Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет27/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. 
РҚО-ға не жатады? 
2. 
РҚО апаты қандай жағдай тудырады? 
3. 
РҚО апаты кезіндегі негізгі қорғау шараларына не жатады? 
4. 
Кірпіштен жəне бетоннан жасалған тасалану орны йионданушы 
сəулеленуді неше есеге əлсіретеді? 


46
 
5. 
РҚО апаты кезіндегі əрекет үлгілері қандай? 
6. 
Радиациялық қауіптілік жайлы дабыл хабарын естіген кезде қандай əрекет 
жасау керек? 
7. 
Радиоактивті ластанған ортада қандай əрекет жасау керек? 
8. 
Радиоактивті ластанған аймақтан қауіпсіз жерге барғанда қандай 
əрекеттер жасау керек? 
4-
тапсырма. Химиялық қауіпті апат кезіндегі əрекет үлгілерін 
оқыңыз жəне бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Қоршаған ораны ластаушы техногенді сипаттағы ТЖ тізімінде 
химиялық қауіпті объектілердегі апат пен зілзала маңызды қауіптің 
бірі. Статистика бойынша жыл сайын Ресей Федерациясы аймағында 
химиялық өндірістік кəсіпорындардың химиялық улану заттарды 
ауаға жіберетін жүзге жуық апаттар болады.
Химиялық қауіпті объектілерге (ХҚО) кəсіпорындардың 
химиялық, мұнай өндіруші, химиялық мұнай өндіретін өнеркəсіп 
бөлімі; аммиак қолданатын тоңазтқыштық қондырғысы бар 
кəсіпордары; су тазалау үшін хлор пайдаланатын зарарсыздану 
орындары жатады. Қазіргі таңда елімізде 3000 аса ХҚО орналасқан, 
ал 100-ден аса қалалар жоғары химиялық қауіпті аймақ қатарында. 
Апаттық химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ) - бұл 
ауылшаруашылықта жəне өнеркəсіп орындарында пайдаланылатын 
токсинді химиялық заттар.
Апаттық қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуі
жаппай адамдардың, жануарлардың улануын, өсімдіктердің, судың, 
жердің, өсімдік тұқымдарының зақымдануын тудырады. АХҚЗ əсіресе 
оларды өндіретін кəсіпорындарда көп болады. АХҚЗ мыңдаған 
тонналары тəулік бойына теміржол жəне құбыр жолдары 
транспортымен тасымалданады.
АХҚЗ кең тараған түрлері – аммиак, хлор, көгерткіш қышқыл, 
күкірт сутегі, фосген. Көп жағдайда олар сұйықтық қалыпта немесе 
газға айналған күйде болады. АХҚЗ апат болған жағдайда сұйықтық 
газға айналған күйге ауысады. 
ХҚО маңындағы апат нəтижесінде химиялық зақымдану аймағы 
туындайды, ол адамдар, жануарлар мен өсімдіктерге жаппай зиян 
тигізуші қаупін тудыратын АХҚЗ көп шоғырланған аумақ. АХҚЗ 
тыныс алу жолдары, теріге тию арқылы, шырышты қабық арқылы
жаралар, тамақтану жəне су ішу кезінде адам ағзасына түсуі мүмкін.


47
 
Хлор – қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ. -34С 
атмосфералық қысымда сұйылады. Хлор аласа жерлерде, 
жертөлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады. Хлор буы 
тыныс алу ағзаларын, көз бен теріні, шырышты қабықты қатты 
тітіркендіреді. Теріге тисе күйік пайда болады.
Ұзақ уақыт бойы əсер еткенде өкпені қабындырып, құрғақ жөтелу, 
құсу, тыныс тарылу, қозғалыс əрекетінің бұзылуы, көздің ашуы 
сияқты қиын жағдайға душар етеді. Бұдан көп мөлшерде əсер ету қас 
қағым сəтте өмірден əкетеді. 
Хлор ауадан ауыр екенін ескеріңіз, сондықтан жертөлелерге жəне 
ғимараттың төменгі қабатына енеді. Ғимараттың есік, терезесін бітеу 
нəтижесінде қорғаныс мүмкіндігі 2-3 есеге артады. 
Хлормен уланған адамға алғашқы көмек көрсету: 
 
Зардап шеккен адамды уланған аумақтан шығару немесе 
ғимараттың жоғарғы қабатына шығару; 
 
Зақымданған киімдері мен аяқ киімдерін шешу; 
 
Көп су беру; 
 
Көзін жəне бетін сумен жуу; 
 
Улы заттар ішке енген жағдайда асқазанды жуу немесе лоқсуды 
шақыру керек; 
 
Егер зақымданушы дем алмаса, жасанды дем беру керек; 
 
Тыныштық сақтау. 
Эвакуация кезінде жеке сақтану заттарын (газға қарсы) тағу керек. 
Зақымданған аймақта жел бағытына перпендикулярлық бағытта жүру 
керек. 
Аммиак - мүсəтірге тəн қатты иісті, түссіз газ. Ауамен араласқан 
аммиак жарылғыш қоспа түзеді жəне суда жақсы ериді. Мүсəтір 
спирті – үй шаруашылығында (іш киімдерді жууда, дақтарды 
кетіруде) жəне медицинада пайдаланатын 10 пайыздық аммиак 
ерітіндісі. Сұйық аммиак тоңазытқыш құрылғыларда қолданылады. 
Аммиак ауадан жеңіл жəне апаттық жағдайда ғимараттың жоғарғы 
бөліне ұшады. 
Аммиак буы шырышты қабықты тітіркендіреді, күйдіруді, 
қызаруды жəне тері қышуын, мұрын бітелуін, жөтелді, тыныс 
бітелуін, тамыр соғысының жиілеуін, көз түйілуін, жасаурауды, 
күйікті жəне жара болуды тудырады.
Аммиакпен уланғанға алғашқы көмек көрсету: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет