Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет19/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



ГЛОССАРИЙ

Қос жарнақ

Магнолиялылар

Лаврлар


Бөріқарақаттар

Сарғалдақтар

БОР
Тест тапсырмасы

1. Магнолия тәрізділер қатарлар тобы.


  1. Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.

  2. Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.

  5. Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

2. Алколоидты өсімдіктер.

  1. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  2. Көкнар , сарғалдақ, эфедра

  3. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма

3. Көкнәрдің гинецейі

  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

4. Кос жарнактылардын тукым жарнагы турады …

А урыктамыршасынан

Б сабакша мен буршйктен

С екі тукым жарнагынан

Д спорадан

5. Темекі кай тукымдастын өкілі …..

А асбуршак тукымдастык

Б кирес гулдилердин

С Алка тукымдасынын

Д астык тукымдасынын

6. Улы алка тукымдасына жататын осимдиктер….

А сасык мендуана кара мендуана

Б беллодона петуня

С картоп петуня

Д томат



    1. апта

(3 балл)

Тақырып : Раушангүлділер тектес бос желектілер

қатарлар тобы – Melophyta Choripetalae.
Жоспар :


  1. Раушагүлділер тұқымдасы

  2. Тобылғылар тұқымдастармағы

  3. Итмұрындар тұқымдастармағы

  4. Алмалар тұқымдастармағы

  5. Қара өрік тұқымдастармағы

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Раушангүлдер тектес бос желектілер қатарлар тобы.

  1. Итмұрындар алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  2. Шамшаттар, қайыңдар, талдар тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлділер тұқымдастары.

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, түңғиықтар тұқымдастары.

Е) Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

2. Раушан гүлдердің жемісі

  1. Көп сүйекті жидек

  2. Дәнек

  3. Сүйекше

  4. Қауашақ

  5. Бұршаққап

3. Табылғылар тұқымдасы тармағы гүлінің формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

4. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Алма, шие, итмұрын, өрік

  2. Қияр, қауын, қарбыз

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

5. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

  1. Алмұрт туысын көрсет?

Pyrus

Angiospermatophyta , magnoliophyta

Bryophyta

Polypodiophyta

Еguisetophyta

7. Алмұрт туысының БОР – ғы санын көрсет?



  1. 17

  2. 7,500

  3. 10,000

  4. 12,500

  5. 15000

8. Алмұрт туысының Қазақстандағы санын көрсет?

  1. 2

  2. 7,500

  3. 10,000

  4. 12,500

  5. 15000


Реферат тақырыптары

              1. Шие туысы - (вишня Cerasus)

              2. Өрік туысы (абрикос - Armeniaca)

              3. Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal


    1. апта

(3 балл)

Тақырып : Бұршақтар тұқымдасы – Fabaceal, Papilionaceal
Жоспар :

  1. Бұршақ тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Сиыр, жоңышқа туысы

  3. Асбұршақ туысы

  4. Беде, жоңышқа туыстары

  5. Фасоль, соя, люпик туыстары

Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.

Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,

жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.

Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая

V. hirsut.

Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.

Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі


    1. дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.

Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.

Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.

Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.

Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.

Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.

Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Реферат тақырыптары

        1. Бұршақтар тұқымдасы

        2. Соя туысы – Glycine

        3. Люпий туысы -(Lupinus)

        4. Фасоль туысы (Phaseolis)

        5. Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum)

        6. Асбұршақ туысы – (горох pisum).

        7. Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa)


Тест тапсырмасы

1. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Картоп, темекі, бұрыш.

  4. Сәбәз укроп,селдери

  5. Мақта , жалбыз тікен, алти.

2. Алқалар тұқымдасына жататын өсімдікер.

  1. Картоп, темекі, бұрыш

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  4. Сәбәз укроп,селдери

Мақта , жалбыз тікен, алти

3. Бұршақтар тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  2. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  3. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

4. Асбұршақ туысын ата?

  1. горох pisum

  2. Бидай, арпа, күріш

  3. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  4. Сәбәз укроп,селдери

5. Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны

    1. 300

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

6. Беде туысы (клевер Trifolium) түрлерінің БОР ғы саны?

    1. 65

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

7. Фасоль туысы (Phaseolis) түрлерінің саны?

    1. 200

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

8. Соя туысы – Glycine түрлер саны?

    1. 40

    2. 2

    3. 3

    4. 4

    5. 5

9. Люпий туысы -(Lupinus) түрлер саны?

    1. 400

    2. 200

    3. 300

    4. 40

    5. 50

5-апта

(4 балл)

Тақырып : Құлқайырлар тұқымдасы – Malvacea.
Жоспар :

  1. Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері

  3. Сельдрейлер тұқымдасының жалпы сипаттамасы


Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары

  1. Құлқайырлар тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

  2. Мақта туысының морфологиялық ерекшеліктері?

  3. Сельдрейлер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

  4. Сібір боршевигі (Н Sibiricum) биіктігі?

  5. Утамыр туысы (bex - Cicuta) сипаттамасы?

  6. Сәбіз туысы – (морковь -Daucus)?

  7. Шатыргүлділер немесе Сельдерейлер тұқымдасы?

  8. Құлқайырлар тұқымдасы?

  9. Мақта туысы – Gossypium?

  10. Петрушка туысы –Petrosetinum?


Тест тапсырмасы

1. Мақта жемісі

  1. Көп сүйекті жидек

  2. Дәнек

  3. Сүйекше

  4. Қауашақ

  5. Бұршаққап

2. Жабайы сәбіз

  1. daucus carota

  2. solonum

  3. Cucurbita maxima

  4. Gassupium herbascum

  5. Tulipa regeli

3. Сәбіздің гүлшоғыры

  1. Күрделі шатыр

  2. Жай шатыр

  3. Себет

  4. Күрделі масақ

  5. Сыпырғы

4. Майлы тукымдары бар осйимдик …

А буршак урмебуршак

Б кунбагыс макта

С карамык

Д тары

5. Құлқайырлар тұқымдасына жататын туыстар.


  1. Бидай, арпа, күріш

  2. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  3. Картоп, темекі, бұрыш

  4. Сәбәз укроп,селдери

  5. Мақта , жалбыз тікен, алти .



6-апта

(4 балл)

Тақырып : Раушандар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар

тобы – Melophita monochlamydel.
Жоспар :

  1. Раушандар тектес біржабынды өсімдіктерге жалпы сипаттама

  2. Шамшаттар тұқымдасы

  3. Қайыңдар тұқымдасы

  4. Талдар тұқымдасы

Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзеді.

Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.

Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр, Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.

Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.

Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.

Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.

Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р40(2), Ро, А40. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.

Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.

Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.

Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.

Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal түрлер саны

А) 900


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


2. Шамшаттар тұқымдасының неше туысы бар?

А) 8-9


В) 20 -10

С) 3-5


Д) 4-8

Е) 500-100

3. Емен туысы (дуб) түрлер саны?

А) 300


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


4. Борда емен туысының Санин көрсет?

А) 19


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


5. Емен туысы (дуб) гүл формуласы?

  1. Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10.

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

6. Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae түрлер саны?

А) 130


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


7. Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae БОР түрлер саны?

А) 64


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


8. Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) түрінің саны?

А) 8


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


9. Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) түрінің гүл формуласы?

  1. Р40(2), Ро, А40.

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

10.Талдар тұқымдасы – Salicaceaе түрлер саны?

А) 400


В) 20

С) 300


Д) 400

Е) 500


7-апта

(4 балл)

Тақырып : Раушандар тектес біріккен желектілер

қатарлар тобы – Melophyta Sympetalae.
Жоспар:

  1. Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобы

өсімдіктеріне жалпы сипаттама.

  1. Шырмауықтар тұқымдасы

  2. Арамсоялар тұқымдасы

  3. Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы

Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.

Шырмауықтар тұқымдасы – Convolaceae. 150түр 50 туысы бар. Негізінен дүниежүзінің тропиктері мен субтропиктерінде азырақ екі ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өседі. Шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар, ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қауырсынды, тілімделген қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі, қосжынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемістері қауашақ, жаңғақша тәрізді.

Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін

200-дей түрі бар. Өмірлік формалары бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР флорасында 30 түр, Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарында 1-3 тен дихазиялы немесе шоқпарбасты гүл шоғында орналасады. Гүл формуласы : Са(5), Со(5), А5, Се(5). Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зоналарда – далалық шырмауық (вьюнок полевой С- arvense) өседі, көп гүлдері ақ, немесе ақшылдау – қызғылт түсті, егістіктің арам шөбі.

Арамсоялар тұқымдасы – Custucaceal. Паразитті өмір сүруіне байланысты вегетативтік органдары редукцияға ұшыраған тұқымдастың 170 түрі бар. Барлық континенттердің тропикалық, субтропикалық елдерінде өседі.

БОР-да 36 түр, Қазақстанда 19 түр кездеседі. Олар екпелі өсімдіктер және ағаштардың паразиттері жапырақтары қабыршақтармен алмастырылған, тамыры ерте өледі, тұқым жарнағы болмайды. Гүлдері ұсақ қызғылт, ақ, сары, гүлшоғыры дихазиялы, шоқпарбас, қысқа масақ. Гүл формуласы :Са5, СО(5), А5, Се(2).

Арамсоя туысы – Cuscuta. (Беде сояу –С. trifolii) негізінен бедеде паразит өмір сүреді. Тимьян арамсояуы С. epithymum бір жылдық өсімдік. Гүлдері ашық – қызғылт, сабақтарында емшекшелері (присоскалар) болады. Беде, жоңышқада паразит өмір сүреді. Зығыр арамсояуы (C. epilinum) зығырда, сиректеу арамшөптерде паразит ретінде өседі.

Алқалар тұқымдасы –Solanaceal. Алқалар тұқымдасының 2300 түрі бар (85 туыс). Шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды. Жапырақтары жай, тұтас тілімделген. Гүлдері монохазий бұйра гүлшоғырына жиналған немесе жекеленген гүлден тұрады, актиноморф аздап зигоморфты. Тостағаншасы 5 тісті, 4 ұялы. Күлте жапырақшалары бір – бірімен біріккен, дөңгелек табақша, трубка тәрізді, қоңырау секілді болып келеді. Аталығы 5, гинецейі ценокарпты 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 2

ұялы, кейбір жағдайда 4-6 ұялы. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ). Көптеген түрлері (картоп, помидор, баклажан, бұрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, кейбіреулері улы алкалоидты, оларды дәрі –дәрмек ретінде пайдаланылады.

Алқа туысы (паслен - Solanum) 1,5 мыңдай түрлері бар. Көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР- да 10 түр кездеседі. Ең маңыздысы картоп (S. tubezosum). Көп таралған түр біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады.

Гүлсерігі актиноморфты күлте жапырағының түсі ашық, сары – сарғыш. Гүл

формуласы : Са(5), СО(5), А5, Се(2). Екі ұялы шырынды жеміс болады. Тамырлары жіңішке , сабағының жер асты бұтағы – столандары болады. Столондардан түйнектер жетіледі. Картоптың бір мыңнан астам тамаққа пайдаланатын, малдарға қоректік әртүрлі техникалық заттар алатын түрлері болады. Темекі туысы- (табан Nicotiana) 100- дей түрі бар. Табиғи жағдайда негізінен Оңтүстік Америка, Австралияда кездеседі. Бұталар шөптесін өсімдіктер. Гүлдерінің күлте жапырақшалары воронка тәрізді немесе қоңырау тәрізді. Кәдімгі темекі (N.tabacum) жабайы түрінде перуде және эквадорда өседі. Көп сорттары бар махорка темекісі (N. rustica), орман темекісі (N. Sulvestris)

отырғызылады.

Бұрыш туысы –(перец Capsicum). Түрлер саны 20-50 – ге дейін жетеді. Жартылай бұта және шөптесін өсімдіктер. Орталық Америкада БОР-дың Оңтүстігінде, Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Біржылдық бұрыш – С.annuum- ның көптеген ащы және салаттың сорттары шығарылған. Басқа туыстардан мына түрлердің маңызы зор : ас памидоры – Lycopersicum esculentum- біржылдық дақыл 600 – дей сорттары бар.



Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы –Labiatae Lamiaceae. Тұқымдасқа 4 мыңдай түр жатады. (200 –ден астам туыс). Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидан басқа құрылықтардың барлығында өседі. Түрлерінің ең көп тараған жері Жерорта теңізі, Орта Азияның шөлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4 қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Қарапайым, қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтарымен, жапырақтары безді түктермен жабылған олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын тұрады. Тостағанша жапырақтары біріккен қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді 5 мүшелі.Күлтесі барлық уақытта 5 мүшелі. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстары да болады. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүл түйіні жоғарғы 4 ұялы әр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады және екі жақтаулы аналық ауызымен аяқталады. Ақтау қалақайдың (яснотка белая - Lamiumalbium) гүлінің формуласы : Cа(5), Со(2+3), А2+3, Се(2). Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, медицинозда қолданылады.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Коллоквиум сұрақтары

  1. Раушандар тектес біріккен желектілер қатарлар тобы өсімдіктеріне жалпы сипаттама.

  2. Шырмауықтар тұқымдасы

  3. Арамсоялар тұқымдасы

  4. Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы

  5. Бұрыш туысы –(перец Capsicum)

  6. Темекі туысы- (табан Nicotiana)

  7. Алқа туысы (паслен - Solanum)

  8. Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus)

  9. Арамсоя туысы – Cuscuta.

  10. Жемістерінің түрлері?


Тест тапсырмасы

1. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік .

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

2. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

3. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня



2- курс 4 семестр бойынша
екінші аралық бақылау



Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір

жабынды өсімдіктер қатарлар тобы – Centrospermae Monochlamydeal.



8 апта

2 балл

Тест


2

Тұқымдары гүл түйіннің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы – Teichiopspermatophyta.

  1. Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы

  2. Көкнәрлар тұқымдасы

Көкнәр туысы

9 апта

2 балл

Бақылау тапсырмалары

Тест


3

Гүл түйіннің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер қатарлар тобы – Teichios permaophyta Sympetalae. Асқабақтар тұқымдасы

  1. Күрделігүлділер тұқымдасы

Жусан туысы

10 апта

4 балл

Глоссарий

Тест



4

Желектілер қатарлар тобы – Corolliflorae. Жалпы сипаттамасы Құртқаштар тұқымдасы Лалагүлдер тұқымдасы Асфоделалар тұқымдасы

11 апта

4 балл

Тест

Реферат



5

Гиациенттер, жуалар, агавалар, меруертгүлділер тұқымдастары

Гиаценттер тұқымдасының жалпы сипаттамасы Жуалар ұқымдасының жалпы сипаттамасы, туыстары

Қасқыржем тұқымдасы


12 апта

3 балл

Бақылау тапсырмалары

Реферат


Тест


6

Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы Қияқөлеңдер тұқымдасы

Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы

Бамбук тәрізділер тұқымдастығы


13 апта

3 балл

Глоссарий

Тест



7

Қоңырбастар тұқымдастармағы Қоңырбас тұқымдастармағы өсімдіктерінің жалпы сипаттамасы

Бидай туыстарының биологиялық ерекшеліктеріАрпа туыстарының биологиялық ерекшеліктері



14 апта

4 балл

Коллоквиум

Тест


8

Астық гүлділер қатары

Тарылар тұқымдастармағы Тарылар тармағына жалпы сипаттама

Жүгері туысы Күріш туысы


15 апта

-


-


Барлығы: 2 аралық бақылау бойынша – 22 балл


Жалпы 2 курс бойынша 4- семестр 1,2 аралық бақылау

ұпай саны – 44 балл


8- АПТА

(2 балл)

Тақырып : Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір

жабынды өсімдіктер қатарлар тобы – Centrospermae Monochlamydeal.
Жоспар:

1. Қалайқалар тұқымдасы



  1. Қалампырлар тұқымдасы

  2. Алабұталар тұқымдасы

  3. Тарандар тұқымдасы

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Қалампырдың жатынының орналасуы

  1. Жоғарғы

  2. Төменгі

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

2.Көкнәрдің гинецейі

  1. Ценокарпты

  2. Төменгі

  3. Жоғарғы

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

3. Жұлдызшөп өсімдігі гүл формуласы.

  1. Са(5)Со (5) А10G(5)

  2. Са5 С05 АsG 5

  3. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  4. Са(5)Со (5) А5+5G(2)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

4. Қалампырлар тұқымдасы.

  1. Сaryophyllaseae

  2. Compositae asteraceae

  3. Cucurbitaseae

  4. Вetylaseae

  5. Gramineae

5. Қалампырлар тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы.

  1. Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары

  2. Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.

  3. Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  4. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары.

  5. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.

6.Жұлдыз шөп (звездчатка- Stellaria) неше жылдық шөп?



  1. Көп жылдық

  2. Төменгі

  3. Жоғарғы

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

7. Қазақстандағы жұлдыз шөптің саны?

  1. 20

  2. 24

  3. 32

  4. 40

  5. 50

        1. Сылдыр шөп туысы (смоловка - Silene) неше жылдық өсімдік?

Бір жылдық

Көп жылдық

Жоғарғы

Апокарпты



Ағайынды

9. Сылдыр шөптің гүлінің формуласы?



  1. Са(5), СО5, А5+5, G(3)

  2. Са5 С05 АsG 5

  3. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  4. Са(5)Со (5) А5+5G(2)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

10. Жарық дәрі туысы (грыжник Herntaria) Қазақстанда түрлер саны?

  1. 4

  2. 24

  3. 32

  4. 40

  5. 50

11. Алабұта туысы (морь chenopodium) дүние жүзі бойынша неше түрі белгілі?

  1. 250

  2. 240

  3. 320

  4. 400

  5. 500

12. Тарандар тұқымдасы – Polyqonaceal түрлер саны?

  1. 900

  2. 240

  3. 320

  4. 400

  5. 500



9- АПТА

(2 балл)

Тақырып : Тұқымдары гүл түйіннің қабырғасына жанаса

орналасқан бос желектілер қатарлар тобы – Teichiopspermatophyta.
Жоспар :

  1. Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы

  2. Көкнәрлар тұқымдасы

  3. Көкнәр туысы

Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтардың барлығында әсіресе қоңыржай, суық климатты обылыстарда, Арктикаға дейін кең таралған. Түрлер саны 3 мыңдай (350 туыс). Олардың барлығының туыстық байланыстылығы тығыз байланысты, морфологиялық айырмашылығы жоқ. Қалыпты жағдайда жапырақтары кезектесіп келетін қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары тұтас немесе тілімделген болып келетін өсімдіктер. Бұларда глюкозиттер жиналады. Олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы бір тектес гүл асты, гүл үсті жапырақтары болмайды. Гүл шоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиморфты, қос жынысты гүл серігі қосарланған.

Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан. 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4, ол бір шеңбер түзеді. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзын, екі қысқа сыртқы шеңбер түзеді. Гинецейі ценокарпты екі жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты екі ұялы. Гүл формуласы Са4 Со4 А2 +4 Cl(2). Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын екі жақтауы ашылды. Дәндерінің эндоспермі болмайды.

Көкнәрлар тұқымдасы (Papaveracea). Құрамында 450 түр 28-30 туысы бар. Шөптесін өсімдіктер тропикалық, субтропикалық, қоңыржай климатты обылыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шеттері тілімделген қосалқы жапырақшалары жоқ. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалойдтар бар : морфин, кодейн, пантопин басқа апиыны бар сүтті шырындары болады. Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиономорфты, сиректеу зигоморфты.

Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде түсіп қалатын 2 данадан тостағанша жапырақшадан, күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлте жапырақшадан тұрады, кейде 12 –ге жетеді. Күлтесі 4 дұрыс қапталған жапырақшадан тұрады. Андроцейі шеңбер спираль бойы мен орналасқан. Олардың саны 4 немесе 6-12 – ден аспайды. Гинецейі целокарпты. Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні 2 немесе көп ұялы. Гүлдері үлкен бояулы. Жемісі қорапша.

Көкнәр туысы – мак Papaver. 120 түрі бар, БОР-да 50, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен бояулы апиын көкнәрі – мак снотворный В Sommifrum май алатын дақыл ретінде себіледі. Құрамында май болады. Медицинада апиын алынады. Шығыс көкнәрі Р. Orentalis гүлі үлкен ашық түсті сәндік үшін егіледі және сеппе көкнәр түрі бар. Гүл формуласы Са2 Со2+2 А Со.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары
1. Крестгүлділер немесе капуста гүлділер тұқымдасы?

2. Көкнәрлар тұқымдасы?

3. Көкнәр туысы?

4. Көкнардың гүл формуласы?

5. Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтағы маңызы?

6. Дәндерінің ендоспермі?



7. Медицинадағы алатын орны?
Тест тапсырмасы

1. Тұқымдары гүлтиіннің қабарғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы.

  1. Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары

  2. Гиацинттер, жуалар тұқымдастары

  3. Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары

  4. Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары

  5. Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары

2. Орталық тұқымды өсімдіктер қатарлар тобы.

  1. Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары

  2. Гиацинттер, жуалар тұқымдастары

  3. Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары

  4. Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары

  5. Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары

3. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

4. Қайыңдар тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшщғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

5. Бұршақтар тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

6. . Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

7. Алколоидты өсімдіктер.

  1. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  2. Көкнар , сарғалдақ, эфедра .

  3. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма

8. Көкнәрдің гинецейі

  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды



10- АПТА

(4 балл)

Тақырыбы : Гүл түйіннің қабырғасына жанаса орналасқан

біріккен желектілер қатарлар тобы – Teichios permaophyta Sympetalae.
Жоспар:

  1. Асқабақтар тұқымдасы

  2. Күрделігүлділер тұқымдасы

  3. Жусан туысы



Студенттер орындайтын тапсырмалар:


ГЛОССАРИЙ

        1. Жусан

        2. Күрделігүлділер

        3. Астралар

        4. Асқабақтар

        5. Андроцей

        6. Гине цей

        7. Тостағанша

        8. Күлте

Тест тапсырмасы

1. Күрделі гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы ( кәдімгі бақ – бақ)

  1. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  2. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

2. Гинецей құрылысы.

  1. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  2. Тамыр,сабақ жапырақ

  3. Андроцей, генецей

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

3. Андроцей құрылысы.

  1. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии

  2. Тамыр,сабақ жапырақ

  3. Андроцей, генецей

  4. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

4. Қантты дақылдар.

  1. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы

  2. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  3. Көкнар , сарғалдақ, эфедра

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма

5. Майлы дақылдар.

  1. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  2. Көкнар , сарғалдақ, эфедра.

  3. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы.

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма.

6. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  2. Қияр, қауын, қарбыз

  3. Алма, шие, итмұрын, өрік

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

7. Асқабақ тұқымдасы.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік.

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня



11- АПТА

(4 балл)

Тақырып : Желектілер қатарлар тобы – Corolliflorae.

Жоспар :



  1. Жалпы сипаттамасы

  2. Құртқаштар тұқымдасы

  3. Лалагүлдер тұқымдасы

  4. Асфоделалар тұқымдасы

Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдас, 63000 түрден тұрады. Негізгі өмірлік формасы шөптесін өсімдіктер (1,2 көпжылдықтар). Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, ол тек сүзгілі түтіктерден, серіктік клеткалардан тұрады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады, жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Дара жарнақтылар гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлар тобына бөлінеді.

Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal. 80 туыс, 1800 түр жатады. Тропик, субтропиктерде, қоңыржай климатты обылыстарда кең таралған. Оңтүстік Африка жер орта теңіз Батыс, Шығыс, Азияда, Оңтүстік Америкада кездеседі. Құрғақ, батпақты жерлерде өсетін тамырсабақты, түйнекті пиязшалы өсімдіктер. Жапырақтары қылыш тәрізді. Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады, қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдері үлкен. Гүлсеріктері актиномофты, сиректеу зигоморфты желек тәрізді түтікше біріккен жапырақшадан тұрады. Аталықтар саны 3. Гүл түйіні үш ұялы. Аналық мойыны жоғарғы жағынан 3 –ке бөлінеді, желек тәрізді жақтаулардан немесе аналық аузынан (рыльце) тұрады. Жемісі қауашақ.

Гүл формуласы : Р3+3 А3 Сl(3) . БОР-да 5 туыс, 166 түр Қазақстанда 5 туыс 34 туыс кездеседі. Құртқашаш (ирис, касамик - Iris) үлкен туыс гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған. Гүл серігі дұрыс (түтікті) аналығының аузы (3) етженді желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүл түйіні 3 ұялы. Жемісі үш қырлы қауашақ олар Солтүстік ендіктің субтропикалық, қоңыржай климатты зоналарында өседі. Кавказ, Орта Азия, Сібір, Қиыр Шығыста және БОР –дың европалық бөлігінде кездеседі.

Лалагүлдер тұқымдасы –Liliaceae. Бұл тұқымдасқа 470 түр (10 туыс) кіреді. Дүниежүзі барлық флорасында кездеседі. Өмірлік формалары ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгі жасыл немесе жаздық жасыл өсімдіктер. Бейімдеушілік процессі эволюциясында терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар пиязшығы (луковицы) тамырсабаққа түйнектерге, өнім түрлеріне айналған. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл серігі қарапайым. Гинецейі ценокарпты сиректеу апокарпты 3,4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Жемісі қауашақ немесе жидек тәрізді.

Лалагүл туысы – (лилия - Lillum). Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-да 15 түр.Баданасы черепица тәрізді болып келеді. Гүлдері үлкен, шашақты, ақ, қызыл, сарыға боялған.

Асфодеалылар тұқымдасы – Asphodelaceal. Бұл тұқымдасқа 46-50 туыс 1400-1450 түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.

Шырыш туысы –(эремурус Eremurus). Ланцет тәрізді жапырақтары топтасып жертаған (розетка) түзетін өсімдіктер. Эремурустар гүл шашағында 800 – дей гүл болады. БОР-да 23, Қазақстанда 13 түр өседі. Сәндік ретінде мәдени жағдайда ендірілген.

Алоэ туысы -(Aloe). 250 түрі бар. Оңтүстік Африка, Мадагаскар аралында өседі. Гүл серігі біріккен жапырақшалардан тұрады. Құстар мен тозаңданады. Ағаш тәрізді алоэ (алоэ древовидное).

Aloe arborescens – көп жылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік суккулент 4м биіктікке дейін жетеді. Жапырағы өте жуан. Өте ерте гүлдейді. Гүлдері қызғыштау сары қоңырау формалы. Гүл шоғыры өсімдіктің ретінде бөлмелерге өсіріліп жапырағынан “Сабур” аталатын шырын медицинада қолданады.


Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Тест тапсырмасы

1. Дара жарнақтылардың неше класы бар?

  1. 4

  2. 4

  3. 8

  4. 10

  5. 13

2. Дара жарнақтылардың неше түрі белгілі?

  1. 63000

  2. 400

  3. 8000

  4. 1000

  5. 130

3. Дара жарнақтылардың неше тұқымдасы бар?

  1. 104

  2. 40

  3. 800

  4. 100

  5. 130

4. Лала гүлдер тұқымдасы гүлінің формуласы (қызғалдақ)

  1. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  2. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  3. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

5. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы

  1. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  2. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  3. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  4. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  5. Р3 + 3 А3 G3

6. Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceal неше туысы белгілі?

А) 80


Б) 20

В)30


Д) 87

7. Даражарнақтылар класының белгілері.



  1. Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.

  2. Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.

  3. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

  4. Споралы өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді

8. Даражарнақтылардың белгілері.

  1. Шашақ тамырлы, жапырағы паралелл жүикелі гүлдері үш мүшелі

  2. Ағаштар, сиректеу бұталар, аналық таметофиті – архегония, аталық тұқымының пайда болуы.

  3. Спорангилері сорустарға жинақталған, қос жынысты өсімдіктер.

  4. Кіндіктамырлы, жапырақтары торлы жүикелі, гүлдері бесмүшелі.

  5. Барлығы


Реферат тақырыптары

Құртқаштар тұқымдасы

Лалагүлдер тұқымдасы

Асфоделалар тұқымдасы



Алоэ туысы -(Aloe).

Шырыш туысы –(эремурус Eremurus).

Лалагүлдер тұқымдасы –Liliaceae.



12- АПТА

(3 балл)

Тақырып : Гиаценттер, жуалар, меруертгүлділер тұқымдастары
Жоспар :

  1. Гиаценттер тұқымдасының жалпы сипаттамасы

  2. Жуалар тұқымдасының жалпы сипаттамасы, туыстары

  3. Қасқыржем тұқымдасы

  4. Меруертгүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Бақылау сұрақтары

Гиаценттер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

Жуалар тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

Қасқыржем тұқымдасы?

Меруертгүлділер тұқымдасының жалпы сипаттамасы?

Жуалар тұқымдасы – Аlliacea?

Жуалар туыстарына сипаттама?

Жуа туысы (Лук - Allium)?

БОР-да, Қазақстанда жуалар таралуы?
Реферат тақырыптары

Қасқыржем тұқымдасы – Asparaqaceal туыстары

Қасқыржем туысы (Спаржа -Asparaqus)

Меруертгүлділер немесе ландыш тұқымдасы – Convallariaceae

Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский – Convallaria majalis)
Тест тапсырмалары

1 Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.


  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

2. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Қияр, қауын, қарбыз

  2. Алма, шие, итмұрын, өрік

  3. Күнбағыс, жусан, бақ-бақ

  4. Капуста, ридиска, бақташы сөмкесі.

  5. Тал, терек, чозеня

3. Гиаценттер тұқымдасына неше туыс жатады?

А. 40


В. 56

С. 47


Д. 58

Е. 60


4. Гиаценттер тұқымдасына неше түр жатады?

А. 900


В. 560

С. 470


Д. 580

Е. 600


5. Жуалар тұқымдасы – Аlliacea неше туысы белгілі?

А. 32


В. 56

С. 47


Д. 58

Е. 60


6. Жуалар тұқымдасына неше түр енеді?

А. 750


В. 560

С. 470


Д. 580

Е. 600


7. Бор –да жуалар тұқымдасының неше туысы бар?

А. 2


В. 5

С. 4


Д. 5

Е. 6


8. Қазақстанда жуалардың неше түрі бар?

А. 109


В. 562

С. 471


Д. 584

Е. 605



13- АПТА

(3 балл)

Тақырыбы : Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы - Glumiflorae .
Жоспар:

  1. Қияқөлеңдер тұқымдасы

  2. Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы

  3. Бамбук тәрізділер тұқымдастығы


Қияөлеңдер тұқымдасы Cyperaceae. Түрлерінің жалпы саны 500 (120 туыс). Ұзын – қысқалы симподинальды өсетін тамырсабағы, тығыз, түпшымдар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Сабақтары үшқырлы сиректеу цилиндр тәрізді, буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғары жағында орналасады, таспалы, таспалы ланцетті, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты жапырақ тәрізді. Жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды немесе редукцияға ұшыраған. Андроцейі бір шеңбердің бойына орналасқан 6 аталықтан, гинецейі немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғары ұялы бір тұқым бүршігі болады. Гүлдері көпжынысты, бір үйлі, екі үйлі.

Қияөлең туысы – Cuperus. Тамырсабақта көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары үшқырлы, сиректеу домалақ. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері дара жынысты аталық түрлерінің 3 аталықты болады. Аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүл формуласы :Р0 А0 G(3) P0 A3 G0. Жемісі үшқырлы жаңғақша. Көп түрлері Солтүстік ендіктің облыстарында кең таралған. Негізгі түрлері : батпақты жерлерде өсетін торсылдақ қиякөлең (осоко пузырчатая С. diandra) қос аталықты қиякөлең, қоян қиякөлең, қосқатар қиякөлең, түкті қиякөлең т.б. Қиякөлеңдердің жапырақтары сояуланған болып, оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңді жылжымалы құмдарды бекітуге, сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.

Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – (Сramineae Poaceae). Дара жапырақтылар класының ішінде ең үлкені, оған 7,5-10 мың түр, 700 туыс жатады. Космополит түрлері құрлықтың барлығында кең таралған. Олар шалғындар мен шөлейт жерлерде кең таралған. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Өркеннің орналасуына қарай өсімдіктер тығыз түптелген, сирек түптелген, тамырсабақты болып бөлінеді. Сабақтары буынан және буын аралықтан тұрады. Көптеген астық тұқымдастарды (бидай, қарабидай, атқонақ) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастардың (жүгері, бөріқамыс) буынаралықтары ұлпалармен толықтырылған. Жапырақтары кезектесіп орнасады. Жіңішке, ұзын паралель жүйкеленген. Қынапшалы ол дегеніміз – трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түпжағы. Олардың гүлдері ұсақ, көріксіз гүлдер шоғырының жай гүлшоғырын күрделі масақ – сыпырғы түзеді. Масақтарда гүлдердің саны әр түрлі астық тұқымдасында бірдей емес, бірден – бірнешеге дейін болады. Гүл түйіні жоғары, барлық уақытта бірғана тұқым бүрі болады. Гүлдерінің формуласы Р(2)+2 А3 Се(2). Жемісі дән. Дән деген бір тұқымды жеміс, онда жеміс қабымен дәннің кебегі бірігіп кетеді. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде – тұқым деп атайды, ал көп мөлшердегісін – астық деп атайды. Тұқымдасты үш тұқым тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Астық беретін дақылдар : бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы т.б.

Бамбук тәрізділер тұқымдастығы. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда шоғырланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік БОР-да саса (Sasa) туысының 3 түрі ғана өседі. Бұл үлкен болмаған өсімдік (биіктігі 3м, диаметрі 1см). Сахалин, Куриль аралдарында кездеседі. Негізгі таралған жерлерінде бамбуктер 40м- ге дейін баратын ұзын өсімдіктер. Масақтары бір –көп гүлді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары

6 (3+3) кейде көп (20-30), аналығы 1.Жемісі дән, кейде жидек тәрізді. Бамбуктер тамырсабақтарымен оңай көбейеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15-20см биіктікке дейін жетеді. Грузияның Батысында бамбуктердің филлострихис (Phyllostahys) және арундинария (Аrindinaria) туыстарының түрлері себіледі. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор құрылыс жұмыстары, су жүретін трубкалар жасау үшін пайдаланылады.




Студенттер орындайтын тапсырмалар:



ГЛОССАРИЙ

Қияөлеңдер тұқымдасы Cyperaceae

Гүлшоғыры

Андроцей


Гүлтүйіні

Қияөлең туысы – Cuperus

Тамырсабақ

Сабақ


Жапырақ

Р0 А0 G(3) P0 A3 G0.

Жеміс

Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – (Сramineae Poaceae)



Космополит

Өркен


Бамбук тәрізділер тұқымдастығы

Тропика


Субтропика

БОР (Sasa)



Тест тапсырмасы

1. Қатты бидай аты?

  1. Tritisum durum

  2. Zea mays

  3. Orisa sativa

  4. Aloe arborescens

  5. Hyacithus vulgaris

2. Дән дегеніміз?

  1. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

  2. Раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

  3. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

  4. Шамшаттар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі (емен)

  5. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

3. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы

  1. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  2. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  3. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  4. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  5. Р3 + 3 А3 G3

4. Репрадуктивтік оргондар.

  1. Андроцей, генецей

  2. Тамыр,сабақ жапырақ

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

5. Гинецей құрылысы.

  1. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы

  2. Тамыр,сабақ жапырақ

  3. Андроцей, генецей

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

6. Андроцей құрылысы.

  1. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии

  2. Тамыр,сабақ жапырақ

  3. Андроцей, генецей

  4. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

7. Астық тұқымдасы.

  1. Gramineae

  2. Compositae asteraceae

  3. Cucurbitaseae

  4. Сaryophyllaseae

  5. Вetylaseae

8. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер.

  1. Бидай, арпа, күріш

  2. Жоңышқа , беде, асбұршақ

  3. Картоп, темекі, бұрыш.

  4. Сәбәз укроп,селдери

  5. Мақта , жалбыз тікен, алти.



14- АПТА

(4 балл)

Тақырып : Қоңырбастар тұқымдастармағы –Poaeoidae.
Жоспар:

  1. Қоңырбас тұқымдастармағы өсімдіктерінің жалпы сипаттамасы

  2. Бидай туыстарының биологиялық ерекшеліктері

  3. Арпа туыстарының биологиялық ерекшеліктері

  4. Сұлы, қоңырбас туыстарының биологиялық ерекшеліктері

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Коллоквиум сұрақтары

  1. Қоңырбастар тұқымдас тармағы –Poaeoidae ерекшеліктері?

  2. Масақшасының саны мен маңызы?

  3. Бидай туысы – (Triticum - пшеница) түр айырмашылықтары?

  4. Табиғи жағдайда өсуінің маңызы?

  5. БОР-дағы түрлер саны?

  6. Өмірлік формасының ерекшеліктері?

  7. Таралуы мен факторлар әсері?

  8. Қатты бидай (Т.durum) маңызы?

  9. Қарабидай туысы (Рожь -sicale) ерекшеліктері?

  10. Таралу аудандарының ерекшеліктері?

  11. Арпа туысы (Ячмень-- Hordeum) ауылшаруашылығындағы маңызы?

  12. Сұлы туысы (Овес -Avena)?

  13. Қоңырбас туысы – (мятлик роа)?



Тест тапсырмасы

1. Қатты бидай

А. Tritisum durum

В. Zea mays

С. Orisa sativa

Д. Aloe arborescens

Е. Hyacithus vulgaris



2. Дән

А. Раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

В. Крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

С. Шамшаттар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі (емен)

Д. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

Е. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі

3. Бидай туысының неше түрі бар?

А. 19


В. 20

С. 45


Д. 58

Е. 56


4. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы

А.Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

В. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

С. Р3 + 3 А3+3 G(3)

Д. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

Е. Р3 + 3 А3 G3

5. Астық тұқымдасы.

А. Compositae asteraceae

В. Cucurbitaseae

Д. Сaryophyllaseae

С. Вetylaseae

Е. Gramineae



6. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер.

А. Бидай, арпа, күріш

В. Жоңышқа , беде, асбұршақ

С. Картоп, темекі, бұрыш.

Д. Сәбәз укроп,селдери

Е. Мақта , жалбыз тікен, алти.

7. Астық тұқымдасына тән, белгілер.


  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

8. . Гинецей құрылысы.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

166. Андроцей құрылысы.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

15- АПТА

Тақырып : Астық гүлділер қатары.

Тарылар тұқымдас тармағы – Paniocidae.
Жоспар :

  1. Тарылар тармағына жалпы сипаттама

  2. Жүгері туысы

  3. Күріш туысы

  4. Құмай туысы

Масақтарының қабықшасы (чешуя) екіден көп масағы барлық уақытта бір гүлді, кейде екінші гүлі пайда болады. Ол аталық гүл болып келеді. Жапырақ тілшелері түкті.



Жүгері туысы (кукуруза - Zea). Бір үйлі өсімдік гүлдері, гүл шоғыры әртүрлі жынысты. Гүл шоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір үйінде үштен аталығы болады. Аталық гүлдері собық аталатын күрделі гүл шоғырына жиналады. Собық жапырақтардың қолтығында орналасады. Олар түрі өзгерген жапырақ жамылғымен оралған. Аналық гүлдің гүл түйіні дөңгелек, мойны жібек жіп тәрізді ұзын болады. Оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаңнан соң өсімдікте собық пайда болып, шашақталып пісіп жетіледі. Жүгеріде өздігінен тозаңдану мүлде жоқ десе де болады. Тозаң аналық аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктерден келіп түседі. Шыққан жері – Мексика жылу сүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Жүгері жарықтықты жақсы көреді. Оларды бір – бірінен қашықтау егеді, күніне 1 литр суды қажет етеді.

Кәдімгі жүгері (кукуруз обыкновенная Zea mays). Биіктігі 2-3 метр бір жылдық шөптесін өсімдік. Мәдени жағдайда өседі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 жылы әкелінген. Россияға Х ғасырда себе бастаған. 8 түр – тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға азықтық, техникалық өсімдік ретінде маңызды. АҚШ –та, Аргентинада және Европада мал азығы үшін Қытай, Индия, Молдово, Грузияда астық беретін дақыл. Сорттары көп : силостық, тамақ өнімдері үшін себіледі.

Күріш туысы (рис - Oryza). Азия, Африка, Австралия, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Бір гүлді масақшалары сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Екі түрі себіледі. Маңыздысы екпе күріш (рис обыкновенный О. Sativa). Орта Азия, Шығыс Азия, Қытайда көптеп өсіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары бар.

Құмай туысы (Сорro - Sorqhum). 40 түрі бар. Олар тропикалық елдердің, Африканың құрғақшылыққа төзімді өсімдіктері. БОР-да себілетін немесе арам шөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған. Сыпырғы тәрізді гүл шоғыры болады. Масақшасы бір немесе екі гүлді. Біреуі қосжынысты, екіншісі аталық болады. Дәні домалақ.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары

  1. Тарылар тармағына жалпы сипаттама?

  2. Жүгері туысының маңызы?

  3. Күріш туысына сипаттама?

  4. Құмай туысының маңызы?

  5. Құмайдың масақшаларының түрлері?

  6. Күріштің сабақтарының ерекшеліктері?

  7. Жүгерінің таралуы мен келіп шығу аймақтары?


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі.


  1. Мұсқұлов Т.Ботаника.А.Мектеп.1975.

  2. Мұхитдинов және т.б.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы.А.РБК.1993.

  3. ВасильевА.С. и др.Ботаника.Анатомия и морфология растений.м.Просвещение.1988.

  4. Ағелеуов Т.Ботаника.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы.А.Рауан.1999.

  5. ВеховВ.В. и др.Практикум по анатомий и морфологий растений.М.Изд.МГУ.1980.

  6. Әметов Ә.Ботаника.А.ҚазҰУ.2000.

  7. Хржановский В.Г.Курс общей ботаники.М.Просвещение.1982.

  8. Жизнь растений.т 1-6 М.1974-1982.

  9. Қазақстан флорасы.т 1-9.А.Ғылым.

  10. Лотова Л.П. Руководство к малому практикуму по морфологии высших растении.

Қосымша.

  1. Новиков В.С.,Губанов И.А.Атлас определитель высших растений.М.Просвещение.1991.

  2. Денисова Г.А. Таңғажайып жасыл әлем.А.Мектеп.1985.

  3. ӘлімқұловаР.,Тәртенова М. Қызықты ботаника.А.Мектеп.1979.

  4. Буш Н.А.Систематика высших растений.М.1959.

  5. Арыстанғалиев С және т.б.Қазақстанның өсімдіктері. А.Ғылым.1977.

  6. ТахтаджянА.Л.Основы эволюционной морфологии покрытосеменных.М-Л.Наука.1964.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті

Бекітемін:

Кафедра меңгерушісі _______

____ ____ 2009ж

Тест сұрақтары.
Факультет: Химия - биология

Кафедра: Химия - иология

Мамандық: 5B011300 - Биология

Пән атауы : Ботаника

Кредит саны 1

Курс: 1,2 семестр: 1,2,3,4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет