116
11.ТҰЛҒА ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
11.1.Тұлғалық типтерді анықтау диагностикасы
Тұлға диагностикасы белгілі бір құбылыстың мәні туралы нақты
және айқын көріністің негізінде құрылуы керек. Психологтар
бірауыздан тұлға феноменінің
өзі психологиялық ғылымның
зерттеуінің базалық обьектілерінің қатарына жатады деп мойындай
отырып, сонымен қатар, тұлға мәнін обьективті анықтау мәселесі мен
оның интерпретациясы күрделі деп санайды.
Психологияда адам тұлғасының нақты базисі деп әртүрлі іс-
әрекеттері жүзеге асырылатын
оның қоғамдық қатынастардың
жиынтығы айтылады. Қоғам тұлғаның қандай да бір сыртқы ортасы
ретінде ғана қарастырылмайды. Ол обьективті қоғамдық қатынастар
жүйесі,
демек мотивтер, ұмтылыстар,
әдеттер және кешенді
қасиеттерден құралатын тұлға құрлымы қалыптасады. Сонымен,
психологияда тұлға жеке адамның қоғамдық қатынастарының
санатына енетін жүйелік сапа деп түсіндіріледі. Бұл жүйелік сапа
жеке адамның заттық іс-әрекетте басқа адамдармен қарым-қатынасы
және өзара әрекеті барысында пайда болады.
Жеке тұлғаны зерттеу оның
психикалық және ақыл-ой
сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтау және
олардың қасиеттерін дамыту туралы ұсыныс-кеңес беру үшін
жүзеге асырылады.
Тұлғаның
көпқырлылығы,
біріншіден,
құрылымына,
екіншіден, күнделікті өмір жағдайына байланысты. Тұлғаның
құрылымының сипаттарын талдауда
қазіргі психологиялық
диагностикада кең тараған әдістердің екі үлкен тобы
қолданылады. Олар: сұрақнамалар және жобалық әдістер. Бұл
әдістер олардың ерекшеліктері, мүмкіндіктері
және белгілі бір
топтарға арналған ережелеріне байланысты.
Тұлғалық сұрақнамалар –бұл тұлғалық қасиеттерді бағалау
және анықтау үшін қолданылатын
әдістемелік құралдар
жиынтығы. Тұлғалық сұрақ-жауапты құрастыру барысында
сұрақтарды топтау, талдау, таңдау
және іріктеу барысында
мынандай түрлерге топтастырылады:
1) тұлғалық типтік сұрақнамалар;
2) тұлғалық ерекшеліктер сұрақнамалары;
3) тұлғалық мотивация сұрақнамасы;