Реферат Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»


Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі



бет5/7
Дата24.09.2022
өлшемі30.34 Kb.
#461221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат

Бізді қоршаған заттардың барлығы әдемі: табиғатта да, қоғамда да және адамдар арасындағы қарым-қатынаста да. Тек оны көре білу, сезіне білу, түсіне білу қажет. Осындай білік өскіні әрбір адамның бойында бар. Оларды дамыту –эстетикалық тәрбиелеу. Сондықтан да эстетикалық тәрбие әрқашанда балалардың сауықтыру лагерінде педагогикалық әрекеттің маңызды бөлігі болып табылады.Лагерде рухани-адамгершілік,эстетикалық тәрбие шеңберінде көп нәрсе жасауға болады. Бұл жерде бірнеше бағыттарда қарым-қатынас жасалады. 

Шығармашылық әрекет- бұл адам белсенділігінің ерекше саласы, онда жеке адам өзінің рухани және дене күші көрінісінен ләззат алудан басқа мақсат көзделмейді.Лагердегі шығармашылық әрекеттің негізгі міндеті –балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту болып табылады. 

Сурет салу лагерде балалардың көркемдік қабілеттерін дамытуда үлкен мүмкіндіктер береді.Сурет сала отырып,балалар көркемдеу әрекетінің бірқатар дағдыларын меңгереді, көру жадын бекітеді, түстер мен қоршаған орта формаларын аңғарып,айыра білуге үйренеді.Өз суреттерінде олар өзінің әлемді қабылдауын, өз қиялын қағаз бетіне түсіреді. 

Еңбек тәрбиесі балаларды әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектің педагогикалық ұйымдастырылған түрлеріне тарту үрдісі, оларға аздаған еңбек біліктерін, дағдыларын беру, еңбексүйгіштіктерін, басқа да адамгершілік сапаларын, еңбек мақсаты, процесі мен нәтижесіне эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.
Тұрмыстық өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі балалардың жеке еңбек әрекеттері есебінен оның тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруды қарастырады.Оған төсегін жинау, киімі мен аяқ киімін күтіп ұстау,өзі отырған ортаны таза ұқыпты ұстау кіреді.
Балалардың лагердегі өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне лагерь бойынша, асханадағы кезекшілік те жатады.
Жазғы демалыс жағдайында балалардың жаңаны, бейтанысты танып- білу тілегі жоғалмайды, тек бұл ұмтылыс мектептегі сабақтан басқа формада жүзеге асырылады. Бір жағынан балалар өздеріне мектептен, қоршаған ортадан берілген білімдерін жүзеге асыруға тырысады. Мысалы, саяхаттар, танымжорықтарға шығу, концерт, спектакльдер көру, психологиялық тестілер балаларға өзін жаңа бір қырынан көруге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет