Программа Форма ф со пгу



бет4/12
Дата11.12.2023
өлшемі232.5 Kb.
#486162
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6-тақырып. Сәуірбек Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі
С.Бақбергенов өмірі мен жазушылық қызметі. Биографиялық повестерінің негізгі ерекшеліктері. «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоян көзге құлаған жұлдыз» повестеріндегі кейіпкерлердің сомдалуы. С.Бақбергенов повестерінің тәрбиелік мәні.
7-тақырып. Қазақ балалар поэзиясы. Өтебай Түрманжанов шығармашылығы Мұзафар Әлімбаев, Мүбәрак Жаманбалинов өмірі мен шығармашылығы
Қазақ балалар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Қазақ балалар поэзиясының ерекшеліктері, даму сипаты. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті мұрасы. «Мен дәрігер боламын», «Білем деме, балам!», «Екі көзім сияқты», «Пеш ішінде күн жатыр», «Тәтті алма», «Екі торғай сайрайды», «Кім нені сүйеді?» өлеңдерінің көркемдігі мен тәрбиелік мәні. Ө.Тұрманжанов – ертегілер шебері. М.Әлімбаевтің балалар әдебиеті мұрасы. «Жұмбақ тас», «Биіктен биікке», «менің ойыншықтарым», «Орақ олақ», «Отпен ойнама», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақ серек, көксерек» жинақтарының маңызы. «Қандай сөздер», «Он саусақ», «аяның алақаны», «Ана тіліне тағзым», «Достың күні досымен», «Екеу дегенше, бекем де», «Жол қайда ұтылды», «Аспандағы әпке және стюардесса» өлеңдерінің көркемдігі, танымдық-тәрбиелік қуаты. М.Жаманбалиновтың балалар әдебиеті мұрасы. Ақын өлеңдеріндегі бала бейнесі. Балалар лирикасындағы юморлық, сатиралық бейнелер. Балалар лирикасында табиғат құбылыстарының суреттелуі. М.Жаманбалинов ертегілерінің ерекшеліктері.
8-тақырып. Әнуарбек Дүйсенбиев, Жәнібек Кәрбозин, Бүркіт Ысқақов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұрсұлтан Әлімқұлов шығармашылығы
Ә.Дүйсенбиев өмірі мен шығармашылығы. Мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналған «Не деу керек?», «Ақтайлақ-ау», «Сыйлық» жинақтарындағы шығармалардың тілі, көркемдігі, тәрбиелік мәні. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға лайық «Доп», «Кішкене болса да, нық шеге», «қайырлы таң, балалар» кітаптарының танымдық-тәрбиелік мәні. «Біз өмірдің гүліміз», «Ағайынбыз бәріміз», «Не деу керек?» өлеңдерінің мәні. Ж.Кәрбозиннің «Атама ұқсайды», «Жайлауда», «Бұзып сөйлеме, түзік сөйле», «Біздің бекен қайда екен?», «Құлақ» т.б. өлеңдерінің тәрбиелік, көркемдік мәні. Б.Ысқақовтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі поэмасының танымдық-тәрбиелік қуаты. Ізгілік пен зұлымдық тартысының шебер бейнеленуі. Қ.Ыдырысов және балалар әдебиеті («Бурыл тай», «Келіңдер, құстар!», «Жаңбыр», «Космосқа жол» т.б. өлеңдерінің көркемдігі, тілі). «Әке жолы» реалистік поэмасындағы заман шындығы. Бала тағдырының бейнеленуі. Н.Әлімқұлов өлеңдеріндегі табиғат суреттері, баланың әсемдік туралы түсінігін қалыптастырудағы ықпалы («Таң», «Шық», «Найзағай» т.б.), балалар өмірінің бейнеленуі («Балалы үй-базар», «Ораз бен Қораз», «Емтихан», «Соңғы оқушы», «Татулық», «Маған әпер баласын», «Төбелес», «Даңққұмар»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет