ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені " Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/4
Дата25.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#157174
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

  2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

  3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

  4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

  5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №2. Ежелгі дүние өркениеті

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.

Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.

Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.

Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде эсер еткен болса керек», — деп жазады.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.

Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.

Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.

Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гиль-гамеш туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы түрғындары — шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз қүдайла- рын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны» — аспан, «Киі» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ бер- ген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам қүдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бүлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Төурат пен Ӏнжілді қүдай сөзі, не болмаса қүдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз.

Қазіргі заман мәдениетінде шумер-вавилондық математика мен астрономия өз ізін қалдырды. Оған дәлел ретінде күні бүгінге дейін шеңберді 360 градусқа, сағатты 60 минутқа, ал минутты секундқа бөлген шумерлік есептеу жүйесін қолданатынымыз- ды айтсақ та жеткілікті сияқты.

Шумер мәдениетінің тағдырына келеек, шумер елі шапқыншылыққа ұшырап, б.з.д.б. 3-мыңжылдықтың аяғында се¬мит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейін Вавилон, Ассирия мемлекеттері орныққаннан кейін де бүл өркениет адамзат медениетінің теңдесі жоқ үлгісі болып қала береді. Ол өзінің ішкі рухани қуаты мен ізгілік мүраттары арқылы қайтадан жаңғырып, бүгінгі заман бейнесінен қайта көрініс тапты. Осы орайда шумерлердің байырғы отаны Евразия қүрлығы, оның ішінде Қазақстан топырағында болғандығы жөніндегі тарихи деректерді ескере отырып, шумерлер өркениеті мен түркі өлемі мөдениетінің озара тығыз байла- ныста болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Қазірдің өзінде шумер тіліндегі 400-ден аса сөз түрік сөздеріне үқсас сияқты толып жатқан ғылыми түжырымдар осы пікіріміздің айқын дөлелі сияқты.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вави¬лон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродот- тың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір үлы мөдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді.


Қос өзен бойының байырғы түрғындары суға және аспанға табынған. Суға табынушылық, бір жағынан ол қүнарлылық, береке көзі болғандықтан болса, екінші жағынан бүл өңірді талай рет ойрандаған мейірімсіз жауыздық күші болғандықтан қалыптасса керек. Вавилондықтар аспан жарықтарына жай ғана табынып қана қойған жоқ, оның құпия сырларын ашуға да талпыныс жасады. Олар күннің, айдың айналысын және тұтылудың қайталану заң- дылықтарын есептеп шығарды, сонымен қатар вавилондық астрономдар аспан денелерін, яғни жұлдыздарды бақылап зерттеуде тамаша табыстарға ие болды. Б.з.д. V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.

Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық ету үшін балшықтан жаратылған. Вавилондықтар көп құдайларға табынған, солардың ішіндегі ең бастылары: Шамаш — Күн құдайы, Син — Ай құдайы, Адад — Жауын- шашын құдайы, Нергал — Өлім құдайы, Ирра — Соғыс құдайы, Вильги — От құдайы. Вавилон құдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық қасиеттер табылды. Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды, байлық пен мансаптан да бас тартады, күншілдік, даңққұмарлық, өз мүддесін ойлау, түрақсыздық сияқты жат қасиеттер оларға да төн болды. Адам тағдыры осы қүдайлар қолында болды, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай білді. Абыздар шынында да көп білетін — бүған абыздар ортасында дүниеге келген Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері абыздар мен жүлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болған. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғаттан тыс дүние есебінде қүрметтелген. Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және үлы мәдениеттердің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Грек-рим мәдениетінің арасындағы өзара байланыс қандай болса, ассириялықтардың өздерінің оңтүстіктегі көршілері вавилон- дықтарға қатысы да сондай болды. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалым- дар Ассирия патшасы Ашшурбанилпал (б.з.д. 665—635 ж.) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса қүнды шығарма- лары бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішіндегі ең әйгілі, ең бай бүл кітапханада вавилондық өдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ал осы сарайдан табылған «өліп бара жатқан үрғашы арыстан» (б.з.д. VII ғ. Лондон. Британ музейі.) —дүниежүзілік маңызы бар өнер туындыларының қатарына жатады. Денесіне садақ қадалып, енді ең соңғы күшін жинап алып орнынан көтерілуге әрекет жасап тұрған бүл ұрғашы арыстан трагедиялық үлылыққа бөленген. Жан тапсырар алдындағы аласапыран сәтті мүсінші өте әсерлі де, нақты бере білген. Б.з.д. Ассирия өнері патшаның билігін, оның құдіретін дәріптеді. ӀӀ-Сарон патшаның (б.з.д. VII ғ.) сарайында адам бейнесіндегі аса зор, әрі айбынды қанатты бұлақтар бейнеленген. Әрбір бұқаның тура бес аяғы бар. Осы бейнелерді көргенде: «Артық аяғы не үшін қажет болды екен?» — деген сұрақ еріксіз ойға келеді. Белгілі ғалым Л. Любимовтың пікірінше, «Бүлар қайырымды кемеңгерлер, патшалардың салтанатты сарайларын жаулардан қорғаушы күзетшілер, сарайға кіруші әркім жанынан өтіп бара жатқанда — ауыр салмағымен, қозғалысынан, ал алдынан қарағанда —одан да кем соқпас айбарлы сабырлылығымен зәре- қүты қалмай қорқып түруы үшін оған артық аяқ жасалған». (Любимов Л. Ежелгі дүние өнері. — Алматы,1980. — 124-бет).

Ассирияның Алдыңғы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Осылай алдыңғы Азияда өз үстемдігін басқа да елдерге орнатқан жаңа мемлекет орнықты. Оның құрамына Вавилон мен Ассирия, Кіші Азия мен Египет, Мидия, Армения, Сирия және Орта Азия да енген болатын. Өзі бағын- дырған халықтардың мәдениетінен сусындаған Иран мөдениеті негізінен Шумер өркениетінің әсерімен қалыптасқан. Олай болса «Иран шумерлік мәдениетінің екінші үйі болып табылады» де¬ген А. Тойнбидің пікіріне қосылмасқа шарамыз жоқ. Иран мәдениетінің шарықтаған кезеңі — Ахменидтер династиясының үстемділігімен (б.з.б. VI—IV ғ.) түспа-түс келеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №3. Ежелгі дүние қоғамының адамы

Адам, қоғам табиғат туралы ойлар алғашқы кезде аңыз арқылы таралды. Онда жаратушы бар деп есептеді. Аңызда әлем, жер, су, елді мекен, ру - тайпа, жеке адамның өмірі көптеп кездеседі.

Қытай философы Конфуций (б. з. д 551 - 479ж ) адамдар арасында гуманизм, мейірімділік, үстемдік құруы керек. Күнделікті өмірде өзгелерге көмек көрсету, алға қойған мақсатқа өз күшіңмен жету, өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме қағидалары салтанат құрсын. Мемлекет – үлкен отбасы. Оның басқарушысы - Аспан, халықтың ата – анасы сияқты.

Мемлекетті басқарушы адамдардың бойында философтық, әдебиеттің, ғылымның және әкімнің қасиеттерінің бәрі болуы тиіс.

Антикалық пікірдің салиқалы ойларын айтқандар - Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Эпикур.

Платон - мемлекетті парасатты, білімді адамдар басқаруы керек дейді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруін мемлекет дейді.

Платон ( б. з. д 428 - 347 ж ) 30-дан астам философиялық еңбектің авторы. «Парменид»

«Мемлекет» « Мемлекет пен отбасының айырмашылығы жоқ, екіншісі біріншісінің құрамына еніп кеткен» - дейді.

Антикалық дәуірдің ұлы ойшылы – Аристотель. Ол адамның ақылы мен парасатын жоғары күш деп бағалаған. Ой мен даналық жоғары текті адамға тән. Құлдар төменгі сұрыпты адамдар. Қоғамның толық мүшесі емес.

Мемлекет – биліктің жоғарғы формасы. Билеу мен бағындыру қажет, әрі пайдалы. Өйткені адамдар табиғатынан солай, бірі билеу үшін, ал екіншісі бағыну үшін жаралған. Аристотель(б. з. д 384 - 322ж ) грек философы, энциклопедист ғалым. Платонның шәкірті. «Мета физика» « Саясат» атты еңбектері бар.

Қорқыт ата - VІІІ ғ өмір сүрген оғыз - қыпшақ елінің философы. Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы «Қорқыт ата кітабы».

Қорқыт мәңгілік өмір іздейді. Қиыншылыққа мойымай, қарсы тұруға шақырады. Шешен тілімен өлімге қарсы тұратын рухани күшті уағыздайды. Ол – әлем мен табиғат заңдылықтарына байсалдылықпен қарайды. Табиғат байлығын сұлулығын бағалайды. Гуманистік көзқарастың қалыптасуын көздейді.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №4. Қоғамның экономикалық құрылымы
Экономикалық қатынастар үлкенді-кішілі дәрежедегі құрылымды білдіреді. Экономикалық жүйелерді әр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса да, бірқатар елдердің елдік айырмашылықтарына қарамастан үйлестіру тәсілдері (негізінен), меншік нысандары, экономикалық басқару органдары және т.б. бірдей сол бір экономикалық жүйесі болуы ықтимал. Осының айқын мысалы ретінде нақты социализмнің бұрынғы жүйесінің мемлекеттерін капиталистік жүйесі бар елдермен, яғни экономиканы нарықтық ұйымдастыруды жоспарлы үйлестірумен; капиталистік емес елдердегі жеке меншіктің басым рөлімен қоғамдық меншіктің өктемдігімен; нарықтық институттар мен ұйымдардың болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің экономикалық жүйелерінен осы және басқа да белгілермен ерекшеленді. Осының барлығы осы елдердің экономикалық қатынастарының басқа да нақты нысандарында да байқалды.

Экономикалық жүйелердің айырмашылықтары сол немесе басқа елде және қазіргі кезеңдегі жағдайдағы экономикалық құрылыстың ерекшелігіне де айтарлықтай ықпал етеді. Мәселен, дәстүрлі табиғи құрылым басым дамушы елдердің экономикасымен қатар дамыған елдерде технологиялық базасы постиндустриялық технологиялар мен өндірістік күштерге негізделген қазіргі заманы аралас экономикалық жүйелер дамуда. Демек, біз, мысалы, АҚШ пен Мали, Германия мен Того және т.б. сияқты елдердің экономикалық құрылымындағы айырмашылықтың жер мен көктей екеніне көз жеткіздік.

Сөйтіп, экономикалық құрылым экономикалық қатынастардың бағынышты жүйесі ретінде өзінің экономикасын сол бір қағидалармен дамытатын бірқатар елдерге тән. Аталмыш қағидалар экономикалық жүйелердің дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген. Қағидалардың ішінен экономикалық жүйелердің экономиканың технологиялық базисінің, оның өндіргіш күштерінің өзгеруінің ықпалынан дамуын атап өту қажет. Осы байланыс тек соңында ғана байқалса да, ол сол немесе басқа елдің экономикалық құрылымында өзгеріс туындататын елеулі әрі тұрақты фактор болып табылады. Экономикалық құрылымға ықпал ететін тұрақты фактор ретінде қоғамдағы құқықтық институттардың қоғамның саяси құрылымы тарапының технологиялық факторларының негізгі рөлін ішінара толықтыратын ықпалын да жатқызуға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №5. Қоғамның саяси – әлеуметтік құрылысының қалыптасуы.

Қоғам өмірінің саласы — саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» — саяси жануар деп сол кезде — ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол — әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі. Саясаттың екінші жағы — әртүрлі мүддесі бар топтың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу болмақ.

Саяси жүйе әлеуметтік қатынастарды, қоғамдағы өзара әрекеттестікті, қоғам мен мемлекеттің арасында,ы қатынастарды бейнелейді. Демек, қоғамның саяси жүйесі бір ғана саяси институттармен анықталмайды. Оның ауқымы кеңірек. Саяси жүйеге оның бөлшектерін үйлестіру, олардың атқаратын қатынасттері және қоғам мен оынң арасындағы қатынастары кіреді. Оны саяси қоғам деп атайды яғни саяси міндетті қызметті атқаратын, саяси мекемелерді, басқаратын аппараты, билік орындарын, саяси партиялар мен қозғалыстарды және табғы басқаны құратын адамдардың қоғамдық жіктері мен топтардың жиынтығы. Саяси жүйе – мемлекет пен қоғамның арасындағы әлеуметтік саяси өзара әрекеттестіктің тетігі, беріліс, дәнекерші құрылғысы.

Мемлекет — қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты, марксистердің пікірінше, таптық антагонистік қоғамда экономикалық жағынан үстем таптың қолында болады және ең алдымен солардың әлеуметтік қарсыластарын басу үшін пайдаланылады. Мемлекет типі оның қай тапқа қызмет ететініне, демек, түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық базасына қарай анықталады. Қазіргі шетелдік мемлекетке парламентті, авторитарлы, әскери диктаторлық сипаттағы және кейбір басқа да саяси режимдер тән. Мемлекеттің негізгі функцияларын ішкі және сыртқы деп қабылданған. Ішкі функцияларына өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, таптық қарсыластарды жаншу, экономиканы басқару немесе шаруашылық қызметті реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпті сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдениет тәрбие, идеологиялық қызмет және т.б. жатады. Сыртқы функциялары: халықаралық аренада осы берілген мемлекеттің өз мүдделерін басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста қорғау,елді қорғауды қамтамасыз ету, басқа мемлекетті дұрыс қатынастарды дамыту, түрлі әлеуметтік құрылысы бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №6. Ежелгі қоғамдардың рухани өмірі.

Қоғамның материалдық, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар руханилық та аса маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық – адам жетістігінің биік шыңы болып табылады.

Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.

Рухани өмірді зерттеуге Сократ, Платон, Гегель, З.Фрейд, А.Камю, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.

Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің «Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігінде» табиғи материалдық бастамалардан өзгеше затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, «затсыз, идеалды бастама» деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс - әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзіне сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт – кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бірітіп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.

Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана іске асады. «Ақыл – ой дегеніміз – рух» деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар, одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан – жақты, сан алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.

Идеалды, затсыз бастама дегеніміз – сол байланыстар әлемінің адам санасында бейнеленуі.

Бейнелеудің өзі әртүрлі деңгейде, әр түрлі формада болады.

Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.

Адам материалдық игіліктерді ғана тұтынып қоймайды, егер ол өз болмысын тек заттар өндіру мен тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз болар еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызықты, жан – жақты етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа сапасына жетелейді. Таптырмайтын керемет рухани дүниелері арқылы адамдар мәңгілікке қол созады. Егер материалдық игіліктер уақыт өткен сайын өз маңызын жойып, тозып, модадан шығып қалса, ал рухани қазына ғасырдан ғасырға жетіп, жаңа ұрпақтарды таңдандырады, сүйсіндіреді, рахатқа, ләззатқа бөлейді.

Леонардо да Винчидің «Джоконда» атты суретінің салынғанына бірнеше ғасыр өтсе де жаңа ұрпақ оған таң тамаша қалудан танбайды. Руханилық күрделі құрылымы бар әлеуметтік – мәдени құбылыс. Қазақ тілінде бұл мәселеге жан – жақты талдау жасаған С.Е.Нұрмұратов. Ол руханилықты адамның субстанциалдық өзегі ретінде көрсете отырып,оның білімділік, имандылық, моральдық, эстетикалық, философиялық, психологиялық, өнерлік, шығармашылық негіздерін түсіндірген.

Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.

Рухани өндіріс қоғамдық сананы, қоғамдық пікірді тудырады. Оның негізін қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе кері мағынасы бар әртүрлі құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.

С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар немее жоғарғы (абсолютті) құндылықтар және құрал – құндылықтар (инструментальді) құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар, оң және теріс сипаттағы (жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі салыстырмалы түрде екені белігілі, өйткені олардың бәрі адам өмрінің біртұтас әлемін құрайды» деп жазды.

Қоғамдық сана қоғам заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен де тығыз байланысты.

Қоғамдық сана – қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Бұл қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігін білдіреді.

Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Қарапайым сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты.

Теориялық сана ғылыми білімнің құралдарымен жасалған идеялар мен көзқарастардың, ілімдердің жүйесі. Ол жеке адамдардың күшімен жасалады.

Теориялық сана өзінің мәні жағынан қоғамдық болмыстың түпкі байланыстарын, заңдылықтарын білдіреді. Қоғамдық болмыс қоғамдық санада әр қырынан көрінеді. Бұл қоғамдық өмірдің күрделілігімен, жан – жақтылығымен, түсіндіріледі. Қоғамдық сананың формалары шындықтың әртүрлі қасиеттерін бейнелейді. Сондықтан олардың мағынасы ғана емес, тану тәсілі де әртүрлі болады.

Қоғамдық сананың түрлері бір уақытта пайда болмаған. Олар қоғамдық болмыстың күрделеніп, сонымен қатар, адамның танымдық мүмкіндіктерінің жетіле, кеңейе түсуімен байланысты қалыптасып отырған.

Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы – моральдық сана. Моральдық сана қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін, әлеуметтік ұжым болуы мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылыста эстетикалық, сонан соң діни сана пайда болған. Саяси сана таптық қоғамның дамуының жемісі, ал құқықтық сана таптық қоғам дамып, күрделеніп, ондағы жіктеулер нығая түскен кезде қалыптасқан.

Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы екі топқа бөлуге болады: біріншіден, әлемді игерудің рухани практикалық формалары, екіншіден, рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды, саясатты, құқықты, екіншісіне эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет