ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғаламдық экология» пәнінен 5В060800 «Экология» мамандығына арналған Оқу-әдістемелік материал



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі474.5 Kb.
#124121
1   2   3   4

Биосфераның негізгі қасиеттері.

1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.


Өзін-өзін тексеру сұрақтары:

1. Газдық және концентрациялық функция

2. Ғаламдық биосфера эволюциясы
14дәріс.  Табиғат және табиғи ресуртар


  1. Табиғи ресурстар және олардың жіктелуі

  2. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.

            Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

            Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас  күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

            Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.

            Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

            Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.

             Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.

             Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 см қалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда-  0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.

            Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.

            Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.

        Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.

            Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.

            Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.

            Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

            Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады.Себебі,олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар,оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

            Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50 жылға,көмір - 70-80 жылға жетеді.

            Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминейден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.

 

Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шар

Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.

   Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.

 Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

1.Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және  сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.

Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

2.Биосфераны оптимизациялау.

3.Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшінмемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.


Өзін-өзін тексеру сұрақтары:

  1. Табиғи ресурстар және олардың жіктелуі

  2. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

15 дәріс.  Атмосфералық ауаны ластаушы көздер




  1. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер

  2. Атмосфераның ластануын алдын алу жолдары

Ластағыш заттардың  негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару  жарақтарды сынау,  ғарыш кемелер  мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталғанобъектілерден атмосфераға түскен  заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.

    Атмосфера  құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.

Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе  адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.

Атмосфераның  ластану индексін (АЛИ) бағалау  бойынша 1995-2000 жылдар аралығында  ауасы ең көп ластанатын қалаларға  Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары  кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады.

Өйткені аталған қалалардағы  өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.

    Республика  жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

    Атмосфера  тұрақты көздерден шығатылатын  зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген  деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,

металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған.

Сондықтан, атмосфераға  көтерілген қоқыстар мен газдардың  көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер  ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

    Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр.

    Соңғы 2001 жылдың  мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.

    Қ азақстан  жағдайында ауа бассейнінің ластануы  көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.

 Ауа бассейінің  құрамында ауыр металлдардың  болуы да өте қауіпті. Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға  алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану  республика бойынша жоғары болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы, қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен.

   Қазақстан ауа  бассейінің ластануы көршілес  мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.

Қазақстанның  ауа бассейінің де Ресей,Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары өтеп отырады.

Атмосфера ауасын ластайтын  заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн тоннаға  жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20-дан  астам химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын, кадмий мен мырыштыңауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. 2Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек.Оның негізгі көзі – автокөліктер, қорғасын аккумуляторы, қару-жарақ технологиясы. Осы заттармен адамдардың улануы жиі болғандықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, аккумулятор және қорғасын өнеркәсібінде жалпы қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарлыуын реттеу,технологияныжетілдіру, өндіріске қалдықсыз және ағызылымды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күнің қатаң талабы болмақ.

Атмосфераны ластаушы көздер.Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан ол бүкіл жер  шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер  мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғындықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін ббиосфераның құрамдас бөлігі болып табылады.Адам іс-әрекетінің  нәтижесінде ондағы түрлі газдар  және басқа қалдықтар бөлніп шығарлуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор, Атмосфер бүкіл әлемді таза ауа мен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен (О2, N2, СО2 және т.б.) байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу, энергия алмасу және т.б. іс-әрекеттерді, жалпы жер шарындағы тұрақтұлықты жоғары дәрежеде үйлестіріп отырады.

Адам кез келген  қызметі жердің жалпы ресурсына  әсер етеді.

Бұл қызметтердің нәтижесінде  жер ресурстары аяқталуы керек сияқты.

Бірақ, жердің үнемі күн  сәулесінен жаңа энергия алынатынын естен шығармау керек.

Адамзатқа орасан  зор пайдалы ауа бассейні соңғы  жылдары күрделі өзгерістерге  ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың ШМК-сы қалыпты құрамынан өсіп кете сай келмесе, онда ондай ауаны ластанған ауа деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері- өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластауды физикалық (шу, тербеліс, әр түрлі сәуле шығарулар) және химиялық (әр түрлі заттар: ауада-улы газдар және булар, суда және топрықта ауыр металлдардың иондары) деген екі түрін қарастырайық.

Таза ауа компоненттерімен атмосфераның  негізгі ластағыштарын салыстыру  үшін төмендегі кестелерге көіңл  аударайық.
Өзін-өзін тексеру сұрақтары:


  1. Атмосфералық ауаны ластаушы көздер

  2. Атмосфераның ластануын алдын алу жолдар



Тәжірибе 1. Қышқылмен ластанған ауаның өсімдіктерге әсері
Тәжірибе мақсаты: Өсімдіктерге ауаның қышқыл ластанулары келеңсіз ықпал етуіне мысал келтіру керек.

Ақпарат. Қоршаған ортаға үлкен зиян әсіресе (өнеркәсіптік кәсіпорындар,көлік,өрттер) және газ тәрізді әр түрлі заттар зиян келтіреді,соның арқасында атмосфераға белгілі бір мөлшерде зиянды заттар түсіп отырады (боз оксиді (II) және (III),азот оксиді (II) және (IV),күкірт сутекті,көміртек оксиді (II) және т.б).Бұл заттар атмосфералық құбылыс кезінде ,кышқыл жауын түрінде немесе қар түрінде түседі.Ағаштардағы қышқыл тұнбалардың әсерінен зиян келтірушілерді жеңіл жойып,топырақтың және топырақ микроорганизмдерінің химиялық құрамы өзгеріп жатыр.Қышқыл жаңбырларға бірінші кезекте өсімдіктердің жапырақтары және басқа вегетативті бөліктер қатысуда.Жапырақтардың ұтылуы фотосинтездік процесстердің нормалы ағуына кедергі келтіріп жатыр.

Бұл тәжірибе «ЭХБ» класс-кешені көмегімен орындалады. Кешеннің құрал-жабдықтары: 500мл 2 дана тығындылармен колба,нөмірленген колба,газбен толтырылған және тығындымен жабылған колба.№1колба күкіртті газбен толтырылған;№2 колбада күкірт сутегі. Колбаны газбен толтыруды 3 бөлімнен қараңыз.



Кабинеттің құрал-жабдықтары: 250 мл стакан суымен,250 мл дей болатын цилиндр.

Материалдар: жасыл жапырақтар немесе өсімдіктер өрендері. Жұмыс жүрісі: 1.Әр бір колбаға өсімдік бөлшегін салыңыз.

  1. Операцияны келесі үлгімен жасаңыз:рет ретімен колбаның тығындысын ашып, өсімдік өрісін немесе өсімдік бөлшегін жылдам салып,колбаның тығындысын қайта жабыңыз. Колбаға қарай еңкеюге және оның ішіндегі газды иіскеуге болмайды. Өсімдіктерде қандай құбылыс болып жатқанын бақылаңыз.

  2. 2.Дәл солай абайлап (газды иіскемей!) рет ретімен колбаның тығындыларын ашып әрбәр колбаға 100 мл су құйып шығу керек.Колбаны тығындылармен тез жабыңыз.Өсімдіктер пайда болған қышқылдармен сулануы үшін, әрбір колбаны сілкіңіз.Тағы да өсімдіктерді бақылаңыз.Белгілеп қойыңыз,қандай уақыт аралығында өсімдіктер көрнекті өзгеріске ұшырады. Нәтижелердің өңдеуі және қорытындылар


  3. Колба №

    Колбадағы газдың атауы

    Өсімдікпен не болады

    Колбаға енгізгеннен кейін

    Қышқыл жауынның әсерінен кейін

    Өзгерістердің бақылаулар уақыты

    1

    Күкіртті газ (SO2)










    2

    Күкіртті сутегі

    (H2S)










    Бақылаулардың нәтижелерін үйренушікесте түрінде толтырады



  1. Алынған нәтижелер негізінде өсімдіктерге қышқыл жауындар ықпалы туралы қорытынды жасаңыз.


Тәжірибе 2. Аммиакпен ластанған ауаның өсімдікке ықпалы.
Тәжірибе мақсаты: Өсімдікке ауаның аммиакпен ластануының келеңсіз ықпал етуіне мысал келтіру керек.

Ақпарат. Аммиак (NH3) түссіз газды және өткір иісті.Ол ауадан жеңіл және суда жақсы ериді.Ауада жоғарғы концентрацияда (0,5% көлемнен жоғары болса) аммиак көзге және тыныс жолдарына әсер етеді.Ауаның аммиакпен ластануы,өсімдіктермен өсімдік ұлпаларына да кері әсер етеді.Бірақта аммиакты ерітінді түрінде топыраққа салатын болсақ,ол топырақта тыңайтқыш болуы да мүмкін. Бұл тәжірибе «ЭХБ» класс-кешені көмегімен орындалады.

Кешеннің құрал-жабдықтары: 500 мл тығындысымен колба, 20 мл болатын флакон.

Реактивтер мен материалдар: аммиак суы,қағаз фильтрі,полиэтилен (скотч),жапырақ немесе традесканциялар өркендері.

Жұмыс жүрісі: 1.Колбаның түбіне қағаз фильтрді,келесі флакон колбада сынбайтындай етіп салу керек.

2.Суретте көрсетілгендей флаконға жапырақты немесе өсімдік өркенін бекітіңіз. 3.Колбаға аммиак суын 3-4 тамшы тамызып,колбаның тығындысын тез әрі тығыз бекітіп жабыңыз. Тәжірибені сабақтың басында жасап,нәтижесін сабақтың аяғында жазып қойыңыз.



Ауаның ластану ықпалы туралы қорытынды жасаңыз. Сілтілік жауынының аммиактағы реакциясын жазыңыз.
Тәжірибе 3 Ауа құрамындағы көмірқышқыл газын индикаторлық трубканың көмегімен анықтау (қоршаған орта ауасының экспресс-анализі)
Тәжірибе мақсаты: Ауа сапасын баға арқылы сандық құрамын көмірқышқыл газы индикаторлық трубкасының көмегімен анықтау.

Ақпарат. Көмірқышқыл газы (көміртек оксиді (IV), көміртек диоксиді,CO2) – ауаға барлық тірі ағзалардан шығатын газ.Әсіресе өрт немесе отын жаққан кезде осы газ ауаға көп мөлшерде шығарылады. Антропогендік әсерден атмосфераға үздіксіз көп мөлшерде CO2 газы шығып жатыр,соның салдарынан климаттың жылынуы немесе (жылулық эффект) болады. Атмосферада CO2-нің тұрақты мөлшері 0,03-0,04% ды құрайды.Көміртек диаксиді тірі организмдерге улы әсері болмайды: өсімдік оны фотосинтез процесінде қабылдайды.Бірақ ауасы мол сынып бөлмелерінде,оқушыларды шаршатып,белсенділігін төмендетеді.Ал CO2 концентрациясы 5 % болса,онда тұншығу белгілері көрінеді және дұрыс жұмыс істеу мүмкін болмайды (көмірқышқыл газында концентрацияның жоғарлауы,оттегінің концентрациясының төмендеуімен байланысты болып отыр. Индикаторлық трубкалар көмірқышқыл газының концентрациясын дәл анықтауға мүмкіндік береді.Олар сандық санитарлық-химиялық және экологиялық бақылауда қолданылады. Тәжірибе жұмыс барысында көмірқышқыл газы концентрациясын өлшегенде,сіздер шартын анықтап,қандай жағдайда сабақ нәтижесін жоғарлатуға және көмірқышқыл газын антропогенді фактормен өзгеруін анықтау керек.

Бұл тәжірибе мини экспресс лаборатория «Пчелка-У» көмегімен жасалады немесе индикаторлық түтіктер арқылы орындалады.



Құрал-жабдықтар: көмірқышқыл газын анықтауға арналған индикаторлық түтіктер, 3-5 л болатын полиэтилен мешогы,насос үлгі жинағы, термометр,секундомер.

Жұмыс жүрісі: Жұмысты бастамас бұрын индикаторлық трубкамен насосты қалай қолдану керектігін мұқият оқыңыз.

1. Насостың басының көмегімен CO2 ге индикаторлық труканың екі жағын ашыңыз.Индикаторлық трубканың толтырғышының алғашқы болған түсіне мән беріңіз.



Индикаторлық трубканы ашқан кезде стеклоның сынықтарының кесіп кетуінен абайлаңыз.

2. Ауа шығатын насос жағын индикаторлық трубкаға тіркеңіз. 3.Белгілі бір (көше,саябақ) орынның ауасын индикаторлық трубка арқылы жүктеп,индикаторлық трубканы қолдану бойынша нұсқаулықта көрсетілген санға байланысты сорғышпен сору керек.

Ескерту. Индикаторлық трубка арқылы 100см3 ауа 1 толық сорғанда сорылады. Аяқталған сәтте индикатор бойынша сорғышты тексеріңіз (шамамен 1 минут). Индикаторлық терезеде циклдің сорып аяқталғанын дәлелдейтін анық сурет шығады.

4.Толтырғыштың түске боялғанын және толтырғыш столбигінің сорғыштан кейінгі әсер еткен ұзындығын атап көрсетіңіз.Индикаторлық трубканы шкаланың қасына орналастырыңыз,белгіде көрсетілгендей көмірқышқыл газының(C2) мг/м3 жоғарғы концентрациясын және бояудың өзгерісін анықтаңыз. 5.Қажеттілік болған жағдайда CO2 мг/м3 көлемді % формуласы:

С1=(С2*10 -4 *22,4)/М

С1 – көлемді газдың концентрациясы %;
С2 – газдың концентрациясы мг/м3;

М – көмірқышқыл газының молярлық массасы (М=44).



Нәтижелердің өңдеуі және қорытындылар

Алынған нәтижелерді форма бойынша таблицаға толтырыңыз:

Ауа алынған орын

Анализдің шарты

Көмірқышқыл газының концентрациясы

Температура

С

Атмосфералық қысым,мм

мг/м3

%

көше













саябақ













сынып














Алынған нәтижелер негізінде ауаның сапасы туралы қорытынды жасаңыз.

Тәжірибе 3 Ауа құрамындағы көмірқышқыл газын индикаторлық трубканың көмегімен анықтау (қоршаған орта ауасының экспресс-анализі)
Тәжірибе мақсаты: Ауа сапасын баға арқылы сандық құрамын көмірқышқыл газы индикаторлық трубкасының көмегімен анықтау.

Ақпарат. Көмірқышқыл газы (көміртек оксиді (IV), көміртек диоксиді,CO2) – ауаға барлық тірі ағзалардан шығатын газ.Әсіресе өрт немесе отын жаққан кезде осы газ ауаға көп мөлшерде шығарылады. Антропогендік әсерден атмосфераға үздіксіз көп мөлшерде CO2 газы шығып жатыр,соның салдарынан климаттың жылынуы немесе (жылулық эффект) болады. Атмосферада CO2-нің тұрақты мөлшері 0,03-0,04% ды құрайды.Көміртек диаксиді тірі организмдерге улы әсері болмайды: өсімдік оны фотосинтез процесінде қабылдайды.Бірақ ауасы мол сынып бөлмелерінде,оқушыларды шаршатып,белсенділігін төмендетеді.Ал CO2 концентрациясы 5 % болса,онда тұншығу белгілері көрінеді және дұрыс жұмыс істеу мүмкін болмайды (көмірқышқыл газында концентрацияның жоғарлауы,оттегінің концентрациясының төмендеуімен байланысты болып отыр. Индикаторлық трубкалар көмірқышқыл газының концентрациясын дәл анықтауға мүмкіндік береді.Олар сандық санитарлық-химиялық және экологиялық бақылауда қолданылады. Тәжірибе жұмыс барысында көмірқышқыл газы концентрациясын өлшегенде,сіздер шартын анықтап,қандай жағдайда сабақ нәтижесін жоғарлатуға және көмірқышқыл газын антропогенді фактормен өзгеруін анықтау керек.

Бұл тәжірибе мини экспресс лаборатория «Пчелка-У» көмегімен жасалады немесе индикаторлық түтіктер арқылы орындалады.



Құрал-жабдықтар: көмірқышқыл газын анықтауға арналған индикаторлық түтіктер, 3-5 л болатын полиэтилен мешогы,насос үлгі жинағы, термометр,секундомер.

Жұмыс жүрісі: Жұмысты бастамас бұрын индикаторлық трубкамен насосты қалай қолдану керектігін мұқият оқыңыз.

1. Насостың басының көмегімен CO2 ге индикаторлық труканың екі жағын ашыңыз.Индикаторлық трубканың толтырғышының алғашқы болған түсіне мән беріңіз.



Индикаторлық трубканы ашқан кезде стеклоның сынықтарының кесіп кетуінен абайлаңыз.

2. Ауа шығатын насос жағын индикаторлық трубкаға тіркеңіз. 3.Белгілі бір (көше,саябақ) орынның ауасын индикаторлық трубка арқылы жүктеп,индикаторлық трубканы қолдану бойынша нұсқаулықта көрсетілген санға байланысты сорғышпен сору керек.

Ескерту. Индикаторлық трубка арқылы 100см3 ауа 1 толық сорғанда сорылады. Аяқталған сәтте индикатор бойынша сорғышты тексеріңіз (шамамен 1 минут). Индикаторлық терезеде циклдің сорып аяқталғанын дәлелдейтін анық сурет шығады.

4.Толтырғыштың түске боялғанын және толтырғыш столбигінің сорғыштан кейінгі әсер еткен ұзындығын атап көрсетіңіз.Индикаторлық трубканы шкаланың қасына орналастырыңыз,белгіде көрсетілгендей көмірқышқыл газының(C2) мг/м3 жоғарғы концентрациясын және бояудың өзгерісін анықтаңыз. 5.Қажеттілік болған жағдайда CO2 мг/м3 көлемді % формуласы:

С1=(С2*10 -4 *22,4)/М

С1 – көлемді газдың концентрациясы %;

С2 – газдың концентрациясы мг/м3;

М – көмірқышқыл газының молярлық массасы (М=44).



Нәтижелердің өңдеуі және қорытындылар

Алынған нәтижелерді форма бойынша таблицаға толтырыңыз:

Ауа алынған орын

Анализдің шарты

Көмірқышқыл газының концентрациясы

Температура

С

Атмосфералық қысым,мм

мг/м3

%

көше













саябақ













сынып














Алынған нәтижелер негізінде ауаның сапасы туралы қорытынды жасаңыз.
Тәжірибе 4. Дем алған және дем шығарған ауаның құрамын анықтау
Жұмыс мақсаты: Дем алған және дем шығарған ауаның құрамын зерттеп салыстыру.

Ақпарат. Оқушының алдынғы және кейінгі дем алған ауа компонентінің құрамын салыстырмалы мақсатта көмірқышқыл газының ізбес суының лайлануымен салыстыруға болады. Көмірқышқыл газы болатын ауаның әсерінен ізбес суының лайлануының химиялық реакциясы былай жазылады.

Са(ОН)2+СО2=СаСО3+Н2О

Лайлану ерімейтін кальций карбонатының пайда болуымен түсіндіріледі (СаСО3).Ары қарай ауаны өткізген кезде ,еріген кальция карбонатының реакциясы гидрокарбонатқа айналады.

СаСО3+СО2+Н2О=Са(НСО3)2

Колбада ауа өтетін жерде осындай жағдайда лайлану тезірек (немесе мүлдем жоғалып) кетеді. Бұл тәжірибе «ЭХБ» класс-кешені көмегімен орындалады.

Кешеннің құрал-жабдықтары: 50мл колба тығындысымен және Г-үлгісіндегі газ шығаршыш трубкалар 2 дана,шыны мундшук,резиналық трубканың кесіндісі 3 дана,Т – үлгісіндегі шыны тройник.

Реактивтер мен материалдар: ізбес суы,тампон,дезинфиционды ерітінді.

Жұмыс жүрісі: 1.Приборды суреттегідей құраңыз (60бет) 2.Әрбір колбаға ¼ көлемінде ізбес суын құйыңыз. 3.Мундшукты тампонмен мұқият дезинфициондық ерітіндімен сүртіңіз. 4.Ауаны шығарып,мундшуктағы ерітіндіден абайлап ,ауызбен ақырындап мундшук ішіндегі ауаны өзіңізде тартыңыз.Кай прибор арқылы ауа приборға келеді? 5.Демалыңыз және дәл солай енді мундшуттағы ауаны сыртқа шығарыңыз. Кай прибор арқылы ауа прибордан шықты?

6.Мундшук арқылы бірнеше рет демалып,деміңізді іште ұсатаңыз.Қай ыдыста ізбес суы ластанды?



Нәтижелердің өңдеуі және қорытындылар Тәжірибе нәтижелерін дәптерге жазыңыз

Сынақ нәтижесін жасап, ізбес суының химиялық реакциясының шешімін жазыңыз.

Тәжірибе 5.Лас сулардың модельін дайындау (ағанды сулар) және олардың эксперсс анализі
Тәжірибе мақсаты: Ағынды сулармен лас суларды зерттеу. Ақпарат. Қазіргі кезде судың сапасы баршамызды алаңдататын проблемаға айналды. Өкінішке орай суда еритін барлық заттардың көбі пайдасыз немесе денсаулыққа зиян болып отыр. Жоғарғы концентрациялық,құрамында темір болатын судың дәмі жаман болады және трубаларда жағымсыз белгілерін туғызады.Ртуть,свинец,кадмий,мышьяк сияқты элементтер суда ериді және аз концентрацияның өзінде адам денсаулығына зиян болып табылады. Егер оның ішінде қоспа болса,күн сәулесі хлорланған суға түскен жағдайда потенциалдық зиянды заттарды шығара алады. Бұл тәжірибе «ЭХБ» класс-кешені көмегімен орындалады. Кешеннің құрал-жабдықтары: қасық,қайшы,пинцет,пробирка(саны ластануына байланысты),пробирка үшін штатив,ластанған судың экспресс анализіне арналған тест системасы.

Реактивтер:Ластанған суға арналған химиялық ерітіндінитрат,темір тұзы,хлорлы ізбес,тұз қышқылы,натрий гидорксиді (тестті қолдануға байланысты),таза қайнатылған су немесе дистильденген су.Бұл жұмыста гидрохимиялық анализ приборын қолдануға да болады.

Жұмыс жүрісі: 1.Пробиркаға 5 мл су құйыңыз. 2.Пробиркаға бірнеше ластанған тұзды салыңыз. 3.Пробирканың бетін жауып,ішіндегі тұз ерігенге дейін шайқаңыз. 4.Пробирканы штативқа салыңыз,ерітіндінің түсіне және тұнықтылығына мән беріңіз,басқа пробиркадағы ерітінділермен салыстырыңыз 5.Индикаторлық жолақшаның тест сисстеманың шетін қайшымен 5*5мм етіп қиыңыз.

6.Пинцетпен жолақшаның шетінен қысып,ерітіндіге түсіріңіз. 7.Тест системаның белгісінде жазылған уақыт бойынша жолақшаны ұстап тұрыңыз.

8.Тест системаның шкаласындағы түстермен жолақшаның түсін салыстырыңыз.Ластанған концентрациядағы ерітіндінің жоғарғы көрсеткішін анықтаңыз.

Нәтижелердің өңдеуі және қорытындылар

Алынған нәтижелерді форма бойынша таблицаға толтырыңыз:

Ластағыш түрі

Ластанған ағынды судың концентрациясы (мг/л)

Араластыруға арналған таза судың көлемі

ШРК мәні

мг/л


Ескерту.Есепті ШРК анықтама мәндерін қолдану арқылы жүргізіңіз.

Қажетті мүмкін нормаларға дейін кір ағынды суға, таза суды қосуға қажет болатын таза судың көлемін санап,шыққан нәтижелерді таблицаға жазыңыз.
Тәжірибе 6. Полиэтиленнің пайдасы мен зияны
Жұмыстың мақсаты:Қоршаған ортаға қатты объектердің жиналу әсерін зерттеу.

Ақпарат:Негізгі бөлігін бұзылуға төзімділігі жоғары синтетикалық полимерлік материалдар бұйымдары құрайтын қатты қалдықтар маңызыды экологиялық проблема болып табылады.Табиғатта көптеген полимерлерді жоятын микроорганизмдер кездеспейді.Соның нәтижесінде кейбіреуі улы және мутагенді табиғатта жойылмайтын заттар жиналып қалады.

Берілген жұмыс «ЭХБ» класс-комлектінің көмегімен орындалады.



Комплектегі жабдықтар:қайшылар, пинцет, 50 мл болатын екі стакан.

Кабинеттік жабдықтар: спиртовка,ши

Реактивтер және материалдар:натрий гидроксиді ерітіндісі(20%), тұз қышқылы ерітіндісі (1:3), су , мөлдір полиэтиленді пакет,полиэтиленді пакет бөліктері, қағаз парағы.Ерітіндіні дайындауды п.3.3 көріңіз.

Жұмыс тәртібі:

  1. Қолыңызға полиэтиленді пакетті алыңыз.Ол қандай пайдалы қасиеттерге ие? Оны бірінші ауамен,сосын сумен толтырыңыз.Полиэтилен суды немесе ауаны жібере ма?

  2. Шетін қолмен жырту арқылы полиэтиленді және қағазды беріктікке тексеріңдер.

Полиэтиленнен 1х1см болатын бөлігін кесіңіз, оны пинцетпен қысып және отта жағыңдар.Иісі сезіледі ма?

Қауіпсіздікті сақтаңыз:Полиэтилен жанғанда күйікке алып келетін еріген материал тамшысын бөледі.

  1. Полиэтиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

  2. Полиэтилен мен қағаз бөліктерін қышқыл және сілті ерітінділеріне кезекпен малыңдар.Келесі күні бөліктердің сыртқы көрінісін көріңдер және оларды пинцетпен беріктікке тексеріңдер.


Тәжірибе 7. Азық - түлік өнімдері сапасын бағалау және олардағы нитраттар құрамы

Мақсаты: Азық – түлік өнімдерінің сапасын бағалау және олардың құрамындағы нитраттар мөлшері туралы ақпараттар негізінде азық – түлікті рационалды жұтыну дағдысын қалыптастыру.

Ақпарат: Азық – түлік өнімдерінің химиялық заттарымен ластануын бағалау азық - түлік өнімдерінің – көкөністер, жемістер, шырын, тазартылған судың сапасының қатынасымен тікелей байланысты. Азық – түліктің құрамындағы нитраттар құрамы олардың сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, бұл онкологиялық аурулар туралы білімінің артқанының арқасы.

Нитраттар – жер қыртысының табиғи компоненттері болып табылады.Олар әртүрлі қосылыстар түрінде және ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге құнарландырғыш ретінде жер қыртысына енгізіледі.

Нитрат – анион табиғи жағдайда айналымда болады, себебі нитраттар суда жақсы ериді және жер қыртысының элементтерімен байланысқа түспейді.Жер қыртысының және су беттерінің нитраттармен ластануы табиғи жағдайларға емес, нитраттарды ауыл шаруашылығында шектен тыс пайдалануымен байланысты.

Нитраттар өзі онша улы емес, бірақ адам организімінде биохимиялық реакциялар әсерінен нитраттарға айналады.Нитраттар немесе азотты қышқыл тұздары (HNO2) нитраттардан 450 есе улы. Нитраттарды адамдардаң тұтынатын күнделікті белгілі бір мөлшері бар – 5 мг 1 кг салмаққа.

Азық – түліктегі нитраттың мөлшері белгілі мөлшерде болса да, оның көп мөлшері адам организіміне зиянын тигізеді. Азық – түліктегі нитраттар концентрациясын және бір күн ішінде тұтынылған азықтың мөлшері арқылы нитраттар мөлшерін есептеуге болады.Азық – түліктегі нитраттар мөлшерін өлшеген соң оның тұтынуға жарамдылығын анықтап қана қоймай, тұтынудың межелі мөлшерін бағалауға болады.

Бұл жұмысты бірнеше топқа бөлініп жасауға ұсынылған.Әрбір топ әртүрлі азық – түлікті зерттейді.Бұл жұмыс «ЭХБ» класс комплексі көмегімен жасалады.



Комплекттегі жабдықтар: қайшылар, пинцет, скальпель, Петри табақшасы, «Нитрат тест» тест жүйесі.

Тестілеу үшін жабдық: көкеністер(картоп, қияр, капуста, редис және т.б.), жемістер (алма, алмұрттар, банаандар, қарбыздар және т.б.), жасыл (укроп,жасыл пияз, петрушка) минералды және ақуыз су, шырын.

Жұмыс барысы:

  1. Зерттеуге жемістерді, көкөністерді, жасыл шөптерді кесіп дайындаңдар.Әрбір азық-түліктің сыртқы бетін,яғни түсінің қанықтығын, дақтарды және т.б. қасиеттерін сипаттаңдар.Мүмкіндігінше дәмін анықтаңдар.(тәтті,қышқыл,ашты т.б.) Объектерді шырыны шығатындай бөліңіз.

  2. Қораптан «Нитрат тест» тест жүйесінің таяқшасын алыңыз және индекаторлық таяқшадан өлшемі 5х5 мм болатын бөлігін кесіп алыңдар.

Ескерту:Таяқшаның үлкен бөлігін кесіп қоймаңдар,себебі, тест-жүйемен тест азырақ жүргізуге тура келеді.

  1. Таяқшаның кесілген бөлігін пинцетпен қысып, бөлінген шырынмен немесе тестілеу шырынына малыңыз.

  2. Үш минуттан кейін тест-жүйенің қаптамасынан бақылау шкаласымен жұмыс бөлігінің түсін салыстырыңыз және нитраттар мөлшерін анықиаңыздар.


1.Зерттеу нәтижесін кестеге жазыңыз.


Азық-түлік атаулары

Нитраттардың рұқсат етілген шекті мәні мг/кг

Нитраттардың фактылы мөлшері мг/кг

1.Жасыл азық-түлік (мәдениет)

2000




2.Орамжапырақ жетілмеген

900




3.Орамжапырақ жетілген

500




4.Картоп

250




5.Қияр

150




6.Алма

60




7.Ақ уыз

45




2. Зерттелмеген азық-түлік туралы қорытынды жасаңдар.

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Азық-түліктегі нитраттардың мөлшерінің арту себептері?

Адам ағзасындағы нитраттардың мөлшерінің артуы қандай әсерін тигізеді?

Азық-түліктегі нитраттар мөлшерін қалай азайтуға болады?




Тәжірибе 8. Ғаламдық экологиялық мәселелердің үлгілерін жасау (модельдеу) және зерттеу.

Кіріспе. Ғалымдық (глобалды) Экология терминнің жалпы биосфераны зерттейтін, комплексті ғылым үшін 1977 ж. академик М.И. Будько ұсынды. Академик С.С. Шварц «Соңғы кезде адам мен табиғаттың өзара әсерінің ғалымдық мәселелер комплексін анықтау тәжірбиесі, ал бұл мәселені зерттейтін ғылымдар жиынтығын – ғалымдық экология деп атайды» деді.

Ғаламдық экологиялық мәселелерге озон қабатының бұзылуы, «парниктік эффект» мәселесі, қышқылдық жауын мәселесі, биологиялық көптүрліліктің кемуі және т.б. жатады.

Модельдеу – қандай да бір құбылыс, процесс немесе объектіні олардың модельдерін жасап, қарастыру жолымен зерттеу.

Модель (латын тілінен «moduIus» - өлшем, үлгі) – қандай да бір процесс немесе құбылыстың негізгі қасиеттерін қайталайтын аналогы.

Ғаламдық экологиялық модельдеудің негізін салушы американ ғалымы Джей Форрестер. Ол процестерді ЭЕМ-да қайталаған.



Мақсаты: Ғалымдық экологиялық мәселелердің пайда болу механизмдерін осы процестерді модельдеу арқылы зерттеу.

1 – тапсырма. Атмосфералық жауын-шашындардың қышқылдығын зерттеу (қышқылды жауын-шашынның мониторингі)



Қажетті құрал-жабдықтар: өлшегіш цилиндр, ертіндінің рН анықтауға арналған реактивтер.

Жұмысты орындау барысы



  1. Өлшегіш цилиндрді ашық аспан астына қойыңыздар.

  2. Жауын-шашыннан соң алынған су үлгісінің рН-ын анықтаңыздар.

  3. Осы бақылауларды белгілі бір уақыт аралығында (апта, айлар) жүргізіңіздер.

  4. Алынған нәтижелерді 11-кесте түрінде толтырыңыздар.

11-кесте


Тәжірибе №

Жауын-шашын болған күн

Жауын-шашын мөлшері (үлгінің көлемі)

рН
























Нәтижелерді өндеу мен қортындылар

Жауын-шашынның қышқылдығы топырақ пен су қоймалары ағзаларының тірішілік қызметіне мүмкін болатын әсері туралы қортынды жасаңыздар

2-тапсырма. «Парниктік эффект» механизмін моденльдеу.

Қажетті құрал-жабдықтар. Мөлдір пластмасса қорап немес е аквариум, құм (топырақ), суы бар пульверизатор, термометр, қыздырғыш шам.

Жұмыс орындау барысы



  1. Мөлдір пластмасса қорап немесе кішкене аквариумеың түбіне 2-3 см қанындықта қара топырақ немесе құм төсеңіздер. Құм немесе топырақты пульверизатордағы сумен ылғалдаңыздар.

  2. Термометрді картон қойып, дөңгелек басымен жоғары қаратып, грунтқа орналастырыңыздар. Қорапты мөлдір қақпақпен жабыңыздар. Лампаны ыдыстан 20-30 см қашықтықта, жарық термометр шаригіне түсетіндей етіп орналастырыңыздар. Лампаны өшіріп, температураның бөлме температурасының деңгейінде болуын қамтамасыз етіңіздер. Бөлме температурасын жазып алыңыздар. Қақпақты ыдысқа қалдырып, лампаны қосып, термометрдегі температура қөрсеткіштерін әр минут сайыфн 20 минут бойы бақылаңыздар.

  3. Лампаны өшіріп, температура бөлме температурасына дейін түскенше күтіңіздер. Топырақты (грунтты) тағы да сумен ылғандандырып, экспериментті қақпақсыз қайталаңыздар.

Жұмыстың барлық кезендерін, қара топырақты ашық түсті топырақпен ауыстырып, қайталаңыздар.

Нәтижелерді өндеу мен қортындылары

Эксперимент нәтижелерін 12 – кестеге толтырып «Температура – уақыт» координаталарында график (2-сурет) жасаңыздар.

12–кесте





Температура, 0С




Қара топырақ

Ашық топырақ




Қақпақсыз

Қақпақпен

Қақпақсыз

Қақпақпен

1













2













3













4













20















прямая соединительная линия 2

Т,
прямая соединительная линия 1 t, мин

2 – сурет

Алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасаңыздар.

2 Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Қандай экологиялық мәселелер ғалымдық мәселелерге жатады?

2.«Парниктік эффект», қышқылдық жауындар, озон қабатының бұзылуының механизмдері қандай?

3.Ғалымдық экологиялық мәселелерді модельдеу әдісіне сипаттама беріңіздер.








ӘДЕБИЕТТЕР

1 Негізгі әдебиет


1.1 Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. Алматы. 2012ж.

1.2 Джусупова Д.Б. Экологиялық биотехнология. Алматы.2013ж.

1.3 Братков В.В., Геоэкология. Алматы. 2014ж.

1.4 Нұрғызарынов А., Экология және тұрақты даму. Астана. 2014

1.5 Жатканбаев Б. С. Экология негіздері. Алматы. 2010ж.

1.6 Бейсенова Ә. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы. 2004ж.

1.7 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы. Экономика. 2010ж

1.8 Аќбасова А.Ж. Саинова Г.Є. Экология. Алматы. 2003ж.

1.9 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оку –әдістемелік қүрал.

Алматы. Экономика. 2002 ж.


2 Қосымша әдебиеттер


2.1 В .И.Коробкин, Л.В.Передельский «Экология» Ростов-на Дону, 2001.

2.2 А.М. Никаноров, Т.А.Хоружая . «Экология» .М.,2000.

2.3 Т.К. Сағымбаев . Экология және экономика. Алматы. 2007

2.5 А.А. Горелов. Экология. М., 2000.

2.6 Глухов В.В., Лисочкина Т.В., Некрасова Т.П., Экономические основы

экологии Санкт-Петербург « Специальная литература» 2007.

2.7 Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. Москва. 2003.

2.8 Агроэкология/ Под ред. В.А. Черникова. – М.: Колос, 2000. – 536 с.



2.9 А.А. Горелов. Экология. М., 2000.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет