Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет17/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Есіңізде болсын: баланың есінде оны қызықтыратындар жақсы сақталады.Сондықтан да әр түрлі ойындар ойлап табуға тырысыңыз. Мысалы, баламен Шерлк Холмс немесе барлаушы ойнауға болады. Қиялды дамыту және қалыптастыру жаттығулары, ойындары

1. "Пантомима" ойыны

Бұл ойын қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған.
Баланы дене қимылдарымен, ыммен , дыбыстармен қандай да бір затты(поезд, машина, шайнек) немесе іс-әрекетті (жуыну,шаш тарау, сурет салу, жүзу) бейнелеуін сұраңыз.
Егер бірінші жолы орындай алмаса, қалай жасауға болатынын өзіңіз көрсетіңіз. "Ойлан тап" ойнаңыз: сіздің не бейнелегеніңізді бала ойлап табады, сосын керісінше-баланың не бейнелегенін сіз табуыңыз керек. Күлкілі нұсқалар ойлап табуға тырысыңыз.
2. Көру қиялын дамыту жаттығулары

Балаға әртүрлі аяқталмаған бейнелер кескінделген суретті ұсыныңыз да, осы бейнелерді қолдана отырып, қызықты бір нәрсе салуын сұраңыз. (26-сурет).
Бала сурет салып болған соң, оның не бейнелегені туралы айтып беруін сұраңыз.

26-сурет

3. "Нүктелер" жаттығуы

Балаға мысал түрінде, нүктелерді қосып қалай сурет салуға болатынын көрсетіңіз. Ал енді оның өзінен нүктелерді қоса отырып сурет, бейне салып көруін өтініңіз. Әрбір жағдайда барлық нүктелерді қолдану міндетті емес. ( 27-сурет).

27-сурет

4. "Құрастыру" жаттығуы

Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квдраттарды қолданып, баладан мүмкіндігіншн көбірек заттардың суретін салуын өтінеді. (28-сурет).
Кейбір фигураны бірнеше рет қолдануға, кебіреуін қолданбауға болады. Фигуралардың өлшемдерін өзгертуге болады. Негізгі шарт - басқа фигураларды қосуға болмайды.

Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары

1. "Дыбыстарды анықта" жаттығуы

Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.
Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (20 сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз Мысалы, сіз "сүт" сөзін айтасыз, бала "сиыр" суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де "с". әріпінен басталады

20-сурет

2. Геометриялық фигураларды қабылдауды дамыту

Балаға түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер ұсынылады.
Баладан білетін фигуралардың атын сұрап, ал білмейтін фигуралардың атын өзіңіз айтып беріңіз.
Келесі жолы одан сіз атаған фигуралардың суретін салуды өтінесіз (дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, эллипс).

21-сурет

3. "Фигураларды аяқта" қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы

Балаларға аяқталмаған, сызықпен бейнеленген түрлі геометриялық фигуралардың суреттерін көрсетеді, бірақ олар аяқталмаған. Оны баланың аяқтауын өтінесіз (22 сурет).

22-сурет



28-сурет

5. Вербальді (сөздік) қиялды дамыту жаттығулары

Балаға мынадай ойын ұсыныңыз: "Елестетіп көр, не болады, егер....". Мысалы, мысықтар үшін мектеп ашылыпты, деп елестету. Немесе иттер адамша сөйлейтін болыпты т.с.с.
Баланың ұиялы қаншалықты дамыған болса, ол соншалықты қызықты, өзіндік,соны (оригинальный) нұсқалар ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет