Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі293.5 Kb.
#128721
түріРабочая программа
1   2   3
Асан қайғы Сәбитұлы .

Асан қайғының атына байланысты өлең, аңыздарды сөз еткенде ең алдымен ауызға алынатын шығарма «Құйрығы жоқ, жалы жоқ...» деп басталатын поэзиялық жолдар. Бұл өзі үлкен бір дүниенің кішкене ғана сынығындай мейлінше аз нәрсе. Оның біз үшін бағалылығы- қазақ жерінің қай түкпірінде де Асанның атымен сақталуы, айтылуы, өзге авторларға телінбеуі. Екіншіден, ұзақ шығарманың шағын үзігі бола отырып, оның бастапқы мазмұны мен түрі жайынан аз да болса, түсінік беруі, демек әуелгі сыры мен сипатын біздің дәуірімізге азды- көпті сақтай жетуі. Осы 4 тармақ өлең жолдарына байыптай қарасаң, оның өмір құбылыстарында, тіршілік аясында үйлесімін таппаған кереғар жайлар-

дың көптігін көріп , күйзеле, күңірене сыр шерткен, далада туып, далада өскен дала тұрғының ғана аузынан шығуға лайықтылығы бірден көңіліңе ұялайды. Одан дала перзенті өзіндік өмір күйімен, өмір салтымен, өзіне тән дүниетаным, көркемдік түсінігімен, сөз түзеу ерекшелігімен көрінеді.

Оның ісі де, сөзі де, тірлігі де өзге елдің, әсіресе, отырықшы елдің тірлік характеріне, арманына ұқсамайды. Көп үшін қажет жайлы жер, жақсы қоныс іздеп, желмаямен күн-түн қатып, сағым қуа жортқан Асанның

көз алдына алдымен даланың тағы құланы мен жыланы келеді. Асан олардың өміріне жетімсіздігі көріп қиналып, күңіренгендей болады.

Бірақ, бұл адам өмірі үшін қажет мәселені толғауға келудің өзіндік бір көркем жолы, тәсілі ғана. Мұны, басқаша айтсақ, адам өмірін бейнелеуге табиғатты суреттеу арқылы келудің алғашқы нұсқасы іспеттес көрініс және ол халқымыздың ауыз әдебиетінде арғы замандардан келе жатқан көркемдік дүниетанымға жат емес, қайта, жақын. Автор өмірлік мәселелерді сөз етпес бұрын, алдымен төңірегінде, көзіне түсіп келе жатқан дала тағыларының өміріндегі «үйлесімдіктері» тізбелеп айтып-айтып алып, кейін дәл сондай тәсілмен негізгі тақырыптарына ауысқандай сыңай білдіреді. Әйтпесе, түптеп келгенде, оның жанын қинайтын мәселе құлан мен жыланның күнкөрісіндегі дәрменсіздіктер

Емес, адам өміріндегі осылайша ашық көрініп тұрған, кереғар жайлар

(автор оларды қалайша көрді,қалай айта білді- ол жағы бізге, әрине, мәлім емес, өйткені олар бізге жеткен жоқ, бірақ оның көкейіндегі негізгі ой адам өміріндегі дәл сондай қайшылықты көріністер болғаны еш шүба туғызбайды). Өлеңнің әрбір екінші жолында «қайтіп күн көрер» деп келетін тіркес бүкіл шығарманың тақырыбы да, идеясы да, мазмұны да.

Бұлай дейтініміз осы тәріздес шығарма тұтас не бір, немесе бірнеше тирада бойынша бір ұйқаспен( тиісті сөздердің не буындардың қайталауымен болмаса осындай риторикалық сұрақтардың қайталауымен) аяқталып отырады. Поэзиямыз үшін бұл да байырғы дәстүр. Оның нақты мысалдары эпикалық туындыларда өте көп. Ұйқас

Үшін жеке буындардың не сөздердің немесе сөз тіркестерінің қайталануы

толғау тирадаларында әрі мазмұн үшін, әрі түр үшін қажет. Осы арқылы

шығарма алдымен көркемдік түрін, пішінін айқындаса (яғни, сол негізде

өз алдына жеке туынды боп қалыптаса), оның мазмұнын да көбіне- көп

сол ұйқасқан сөздер ашықтан- ашық білдіріп тұрады(әрине, сөз бұл арада

риторикалық сұрақ не белгілі бір сөз тіркестері түрінде жасалған толғаулар жайында). Сөз болып отырған шығарма осының нақты мысалы. Мұндағы түбегейлі мәселе-қайткенде қауымның , халықтың

«күн көруіне»( «қайтіп күн көрер») қиындық туғызып отырған қайшылықтарға жауап іздеу, одан құтылудың жолдарын табу жөнінде.

Біздің зманымызға жеткен осы төрт жол өлең шумағы Асан жайындағы аңыздардың негізгі түйіні болумен қатар. Асан туралы сөздердің түпкі

Мазмұнын, басты мақсатын, бағытын білдіреді, сонымен бірге жалпы Асан тұлғасы тарапында да аздаған түсінік береді. Шумақтан көбіне-көп

өмірдің қиын да көлеңкелі жайларын көріп, олардан шығу жолын білмей,

үнемі тығырыққа тығылып, қапаланумен болған қайғылы қарттың бейнесі көз алдыңа келеді. Асанның атына қайғы эпитеттің қосылып айтылуына осы және осындай бір топ өлең- толғау мен олардағы мәселенің қиындығы себепші болғандай. Демек, бұл 4 жол өлең өзінің шағындығына қарамастан Асан туралы аңыздардың барша қасиетін бойына сыйғызып тұрған өзегі есепті.

Асанның «Құлан қайтіп күн көрер» деп басталатын философиялық, патетикалық ұзақ толғауының бізге жеткен шағын үзіндісі толғаудың жеке авторлар творчествосымен жеде-қабыл көріне түскен тұсынан бастап қоғамдық маңызы жоғары мәселелерге байланысты туғанын дәлелдейді,яғни, толғау әуелі баста ерлік, елдік жайлар деңгейінде, белгілі әлеуметтік міндет арқалай пайда болды деген тезисімізді нақтылай түседі.

«Құлан қайтіп күн көрер» үзіндісі өлеңдік түрі жағынан толғауға тән бастапқы, көне сипаттардың бірі- авторға өте қанық, сондай-ақ, тыңдаушысына да онша щүбә туғызбайтын шындықтарды қосарлай, бірінен кейін бірін тізбелей ,жалғастыра айта кеп, негізгі тақырыпқа ауысу, сөйтіп, оны да сол пішінде ашу, анықтау, дәлелдеу тәсілінің арғы

дәуірден жеткен бір нұсқасы,мысалы ретінде көрінеді. Бұл тәсіл кейінгі тұстарда біраз қарапайымдала түсіп, нақты параллелизмдер негізінде өріс алды.

Асанның «Әз Жәнібек ханға айтқаны» делінетін толғау кейін өзіндік дәстүрі бар жеке сала боп қалыптасқан арнау толғауының бізге мәлім алғашқы нұсқалары қатарынан саналады.Жеке адамдардың атына арналып айтылған мұндай толғаулардың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мазмұны жағына қатысты өзгешелігін сөз еткенде, арнау толғауларының, әсіресе, ертеректе хан мен жырау арасында қауым үшін, ру немесе қоғам үшін маңызды мәселелерге байланысты талас ,екі ұдай

Пікір туған жағдайда пайда болғанын атау қажет.Әрбір арнау толғауы

Осы көркем түрдің өз мүмкідігі көлемінде және заманының әрі- берілігіне қарай өзіндік әлеуметтік жүк көтеріп, көбіне-көп көпшілік атынан, қауым атынан айтылғандай және сол көптің мүддесін қорғаушының аузынан шыққандай әсер қалдырады. Ал түр жағынан алсақ, арнау толғаулары жалпы заман жайын қозғайтын дидактикалық толғауларға мүлде ұқсамайды. Хан ісінің терістігін тура өз атынан сынай, әшкерелей отырып, өзіндік ой- түйіндерінің, қорытындыларының қауым үшін дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, Сондықтан мұнда өмір шындықтарын қосарлай тізбелеу негізінде ой түюден гөрі, шығармаға арқау боп отырған мәселені ашуға, айқындауға, оның көпшілік үшін пайда-зияны мен артық-кемін көрсетуге баса назар аударылады.

Бейнелеу, ұқсату пішіндері толғау авторларының өмірді өзінше көру, тану және бейнелеу, тыңдаушысына жеткізу тәрізді таза ұлттық ерекшеліктерін, бояу- нақыштарын танытатын белгілер. Толғауға тән абстракциялау да, көтеріңкі үн де көбіне осы өреде көрініп, өзіндік сипатын айқындайды.

Құладан құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүнін түледі.

Аққу құстың тірегі,

Ен жайлап көлді жүреді,- деген тәрізді тармақтар сырттай қарағанда негізгі тақырыпқа тікелей қатысы жоқ, алыс құбылыстар болса да, толғау үшін қажет бөліктер, осындағы поэтикалық сөйлемдердің әрқайсысындағы кішкентай, шағын шындықтар өзара жиналып, қосыла келіп, негізгі идеяны ашуға өзіндік септігін тигізіп тұр.

Мысалы, автор- құладын мен лашынның бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі

тіршілік күйін суреттеу арқылы негізгі объктісінің өмірінен осының екеуіне де ұқсастық тауып, оның таңдаусыз, талғаусыз қомағайлығы мен

жөнсіз бейғамдығын, салтанат құмарлығын сынайды, т.т.

Асан халық аузындағы аңыздарда жырау деп аталмайды. Мұның екі түрлі себебі болуы мүмкін.Біріншіден, оған Асан атына байланысты өлең, толғаулардың көп сақталмауы себеп болса, екіншіден, Асанның атына қайғы деген анықтауыш қосылғаннан кейін, өзге бір қосымша мінездеменің жалғаса жүруі мүмкін емес еді.

Асанның Жәнібекке айтқан толғауларын оқи отырып, қазақ поэзиясының кейінгі біраз кезеңіне ортақ өзге жайларды да байқаймыз.

Жыраудың ханға не өзге билеушіге көпшілік атынан тура сөз айта,

Ашық пікір білдіре алушылық үлкен әлеуметтік салмағымен бірге, толғау жанрының әуелгі баста осындай биік өреде пайда болып, кейін біраз уақыт бойы қауым мен билеуші арасындағы бірден-бір поэзиялық құрал ретінде қызмет атқарғанын атау қажет.

Ей, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің .

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып , қызып терлейсің,-

Деген жолдар өзінің бүкіл асқақ та жоғарғы үнімен, екпінімен автордың осы тақырыптағы толғауларының негізгі қасиеттерін білдіреді.Автор ханға биіктен сөйлейді, хан ісінің терістігін қауым алдында әшкерелейді, көбіне-көп бұл сөздер дос-жаран адамдардың арасында айтылатын ашық пікірден гөрі, бір-біріне қарсы топтардың бітіспес үні мен үкіміндей естіледі.

Адам концепциясының қойылу, шешілу сипатына қарап,әдебиеттің көркемдік деңгейін тануға да болады.Көптеген әдебиеттер адам бейнесінің алғашқы нышанынан бастап автор ойынан туған типтендірілген жинақтаушы образдар жасауға дейін бірнеше ғасырды бастан өткізген. Қазақ поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады(фольклор емес).

Адам образын жасау деген сөз өскен,өркендеген әдебиеттің түсында ғана туатын көркемдік ұғым. Бірақ соған қарамастан көне дәуірде туған арнау толғауларын осы саладағы алғашқы көркемдік талпыныс ретінде қарауға негіз жоқ емес. Себебі, толғау иелерінің арнау толғауларында

Адам бейнесін жасауды көздемегенін және олардағы адамның көркем бейне дәрежесінен мүлдем қашықтағын ескере отырып, алғаш ең алдымен осы типтес шығармаларда ғана жеке адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы,өзге адам мен қауымға қатысы өз кезеңінің көркемдік құралымен

Арнай сөз болғанын атамасқа болмайды.

Кейінгі ғасырларда кең қанат жайған толғау түрінің бірі-заман, өмір жайындағы толғау болса, мұның да алғашқы кіші-гірім нұсқаларын Асан атына байланысты кездестіреміз.

Асанның заман, өмір жайындағы толғауларының негізгі сипаттарын

«Бұ заманда не ғаріп», «Көлде жүргенқоңыр қаз» ,т.б. өлеңдерінен көреміз.Толғау үшін дәстүрлі суреттеу тәсілдері, әсіресе, замана тақырыбындағы толғауларда толық орын алып отырды.Мұны тек Асан толғаулары ғана емес, кейінгі тұстағы өзге авторлардың толғаулары жайында да айтуға болады.

Заман жайын қозғайтын толғаулардың өзіндік ерекшелігі, олар нақты бір тақырыптың көлемінде қала бермейді.Өмірдің , табиғаттың адам мінез-құлқының әр алуан құбылыстарын тізбелеп баяндай, артық-кемін, жақсылық жамандығын тақпақтай , салалай ,әр түрлі параллельдер арқылы суреттей отырып, тыңдаушысының белгілі мөлшерде тәлім-тәрбие, тағлым алуын көздейді.

Толғаудың әрбір компоненті немесе поэзиялық әрбір сөйлемі автордың, халықтың өмір тәжірибесі негізінде анықталған кіші-гірім түйінді мәлімдеу, баяндау арқылы өзінше бір шағын шындықты, ақиқатты білдіріп, шығармадағы негізгі ойға үн қосып оны қуаттандыра,



қанаттандыра түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет