана мен балаларының қарым-қатынасын оңтайландыруға мүмкіндіктер.
Бағдарламаның жүзеге асу жолдары
- жас отбасылармен, үлгілі отбасылармен кездесу, оқушылармен, студенттермен семинар;кеңейтілген лекция, тренингтер,жаттығулар, жағдаяттар шешу,т.б.
- кеңестер мен зерттеулер.
- студенттер мен оқушыларға сабақтар жүйесін жүргізу
Сабақ аптасына бір рет 10-15 адаммен өткізіледі.
Сабақтарды өткізуде мынадай жұмыс формалары қолданылады: отбасылық қарым-қатынастарды зерттеу әдістерімен жұмыс, мәселені жалпы талдау, жағдаятты ойнау мен анализ, ойын және арттерапия мүмкіндіктерін пайдалану, аудио, видео материалдарын пайдалану. Жастарды әлеуметтік қоғамдармен, жетімдер мен қарттар үйлерімен, ондағы тұрғындар өмірімен таныстыру өз отбасын құру жөніндегі ойлары мен жобаларына жақсы әсер ететін әдіс деп білемін. Олар бақылап, көргендерінен өмірінің соңындағы өзін, немесе тастанды баладан өз баласын көретіндей сезім алары сөзсіз. Сондай-ақ, өз ата-аналарына деген құнды қарым-қатынастары да артады деп ойлаймын.
Бағдарлама әдістемелері:
Интеллектуалдық және рольдік ойындар
Психологиялық тренинг элементтерімен сабақтар.
Сауалнама, «Отбасылық социограмма», т.б.суреттік проективтік тест, түрлі. зерттеу әдістемелерімен жұмыс
Отбасы терапиясының техникалары, психологиялық қорғау әдістері
Психокоррекция
Тақырыптық сыныптан тыс сағаттар
Диспуттар, пікірталас
Жағдаятты ойнау мен анализ,
Ойын және арттерапия мүмкіндіктерін пайдалану,
Аудио, видео материалдары
Медициналық қызметкерлермен кездесулер
Мектеп (колледж) тақырыптық газеттерін шығару
Ата-ана жиналыстары мен лекторийлер үлгілері, әлеуметтік қоғамдармен, жетімдер мен қарттар үйлеріне саяхат
Отбасылық сайыстар, жобалар құру
Көрмелер
Ақпараттық база және тәжірибе
2012 ж. Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу институтында білім алдым. Отбасылық Тәрбиелеу Институты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» Партиясының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Атырау қаласында мамыр айында өткен «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыру дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» республикалық бірыңғай ата-аналар семинарын жүргізуде, сондай-ақ, қыркүйек айында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» және желтоқсан айында «5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық Ата-аналар конференциясының спикері және институт түлегі-отбасылық психолог ретінде атсалыстым.
Бұл шараларда институт дайындаған бай материалдар ата-аналарға ғана емес, барлық педагогтар мен психологтарға таптырмас көмек құралдары болды. Колледж жастарымен жұмысымда аталған институттың бағдарламалары мен материалдары, қазақстандық, ресейлік, шетелдік психологтардың еңбектері мен өз іс тәжірибемнен (Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының психологы ретінде) және колледж оқытушысы, педагог-психолог қызметімнің тәжірибелерінен жинақталған «Педагогика.Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру»,«Мектеп психологының жұмыс кітабы», «Жаңаша оқыту заман талабы» құралдарының авторы ретінде де біраз материалдар жинақталды. Сондықтан осы аталған бағдарлама саналы іс-тәжірибеден туындады деуге болады.

1.


1тақырып. Жастардың отбасылық өмірден күтетіндері мен қоятын талаптары. Отбасы құру үшін лайық жар портреті.
1.1.Топпен танысу. Өзімді және өзгені танимын. Танысу-тренингі. «Отбасы» /Отбасы күні мерекесіне орай флешмоб/.«Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?»анкета,«Отбасылық социограмма» әдістемесі,т.б.

2
2
Тақырып 2. ″Ғашықтық″ қармағы


1
3
Тақырып 3. Отбасы туралы. Отбасының құқықтық аспектілері. Қазақтардың отбасы мен неке құру ерекшеліктері (лекция,тренинг)
1
4.
Тақырып 4. Отбасылық өмірге, үйленуге дайын болу
1
5
Тақырып 5. Ер адам мен әйелдің психологиясы.
1
6
Тақырып 6. Жас ерекшелік және психосексуалдық даму.
1
7
Тақырып 7. Салауатты өмір мен репродуктивтік саулық.
1
8.
Тақырып 8. Ана болу,әке болуға дайындық. Отбасын жоспарлау.
1
9.
Тақырып 9. Неке туралы. Некенің құқықтық негіздері
1
10.
Тақырып 10. ″Азаматтық″ неке, оның зияны мен пайдасы 
1
11.
2 бөлім Тақырып 11. Отбасындағы еркек пен әйел.Отбасылық рөлдер.
1
12
Тақырып 12. Жұбайлық үйлесімділік.
1
13.
Тақырып 13. Отбасы даму кезеңдері мен дағдарыстары
1
14.
Тақырып 14. Отбасындағы кикілжіңдер.
1
15
Тақырып 15.Айырылысу- әлеуметтік-психологиялық феномен.
1
16
Тақырып 16. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасының рөлі
1
17.
Тақырып 17. Бала – Ата-ана қарым-қатынастары. Қарым-қатынас стильдері
1
18
Тақырып 18. Отбасылық қарым-қатынастың тұрмыстық-экономикалық сферасы.
1
19
Тақырып 19. Отбасылық дәстүрлердің маңызы.
1
20
Тақырып 20. Қорытынды сабақ
1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет