Реферат Пән атауы: Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі Тақырыбы:«Адамгершілік тәрбиесі»


Адамгершілік тәрбиесінің негіздері мен міндеттері



бет2/6
Дата17.04.2024
өлшемі57.14 Kb.
#499094
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Документ (28)

1.Адамгершілік тәрбиесінің негіздері мен міндеттері.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушыладрың бойында мінез – құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір – біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Біздің еліміз егемендік алған тәуелсіз мемлекет жағдайында, жас ұрпақтардың саяси адамгершілігін тәрбиелеу қоғам дамуының басты айқындаушы міндеті болып табылады.
Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын айқындау үшін мораль мәселесіне тоқтамай өту мүмкін емес. Жалпы алғанда, мораль дегеніміз – адамдардың бір – біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез – құлқының нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Моральдың бірнеше түрлері болады. Айталық, 1) ұжымдық мораль ол өзімшілдікпен, менмендікпен және пайдакүнемдікпен сыйыспайды; 2) гуманистік мораль: ол еңбек адамының мәртебесін көтереді, оған деген терең құрметтеу сезіміне толы оның абырой-атағына нұқсан келтіруге төзбестікпен қарайды. Ол адамдар арасындагы шынайы адамгершілік қатынастарды-жолдастық ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын, жеке адам өмірі мен қоғамдық өмірдегі ізгілікті, адалдықты, қарапайымдылық пен кіші- пейілділікті орнықтырады; 3) белсенді, қаракетшіл мораль: ол адамды еңбектегі шығармашылық жаңа жеңістерге, ұжымның және бүкіл елдің өміріне ынта-ықласпен араласуына, табанды күреске жетелейді. Бұл аңықтама да қазіргі дәуір адамына қажетті адамгершілік қасиеттер жинақталып көрсетілген.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: оқушыларға адамгершілік тәрбие беру –барлық мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көз қарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпы адамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мыналар:
1)адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
2)жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке,адамдарға,өз-өзіне деген қарым- қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;
3)ізгілік, парасаттық қасиеттерді тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті – өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.Адамгерімілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез – құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік сезімі мен мінез – құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік тусініктерді менгерудің негізінде туып, балалардың іс әрекеті мен мінез – құлқынан, тәртібінен керініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жузеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, улкенді сыйлауға, мәдени мінез- кұлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдык саналарын, мінез – құлықтарын, езін және өзгелерді әділ багалай білу қабілетін дамытып,карапайым да курделі сезімдер мен карым- қатынастар калыптастыруға ықпал ете білуге үйрету кезделеді. Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарым, мінез- кұлқы мен тәртібін калыптастыруда мектепке дейінгі шақ ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым – қатынасында,оқу- тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды , жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет