ПӘні бойынша Әдістемелік өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 3 Семестрі: 6 Құрастырушы: Джураева Г. Р. Шымкент, 2013


Мақсаты:несеп қуығынан зәрді уақытылы шығару. Көрсеткіші



бет7/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#169969
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаты:несеп қуығынан зәрді уақытылы шығару.

Көрсеткіші: жедел зәр тоқталу; несеп қуығын жуу және оған дәрілік заттарды енгізу; бүйрек және несеп мүшелеріне операциядан кейінгі кезеңде.

Қажетті заттар:

  • стерильді: катетер, анатомиялық(2 дана) пинцентер , корнцанг, лоток, латексті қолғаптар, 1:5000

  • фурациллин ерітіндісі, вазелин майы.

  • зәрді жинауға ыдыстар ;клеенка, антисептикалық ерітінділер.

Еркекке катетер енгізу өте қиын, себебі олардың несеп шығару каналының ұзындығы 22 -25 см әрі екі физиологиялық тарылу жолдары кездеседі. Олар катетердің өтуіне кедергі келтіреді. Сырқат катетер енгізу кезінде тізесін бүгіп, шалқасынан жатады, табанының арасына «утка», астауша немесе кружка қояды, оған катетер бойымен несеп ағады. Медбике немесе дәрігер сол қолымен сырқаттың жыныс мүшесін ұстап, бор қышқылы ерітіндісіне малынған мақтамен оның басын мұқият сүртеді. Алдын ала зарарсызданған вазелин майы жағылған катетерді пинцетпен немесе зарарсызданған дәке

салфеткамен оң қолына ұстап онша көп күш жұмсамай біртіндеп несеп шығаратын каналға ендіреді. Катетерлеуді резеңке катетермен бастайды, ол жұмсақ әрі иілгіш болғандықтан кез келген формаға түседі, бұл оның жолда бар кедергіден өтуіне мүмкіндік береді. Катетер қуыққа енген бойда несеп шығады. Еркектерге металл катетерді тек дәрігер ғана енгізеді.



Қуықты жуу.

Бұл жұмыс қуықтан іріңді, тканнің іріген заттарын, ұсақ тастарды механикалық жолмен шығару үшін, сондай-ақ цитоскоп енгізу алдында жасалады. Әдетте қуықты резезке катетермен жуады. Алдын ала қуықтағы несептің мөлшерін, бір рет несеп шығару арқылы біліп алады.Сырқат тізесін бүгіп, бөксесін ашып, жамбасы көтеріңкі жатады. Бұл процедураны урологиялық креслода жасайды. Қуықты эсмарх кружкасымен жуады, оның резеңке түтігіне катетер кигізілген. Бор қышқылының ( 2% ерітіндісін), калий перманганатын ( 1:10000), оксицианды сынап (1 :10000) ерітінділерін пайдаланады. Аспаптар зарарсызданған болуы тиіс. Катетер енгізіп, несеп шығарады да, катетерді Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғайды. Қуықты түссіз сұйық шыққанша жуады, егер осыдан кейін цитоскоп енгізу керек болса, ерітіндіні қуықтың жартысына дейін жіберіп, катетерді шығарып алады. Жуғаннан кейін сырқат төсекте 30-60 минут тай жатуы тиіс. Егер дәрі-дәрмек заттармен жуса, онда күнделікті немесе күнара жуылады. Әдетте жалпы 12-14 рет жуады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%) бөлімшелерде зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы бар науқастарда мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру, зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету, қуыққа катетер енгізу кезінде мейірбикеге көмектесу.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1.Қандай аурулар және жағдайлар жедел зәр тоқталуымен өтеді.

А.ісіктер немесе аденома

Б.бүйрек жетіспеушілігі

В.екі зәрағардың қысылуы

Г.құрсақ қуысының мүшелеріне жасалған операциясынан кейінгі жағдай

Д.босанудан кейінгі кезең

2.Жедел зәр тоқталуды ликвидациялау үшін қолданады:

А.қуыққа катетеризация жасау

Б.цистостомия

В.прозеринді тері астына енгізу

Г.атропинді тері астына енгізу

Д.спазмолитиктерді қолдану(но-шпа, баралгин)

Е.сыртқы жыныс мүшелерін жылы сумен жуу

3.Әйел қуығына катетер қою кезінде дұрыс кезекті іс әрекетті анықта.

А.аяқтарын тізесіне бүгіп арқасымен науқасты жатқызып және екі жаққа аяғын ашу.

Б.глицеринге батырылған зарарсызданған катетерді

оң қолмен ұстау

В.антисептикалық ерітіндімен зәрағар каналын өңде

Г.сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін көтеру, зәр ағар каналын анықтау

Д.зәр ағып болған соң зәрағар каналынан катетерді алу

Е.катетерді зарарсыздау

Ж.зәрағар каналына 3-5см-ге катетерді енгізу, соңын зәр қабылдағышқа салып қою

4.Жауапты толықтыр.

Жедел зәр тоқталу кезінде, дәрігер тағайындауы бойынша медбике науқасқа но-шпаның қанша ....мл,

....% ерітіндісін енгізеді.

5.Зәр шығару каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға ...............

6.Ерлерге металл катетерді мына жағдайда.................

енгізеді.

7.Катетерлер болады.........................

Сәйкестір.

8.Металл катетерлерді стерилизациялайды:

Өңдеу уақыты:

1.Пармен . А.180.С 60 мин

2.Құрғақ бумен. Б.160.С 100 мин

В.132.С 20 мин

Г.120.С 45 мин

9.Қуықты жууға көрсеткіш:

А.жедел зәр тоқталу

Б.жедел простатит

В.уретраның зақымдалуы

Г.қуықтың қабыну аурулары



10.Қуықты жуу үшін қолданады:

А.салицил спиртінің 1% ерітіндісі

Б.маргонцовоқышқыл калийдің 5% ерітіндісі

В.70% этил спирті

Г.фурациллиннің 0,02% ерітіндісі

Ситуациялық есептер:


  1. Операциядан 8 сағаттан кейін науқас кіші дәретке отырмады. Осы кезде медбикенің іс-әрекеті.

Жауабы:Жеке астаушасын қою , науқасты жалғыз қалдырып кранды ашу:ағып жатқан судың шуы кіші дәретті шақыруы мүмкін ; жыныс мүшелерін жылы сумен жуу ; дәрігер тағайындауы бойынша 0,5% 1 мл прозерин ерітіндісін енгізунемесе қуыққа катетеризация жасау .


  1. Операциядан кейін реанимациядан бөлімшеге науқасты ауыстырды . 6сағаттың ішінде науқас кіші дәретке отырмады . Бұл кезде медбикенің іс-әрекеті қандай ?

Жауабы:тез арада кіші дәретке отырғызу қажет .

Кері көрсеткіші болмаса іштің төменгі бөлігіне грелка қоюға болады , суды ашып қою . Бұл іс- әрекеттер әсер етпесе дәрігерге хабарлау .




13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



12 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Жедел зәр тоқтауына түсінік.

  • Жедел зәр тоқтауына алып келетін себептер мен белгілері.

  • Жедел зәр тоқтауы кезіндегі көмек.

  • Қуыққа катетер қою туралы түсінік.

  • Катетер қоюдың мақсаты: емдік, диагностикалық.

  • Процедураны өткізудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.

  • Процедураны өткізу әдісі және жабдықталуы.

  • Кездесетін асқынулары және оларды алдын алу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  1. Эндокринді жүйелердің қызметі бұзылған науқастарды күту, қадағалау деонтологиялық аспект ілері.

  2. Эндокринді жүйе аурулары бар науқастарды тексеру тәртібі.

  3. Инструменталді және лабораторлы тексеру әдістері және олардың мәні.

  4. Комалық симптомдары және дәрігерге дейінгі көмек.

  5. Қант диабетімен ауыратын науқастардың іріңді жараларды алдын- алу.

Эндокринді жүйе ауруларының негізгі симптомдары. Дене салмағының өзгеруі спецификалық симптом болып табылмайды. Бұл тек қана эндокринды жүйе паталогитясына тән. Гиреотоксикоз, қант диабетіне кенеттен дене салмағының төмендеуі және жоғарылауы байқалады. Сондай-ақ бұлшық ет әлсіздігі. Ауыр жағдайларда науқастар бұлшық ет әлсіздігінен жүре алмайды, тұра алмайды, жұтылу, шайнау, сөйлеу қиындайды.

Шөлдеу және көп мөлшерде зәр кіші дәретке отыру (полиурия)- қантты және қантсыз диабетінің негізгі белгісі. Бұл гиперудың артқы бөлігінің ауыр патологияларында кездесуі мүмкін. Шағымдары: асқорыту қызметінің бұзылуымен байланысты.(іштің ауыр сезімі, жүрек айну, құсу)- қант диабеті кезіндегі диабетикалық кетоацидоздың жиі белгісі. Гипотериозда іш қатуы болады. Қалқанша бюезі аурулары бар науқастарды күту, бақылау. Қалқанша без- адамның эндокринді жүйесінің ірі мүшесі болып табылады. Трийодтиронин, тироксин, кальцитонин бөліп шығарады. Қалқанша без аурулары (диффузды токсикалық зоб, эндемиялық зоб, гипотериоз тиреодит, ісіктер ж.т.б.) жиі кездеседі. Қалқанша без без ауруларында жиі нерв- псикихалық жүйе зақымдалады. Диффузды токсикалық зобы бар аурулар тез ашуланшақ, ал гипотериозджа апатия, ұйқышылдық. Зат алмасу бұзжылған науқастарда дене салмағы ұзжылады. Диффузды токсикалық зобта кенеттен арықтау байқалады. Күнделікті өлшену аурудың ағымын және емдеу нәтижесін көрсетеді. Зат қалқанша безі ауыратын науқастарда негізгі алмасу өзгероуіне байланысты дене температурасы өзгереді, гипертериозда жоғарылайды, гипотериозды төмендейді. Дене температурасы ауру ағымын көрсетеді, термометрияны күніне бірнеше рет өткізедді. Диффузды токсикалық зобта шөлдеу, жоғары терминдік гипотиреоз кезінде теріге көңіл бөлу қажет. Терілер қатқыл, тез қабыршықталған болады. Диффузды токсикалық зобта көз кеңістігі кеңейген, көзін фурацилинмен жуып, қабюығына көз ма йын жағу керек. Қалқанша без ауруларында жүрек –қан тамыр жүйесі бұзылады.Диффузды токсикалық зобта тахикардия, артериалды гипертензия, гипотиреозда керісінше. Сондықтан ҚҚ өлшеу керек. Диффузды токсикалық зобы бар науқастар диетаны сақтау қажет. Асқынуы- тиреотоксикалық криз- бұл кезде кенет психикалық қозғыштық, дене температурасы 40-41 0 , іш ауруы, жүрек айну, іш өту, құсу. Тиреотоксикалық криз кезінде кортикостерендты, код, препараттары, жүрек гликозидтері қолданады.



Қант диабеті ауруы бар науқастарды бақылау және күту. Қант клеткаларындағы инсулин бөлінудің шынайы және салыстырмалы жетіспеушілігі, осының әсерінен организмде зат алмасу бұзылыстары байқалады. Инсулин жетіспегенде бірінші көмір су алмасуы бұзылады. Дені сау адамда қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 4,4-6,6, ммоль/л. Қандағы қантты тексеруге науқасты дайындау барысында ашқарынға екенін түсіндіру қажет. Зәрдегі қантты тәулік бойы үлкен ыдысқа жинайды. Лабораторияға жіберу алдында медбике зәрді араластырып 150-200 мл құйып алады. Жолдамада (зәрдегі қант) және бұл порция жалпы қандай мөлшерде алынғаны көрсетіледі. Медбике зәрдегі қантты экспресс әдіспен анықтай алады. Бұл үшін арнайы қағаз (гликотест) немесе (биофан) қолданады. Егерде зәрде глюкоза болса идикатор бояуы өзгереді. Зәрде ацетонның болуы арнайы экспресс анализге арналған түймедақ тобы көмегімен, егерде зәрде ацетон болса, идикатор алқызыл түске боялады. Негізгі алмасуды зерттеу алдында медбике науқасқа ескертеді, берілген зерттеу ашқзарынға және бұлшық ет тыныштық жағдайда өткізіледі. Зерттеуге 2-3 күн қалғанда науқасқа белоксыз диета тағайындалады. (тағамнан ет, балқы, жұмыртқа, ірімшікті) алып тастайды. Бұл уақытта науқас ұйықтататын , никотин, алкоголь, кофеинді қолданбау керек. Медбике қызметіне науқастың жағдайын дер кезінде бағалай және шағымдары, объективті тексерулер кіреді. Дер кезінде анықтау және дұрыс, жедел көмек көрсету қажет. Терісінің тазалығына және кілегейлі қабюықтароына, көңіл бөлу керек, себебі бұндай ауруларда терінің қабынуы аурулары тез дамиды. Қант диабеті бар науқастарда зәр шығару жолдарының қабыну аурулары жиі дамиды, сондықтан тексеру барысында қайталап жалпы зәр анализін, Нечиперенко анализін өткізеді: организмнің төмен белсенділігі тұсында ауыз қуысының кілегейлі қабықшаларының қабыну аурулары дамиды. Қосалқы аурулары (бронхит, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы) ауыр түрде жүреді. Тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелерінің жағдайын тұрақты қадағалау тиіс: қақырық анализі тыныс алу жиілігін санау және пульстің құрлымын анықтау, ҚҚ өлшну, ісіктердің динамикасын бақылау ж.т.б. кезінде аурудың ағымы біршама төмендеді. Инсулинға тән науқастарды емденуде инсулин қолданылады. Қазіргі уақытта инсулиннің қысқа мерзімде әсер ететін дәрілерді 6-8 сағат дейін,-инсулин актарында, инсулин СПП ж.т.б. Инсулин бірлікпен белгіленеді (ЕД) Ол флаконда 5-10 ЕД түрінде шығарылады. 1 мл-де 40 Би, 80 Би,. Инсулинді тері астына салады. Инсулинді бір орынға қайта- қайта салмау қажет. Өйткені- липодистрофия дамуы мүмкін. Әр түрлі асқынулары дамуы мүкін- аллергиялық реакция, тері қышымасы, квинке ісігі, анафилактикалық шок крапивница. Қант диабеті бар науқастар инсулинді одан сала береді. Медбике науқасты енгізу әдісіне, инсулин шприцті қолдана білуді үйрету. Әрбір науқас дұрыс тамақтанып, диетаны бұзбау қажет. Әрбір науқасқа энергетикалық құндылығын есептеу қажет жынысына, жасына, дене салмағын № 9 стол тағайындалды. Тамақтары витаминге толы, күнінен 5-7 рет, аз мөлшерде беріледі. Қант диабеті кезіндегі коматозды жағдайдың белгілері:

Диабетикалық кома

Әсер ететін факторлар: Режимнің бұзылуы,Физикалық және психикалық травма, Инфекция

Команың алды белгілері: Шөлдеу, Адипомия, Бас ауруы, Іш ауруы,

Медбике тактикасы: Дәрігерді тез арада шақыру

Кома белгілері: Тері құрғауы, Ацетон иісі, тахикардия, ҚҚ төмендеуі, Гипергликемия, Глюкозурия

Емдеуі: Инсулин енгізу, Дезинтоксикациялық терапия, Гипогликемиялық кома,

Себептері: Тамақтану тәртібінің бұзылуы, қанда инсулин мөлшерден тыс көбейіп кетуі

Кома алды жағдайдың белгілері: Әлсіреу, Тері бозаруы, Терлегіштік, Бұлшық еттердің тартылуы, Дененің дірілдеуі

Медбике тактикасы:

Дәрігерді тез арада шақыру. Қант немесе тәтті шай беру керек.

Семіздік бар науқастарды күту және бақылау. Семіздік дегеніміз- тері асты клетчаткаларға майлы тіндердің мөлшерден тыс жиналуы. Бұл кезде зат алмасу бұзылады. Шағымдары ентікпе, әлсіздік, терминдік, ҚҚ қосалқы аурулары атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, подарга, өт-тас ауруы. Бұндай науқастардың күтімінде тыныс алу және жүрек қан- тамыр жүйесіне көп көңіл бөлу керек. Семіздік ауруы бар науқастар жиі іріңді ауруларға беймиі келеді. Алдын- алу жақсы күтім, ванна, душ қабылдау қажет. Күнделікті науқасты таразыға өлшеу тиіс. Стационардағы науқастарға төмен калориялы диета тағайындалады. Арнайы физикалық жаттығулар, су процедуралары, массаж қажет. Қажет жағдайда тәбетті төмендететін дәрілік заттар (изолипан, минифон ж.т.б.), гармональды дәрілер, зжәр айдайтын дәрілер қолданады.

Сабақтың мазмұны.

Бөлімшелердегі студенттердің өзіндік жұмыстары


  1. Эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі науқастардың күтімін ұйымдастыру жұмыстарымен студенттерді таныстыру.

  2. Оқытушымен бірлесіп істеген жұмыстары.

  3. Эндокринді жүйе ауруы бар науқастарды талқзылау және мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Лабораториялық тексеру әдісінің көмегімен организмде болып жатқан биохимиялық процестерді білуге болады. Бұл процестер қабыну, жұқпалы, аллергиялық, ісікң және тағы басқа ауруларда өзгеріп от ырады.

Лабораториялық анализдің негізгі сауалы болып организмнің функциональді жағдайының объективті көрінісін, диагностикалық мақсатта және емнің нәтижелігін бақылау болып табылады.

Қанның биохимиялық анализі адам организмдегі барлық зат алмасу процестерінің ( ақуызды алмасу, көмірсу алмасу, май алмасу, электролитті алмасу) жағдайын көрсетеді. Зат алмасудың әр бір түрі белгілі бір жүйе немесе мүшенің жұмысына байланысты болып келеді.

Бүйректегі патологиялық процестің ауырлығын анықтау үшін қаннан зат алмасу өнімінің шығуының қаншалықты бұзылғанын анықтау қажет.

Кейбір ауруларды нақты негіздеу үшін қанның биохимиялық анализі маңызды болып табылады. Оның қатарына: бауыр, бүйрек, ұйқы безі, жүректің шұғыл аурулары, тұқым қуалайтын аурулар, авитиминоздар, интоксикация және т.б.

Көмір су алмасудың – ең жиі көрсеткіші болып қан құрамындағы қант болып табылады. Оның аз мерзімге көтерілуі тамақтанып болған соң эмоциональді қозу, стресті реакциялар, ауырсыну ұстамалары байқалады. Қанда қант мөлшерінің тұрақты көтерілуі қант диабеті кезінде кездеседі. Май алмасудың бұзылуы кезінде липидтер және оның фракцияларының ( триглициридтер, липопротеидтер және холестерин эфирі) көтерілуі байқалады. Бұл көрсеткіштер бүйрек және бауырдың функциональді қабілеттілігін бағалау үшін маңызды. Липидтердің жоғарылауы тамақтанып болған соң байқалады жжәне 8-9 сағатқа созылады. Қанда липидтердің жоғарылауы гепатит, атеросклероз, нефроз, қанат диабеті және семіздік кезінде кездеседі.

Пигментті алмасудың көрсеткіші болып билирубин саналады- өттің сары қоңыр пигменті. Бауырда түзіледі., өтпен ішекке түседі. Қанда осы пигменттің екі түрі кездеседі- тікелей және тікелей емес. Бауыр ауруларының тән белгілеріне – тікелей билирубин концентрациясының жоғарылауы, ал механикалық сарғаю кезінде ерекше жоғарылауы жатаджы. Диурездің көп бөлінуі кезінде бүйрек арқылы, көп терлегеннен тер арқылы және қайтымсыз құсу кезінде асқазан- ішек жолы арқылы электролиттер мен судың интенсивт і азаюына сусыздану дамиды. Су минералды алмасудың әр түрлі бұзылысы қант диабетінің ауыр түрінде, бауыр циррозы кезінде, жүрек - қан тамывр жетіспеушілігі кезінде кездеседі.

Эндокринді жүйенің функциональді жағдайын бағалау үшін –қандағы гормандардың құрамын анықтайды, мүшделердің спецификалық активтілігін білу үшшін- ферменттің құрамын, ал гиповитаминоздарды диагностикалау үшін дәрумендердің құрамын анықтайды.

С- реактивті ақуыз (СРА) жедел қабыну ауруларының (өкпе қабынуы, аппендицит) ең жедел және сезімтал индикаторы болып табылады.

Клинико- диагностикалық лабораториялық тексерудің әр бір түрі дәрігерддің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Лабораториялық тексеру әдісінің көмегімен организмде болып жатқан биохимиялық процесстерді білуге болады. Бұл процестер қабыну, жұқпалы, атллергиялық, ісік және тағы ббасқа ауруларда өзгеріп отырады.

Лабораториялық анализддің негізгі сауалы болып организмнің функциональдюі жағдайының объективті көрінісін, диагностикалық мақсатта және емнің нәтижелігін бақылау болып табылады.

Қанның биохимиялық анализі адам организміндегі барлық зат алмасу процесстерінің (ақуызды алмасу, көмірсу алмасу, май алмасу, электролитті алмасу) жағдайын көрсетеді. Зат алмасудың әр бір түрі белгілі бір жүйе немесе мүшенің жұмысына байланысты болып келеді.

Бүйректегі потологиялық процестің ауырлығын анықтау үшін қаннан зат алмасу өнімінің шығуының қаншалықты бұзылғанын анықтау қажет.

Кейбір ауруларды нақты негіздеу үшін қанның биохимиялық анализі маңызды болып табылады. Оның қатарына: бауыр, бүйрек, ұйқы безі, жүректің шұғыл аурулары, тұқым қуалайтын аурулар, авитаминоздар, интоксикация және т.б.



Қанды ақуыздың төмендеуі – созылмалы аурулар, интоксикация, қабыну және қатерлі ісік кезінде ақуыз синтез процесінің тежелуімен сипатталады.

Көмірсу алмасудың- ең жиі көрсеткіші болып қан құрамындағы қан болып табылады. Оның аз мерзімге көтерілуі тамақтанып болған соң эмоциональді қозу, стресті реакциялар, ауырсыну ұстамалары байқалады. Қанда қант мөлшерінің тұрақты көрсетілуі қант диабеті кезінде кездеседі. Май алмасудың бұзылу кезінде липидтер және оның фракцияларының (триглициридтер,

Пигментті алмасудың көрсеткіші болып билирубин саналады - өттің сары-қоңыр пигменті. Бауырда түзіледі, өтпен ішекке түседі. Қанда осы пигменттің екі түрі кездеседі – тікелей және тікелей емес. Бауыр ауруларының тән белгілеріне тікелей билирубин концентрациясының жоғарылауы, ал механикалық сарғаю кезінде ерекше жоғарлауы жатады. Гемолитикалық сарғаю кезінде тікелей емесе билирубин концентрациясы жоғарылайды.

Қан анализі организімге минерал және су алмасу мен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Диурездің көп бөлінуі кезінде бүрек арқылы, көп терлегенне тер арқылы және қайтымсыз құсу кезінде асқазан – ішек жолы арқылы электролиттер мен судың интесивті азаюынан сусыздану дамиды. Су минералды алмасудың әр түрлі бұзылысы қант диабетінің ауыр түрінде, бауыр циррозы кезінде, жүрек – қан тамыр жетіспеушілігі кезінде кездеседі.



Эндокринді жүйенің функциональды жағдайын бағалау үшін – қандағы гормондардың құрамын анықтайды, мүшелердің спецификалық активтілігін білу үшін – ферменттің құрамын, ал гиповитаминоздарды диагностикалау үшін – дәрумендердің құрамын анықтайды.

С – реактивті ақуыз (СРА) жедел қабыну ауруларының (өкпе қабынуы, аппендицит) ең жедел және сезімтал индикаторы болып табылады.

Клинико – диагностикалық, лабораториялық тексерудің әр бір түрі дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде эндокринді жүйе қызметі бұзылуы бар науқастарда мейірбикелік үрдісті орындау.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Қалқанша безі ауыратын науқас диспансерлік қарауда киімінің тар екендігін айтты. Бұл жағдайда медбике:

А) жаңа киім алу керектігін айтады

Б)науқасты таразға тартады

В)науқасқа жаны ашиды

Г)берілген мәселеге көңіл аудармайды



  1. Эпидемиялық зобтың даму себептері:

А)иодтың артықшылығы

Б)қалқанша без жетіспеушділігі

В)иод жетіспеушілігі

Г) темірдің көбеюі



  1. Инсулин қатысады

А)клетка арқылы глюкозаның сіңірілуі

Б)асқазан- ішек жолынан глюкозаның сіңірілуі

В)организмнен глюкозаның бөлінуі

Г) майлардың сіңірілуі



  1. Қант диабетіне тән:

А)арықтау, полиурия, гипергликемия

Б)арықтау, шөлдеу, гипогликемия

В)ісіктер, әлсіздік, олигурия

Г) әлсіздік, апатия, олигурия



  1. Науқасқа бірінші рет инсулин тағайындалады. Ол медбикеге инсулиннің ағзаға қалай әсер ететінін сұрады. Медбике инсулинді

А)қандағы холестеринніің деңгейін төмендетеді

Б)клетка арқылы қандағы глюкозаның сіңірілуіне қатысады

В)ұйқы безі клеткалардың қызметін реттейді


  1. Диабетикалық комға тән:

А)әлсіздік

Б)жүрек айну

В)ацетон иісі

Г) организмнен қанның бөлінуіне қатысады

Д) ұйқы безінің альфа- клеткалардың қызметін реттейді


  1. Диабетикалық комаға тән:

А)әлсіздік

Б)жүрек айну

В)ацетон иісі

Г) организмнен қанның бөлінуіне қатысады

Д) ұйқы безжінің альфа- клеткалардың қызметін реттейді


  1. Медбике науқасқа инсулин енгізгеннен кейін мынандай белгілер дамуы мүмкін: тремор, терлегіштік, әлсіздік, ашығу сезімі, осыған байланысты мынандай кеңес береді:

А)1 стакан сүт, қара нан

Б)салат


В)тәтті май

Г) томат сок




  1. Қант диабетімен ауыратын науқастарды күту жоспары арқылы, мақсатын анықтау

1. науқастың қандағы қант қалыпты

2. құсу болмайды

3. қантты төмендететін дәрілерддің әсерін түсіндіреді

9. Инсулин енгізгеннен кейін науқаста тез дірілі, аштығу байқалды

А) гипертони ялық криз

Б) гипогликемиялық жағдай

В) коллапс

Г) талма

10. Семіздік ауруы бар науқастарды күтіміне байланысты қандай шаралар қолданылады

А) дұрыс тамақтануын ұщйымдастыру

Б) тері күтімі

В)термометрия

Г) емдік физкультура



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет