Персоналды таңдау, іріктеу кезеңдері



бет10/16
Дата03.01.2022
өлшемі30.51 Kb.
#450923
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
3.5 Топтық тәсілдер

Бұл топтық(группалық) сұхбат немесе белгілі бір жағдай болған кездегі зерттеулер. Кандидаттарды таңдау – салыстыру немесе группада өзін-өзі көрсету әрекеттерін анализдеу арқылы жасалалды.



3.6 Тестілеу және кәсіптік қасиеттеріне сынақ жүргізу

Бүгінгі күні кандидаттың күй жағдайын көруге, оның ваканттық орныға тиісті екенін, соның ішінде кәсіптік және психологиялық күйін көрсететін тағы бір жол – тестілеу жолы. Бүгінгі күні тестілеуді жүргізетін көптеген компаниялар адам мінезін, ойлау қабілетін, лидерлік және т.б. қасиеттерін көрсететін тестілер жасауға мамандалған.

Қазіргі кезде тестілеу көптеген компанияларда, университеттерде, мемлекеттік мекемелерде өткізіледі. Тестілеудің басты ерекшелігі – кандидаттың бүгінгі күйін, бос орынға дайын не дайын еместігін көрсетеді. Ал кемшілігі – көп қаражат пен бөтен көмек көрсетуді қажет етеді, тесттардың шарттылығы мен шектеулігі кандидатқа толық мінездеме бере алмайды.

Әрбір мекеме тестілеуді өзінің қаржысын, мәдениет ерекшеліктерін ескере отырып енгізу керек.

Персоналды тестілеу - “психологиялық” және “жарты контактылы” іріктеу әдісіне жатқызады. Бұл тестілеу - сұхбат кезіндегі әсерелер ескерілмей, бланкты қалай толтырғандығы есепке алынады.

Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу кезінде тестілік ортамен толық қамтамасыз ету бұл өте маңызды жәйт.

Тест ситуациясының объективтілігі - ең алдымен бүкіл үміткерлерге тест өткізу кезінде бірдей және стандартты жағдайымен қамтамасыз ету, мысалы интеллект тестісіне 10000 адам шақырылды, егер нақ осы тесттің өткізу процедурасы бәріне бірдей жағдайында өткізілсе, онда оның нәтижелерін бір-бірімен салыстыруға келеді.

Тест алдындағы қоқыныш нағыз кедергілерінің бірі болып табылады. Психодиагностардың айтуы бойынша, қорқыныш сезімі бойын билегендердің нәтижелері басқаларына қарағанда нашар болады. Зерттеушілердің айтуы бойынша нәтиже мен қорқыныштың арасындағы байланыс өте күрделі келеді.

Зерттеушілердің ойынша:

Қорқыныш қорқақтардың нәтижесіне кері әсер етеді;

Әрбір тесттік жағдай, ойын немесе зерттеу түрінде болмаса, қорқыныш тудырады, біреулери басқаларға қарағанда жеңіл орындап шығады, ал керісінше әсер еткендерге қиын болады;

Уақыт жетпегенде тест жағдайы қорқынышты күшейтеді;

Үздіксіз қорқыныш пен тест өткізу алдындағы қорқыныш – үлкен кедергілер.

Тесттардың көбісі шаблонға қарап бағаланады, сондықтан осы жұмыспен арнайы көмекші мамандар қатынасады. Көп жағдайда тест қағазында арнайы бос жолдарда қосымша мәліметтер көрсетіледі, оларды да ескеру керек. Тесттің бағалану процесі бірнеше минутта жасалынуы тиіс. Нәтижелерді тек арнайы маман толық қорытындылайды.

Қызметкер қабілетінің және ерекшелігінің объективтілік мәліметтерін көрсететеін бірден-бір тәсіл – психологиялық тестілеу. Осы тәсіл қызметкердің жеке өзіндік мінездемесін көрсетеді. Бірақ психологиялық тестілеу тәсілін жоғары білікті маман өткізу керек, мысалы психолог немесе социолог.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет