Психологиялық- педагогикалық практикум


-тапсырма жоғарыдағы берілген әдістердің жүргізілу жолдарына талдау жасаңыз. 2 - тапсырма



бет6/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
семинарға қосымша материалдар

1-тапсырма жоғарыдағы берілген әдістердің жүргізілу жолдарына талдау жасаңыз.


2 - тапсырма. Сауалнама әдісін түсіндіріңіз және ұсыныңыз.


Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік - психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі- ашық немесе жасырын, соңғысына «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмей және т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30-40 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс - іріктеудің көрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.

Студенттердің танымдық қызығушылығын анықтауға байланысты дайындалған сауалнама. (Ұ.Б. Төлешова).



  1. Аты-жөні (тегі, есімі)

  2. Таным ұғымын қалай түсінесіз?

  3. Даму дегеніміз не?

  4. Таным мен даму арасындағы байланыс ?

  5. Кәсіби мамандығыңыздың қызығы неде?

  6. Танымдық қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады?

  7. Оқу, білім деңгейінің дамуына қызығудың әсері бар ма? Дәлелдеңіз

  8. Қандай пән сізді көбірек қызықтырады?

  9. Қазіргі таңдағы жоғарғы оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастыру мәселесіне айтар пікіріңіз, қояр талабыңыз қандай?

  10. Университетте сабақтан тыс қандай жұмыстар жүргізіледі? (Оларға көзқарасыңыз?)

  11. Студенттердің танымдық қызығушылықын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? (Оларға көзқарасыңыз)

  12. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, не нәрсемен шұғылдануды ұнатасыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет