Пікір жазғандар



бет22/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Шешім қабылдау қызметі

Шешім қабылдау қызметі жетекшінің бүкіл іс-әрекетінде орталық буын болып табылады деген ереже басқару тео- риясында аксиома болып шықты.

Бұл қызмет басқарудың басқа қызметтерінен азырақ стан- дарттануымен және алгоритмденуімен ерекшеленгендіктен, онда өзіндік субъективті психологиялық факторлардың рөлі зор. Бұл процесті жеңілдететін шешім қабылдаудың көптеген ере- желері, процедуралары мен әдістері бар, бірақ әрбір жетекші мұндағы субъективтік және тіпті интуитивтік факторлардың рөлі қаншалықты зор екенін өз тәжірибесі бойынша біледі. Ше- шім қабылдау қызметі, осыған байланысты басқару теория- сында да, психологияда да зерттеу тақырыбы болып табылады, осының нақ өзі басқарудың тек ғылым ғана емес, өнер екенін

сезінуге мәжбүрлейді. Бұл қызметтің мазмұнын талдау сон- дықтан да бір-бірінен ерекшелікте болатын және өзара тығыз байланысқан екі – ұйымдастырушылық және психологиялық аспектіден тұрады.

Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-құлық тиім- ділігі және жеке алғанда шешім қабылдау негізіне негізделеді. Оның мәні жетекшінің өз мінез-құлқын жағдайдың барлық фак- торларын барынша ескере отырып, тұрғызатынынан және шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл басқарудың қатаң сұл- баларының дамуын, «фирманың классикалық теориясының» қалыптасуын шарттандырды. Бірақ адамға тән психофизиоло- гиялық шектеулер қатаң тиімді мінез-құлық пен шешім қа- былдауды мүмкін болмайтындай етеді, ал мұндағы барлық объективтік факторларды ескеру мүмкін емес. Басты тезисі психологиялық (субъективтік) ерекшеліктер – бұл мінез-құ- лықтың объективті шектеуші факторлары болып табылатын

«шектеулі тиімділік» тұжырымдамасы жасалынды. «Шешім қабылдау мектебі» туындайды, фирманың классикалық тео- риясы мінез-құлық теориясымен алмасады.

Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта екі негізгі – нормативтік және дискриптивтік тәсілдер бар.

Нормативтік тәсіл субъективтік және психологиялық фак- торлардан дерексіздене отырып, шешім қабылдаудың ереже- лерін, идеалдық тәсілдері мен «рецептерін» жасауға бағыт- талған. Дискриптивтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негіз- гілер ретінде ескеруді талап етеді. Бірінші тәсілдің міндеті – шешім қалай қабылданатынын, екіншісінің міндеті – бұл қалай нақты жүзеге асатынын зерттеу. Басқарудың қазіргі теориясы осы екі тәсілді сәйкестендіреді [38].



Шешім қабылдау қызметін ұйымдық талдау келесідей негізгі бағыттардан тұрады:

  1. басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымындағы шешім қабылдау процестерінің орны мен рөлін анықтау және оларды басқарудың басқа қызметтермен өзара әсерлесуі;

  2. ұйымның осы қызметінің жүзеге асуына әлдеқайда күшті әсер ететін ішкі және сыртқы орталардың негізгі өлшемдерін талдау;

  3. басқару шешімдерін қабылдауды жасау процесінің нор- мативтік құрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау;

  4. басқару шешімдерінің негізгі түрлері мен кластарының сипаттамалары;

  5. басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар. Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымын-

дағы рөлі жетекшінің ең маңызды басымдығы ретінде қарас- тырылады. Бұл қызметті бәсеңдету – басқарудың жалпы про- цесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау:

  1. Шешім қабылдау қызметі – стратегиялық жоспарлау процесінің маңызды кезеңі, ол стратегиялық балама мен стра- тегияны жүзеге асыру кезеңдері арасында тұрақтанады. Осы кезде жасалатын шешімдер бүкіл ұйымның қызмет етуі үшін үлкен мәнге ие.

  2. Ол басқарудың басқа қызметтерін жүзеге асырудың өзін- дік мезанизмі түрінде болады, өйткені олардың қажетті ком- поненті болып табылады. Мысалы, ұйым мақсаты олардың ба- ламалары ішінен таңдап алу нәтижесінде айқындалады. Ұйым- дастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты бо- лады. Жоспарлау қызметі дамудың қандай да бір стратегиялық вариантымен ұштасқан. Бақылау қызметін жүзеге асыру да бақылаудың формаларын, әдістерін және кезеңдерін таңдауды білдіреді.

  3. Жетекші іс-әрекетінің кез келген кезеңінде сонда шеші- летін міндеттер мен мәселелерге қол жету дәрежесін бағалау қа- жет. Қойылған мақсатқа жету немесе жетпеуге байланысты, же- текші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы шешім қабылдайды. Сонымен шешім қабылдау қызметі басқару іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет